Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Бұрышты өсіру ерекшеліктері

Ақпан айы  - әлі де қыс мезгілі сұрапыл аязбен «қуантатын» кез, бақшашыларға құрметті демалыс алу құқығына толықтай ие болатын кез болса керек. Бірақ те демалатын уақыт жоқ  - осындай уақыттың өзінде өзіне пайдалы іс табуға болады! Соның бірі болып көшетке бұрыш тұқымдарын дайындап, егу табылады. Өйткені тәжірибелі бақшашыларға мәлім болғандай, міне осы ай жақсы көшетті дайындау үшін ең қолайлы ай болып табылады.

Көшетке арналған бұрыш тұқымын әрбіреуі өз әдісімен «шығарады». Кейбіреулері қымбат таңдаулы сұрыпты тұқымды сатып алатын болса, ал басқалары өзіне көбірек сенеді де, оларды ұнатқан пісіп жетілген сұрыптардан өз қолымен дайындауды қалайды. Айтпақшы, соңғы нұсқа аса танымалдыққа ие. Дүкенде тұқымды сатып алған кезде тұқымды таңдауда аса тыңғылықты түрде қарастыру қажет, өйткені осыдан барлық кәсіпорын нәтижесі байланысты болады.

Дайындау және егу

Ештемені қалдырмастан, барлығын технологиялық тұрғыда дұрыс жасау үшін біздің қадамдық нұсқаулықпен салыстырып тексеріңіз:

  1. Егетін күн айдың ортасынан бастап, аяғына дейін уақыт жиегінде сәйкес болатындай мерзімді дәл есептеп алыңыз. Одан басқа, бағбанның астрологиялық күнтізбесімен танысып шығыңыз және осы іске ең қолайлы деген күнінде ғана егіңіз  - кем дегенде, міндетті түрде, ай тола бастағанда.
  2. Егер күзде алдын ала жер қоспасын дайындап алмаған болсаңыз, онда бұны болжамды егетін күнге дейін бір-екі апта бұрын жасаңыз. Қоспаны сатып алуға болады немесе өзіңіз қолдан жасап алсаңыз да болады  - ең бастысы өзен құмның, шымтезек үгіндісінің және қарашіріктің тең бөлігінен тұруы тиіс (оны компост топырағымен де алмастыруға болады).
  3. Тұқымның егу алдындағы өңдеу - залалсыздандыру жұмысын жасаңыз. Ол үшін марганец ерітіндісінің сәл қызғылт түсті ерітіндісін қолдануға болады: соның ішінде тұқымды жарты сағат ұстаңыз. Өңдегеннен кейін оларды жауып алуды ұмытпаңыз.
  4. Өсу ынталандырушымен тұқымды өңдеңіз (шашыңыз), дәкеге орап алыңыз да, үш тәулікке батарея жанына қалдырып қойыңыз  - олар ісінуі қажет.
  5. Шынықтыру жұмыстарын жүргізіңіз - тұқымды тағы үш тәулікке шамамен нөл градусты температурадағы тоңазытқыш камерасына салып қойыңыз.
  6. Шынықтырғаннан кейін егетін кез келеді. Көшет өсетін ыдыстарды жер қоспасымен толықтай толтырып қойыңыз да оған қайнаған су құйыңыз. Суу үшін уақыт беріңіз.
  7. Шағын борозда жасап қойыңыз  - тереңдігі 1,5 сантиметрге дейін. Қатар арасындағы қашықтық кем дегенде 5 сантиметр болуы тиіс.
  8. Қажет болса, тұқымды егіңіз  - кішкене суарып алыңыз.
  9. Ыдыстарды үлдірмен жабыңыз да, жылытатын батарея жанына қойып қойыңыз. Бұл 24-28 градус аясында температураны ұстап тұру үшін қажет.

Еккеннен кейінгі істелінетін әрекеттер

Шамамен бір аптадан кейін алғашқы көктеген кезін байқайтын боласыз. Осы жағдай басталған кезде полиэтилен үлдірді алып тастап, ыдыстарды терезе алдына қойып қойыңыз. Бұл кезеңде өсімдікке оңтайлы температура  - 15-18 градус болады. Көшет жарықтың жеткілікті мөлшерін алатындай жағдай жасаңыз, өйткені ол созылмайтын болады. Сонымен қатар, ара тұра жайды желдетіп тұруды да ұмытпаңыз  - таза ауа да қажет болады.

Шамамен екі аптадан кейін көшетті бірінші рет суару қажет. Жай суды қолданбай, арнайы ерітіндіні (0,5 литр суға ағаш күлінің ас қасығын қосып, араластырыңыз) қолданыңыз. Соңында қажетінше суарып тұрыңыз. Осы мақсаттарға ең жақсы деген су әрбір бағбанға мәлім болатындай,  - бұл еріген су болып келеді.

Осы нұсқаулықтың барлық тармақтарын сақтай отырып, «міндетті емес» тармақтарды ескере отырып, сіз бұрыштың сау көшетін ала алатын боласыз. Сәттілік тілейміз!

Опубликовано: 08 фев 2017
Просмотров: 3348
(Голосов: 1128, Рейтинг: 4.6)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Жеміс-жидек тұқымы
    Акция
    Перец острый Пламя дракона Гавриш изображение 1
    0 отзывов
    Перец острый Пламя дракона Гавриш
    Кол-во в упаковке: 0.1 г
    190 тг 320 тг
    Купить
    Акция
    Перец сладкий Красный бык Гавриш изображение 2
    0 отзывов
    Перец сладкий Красный бык Гавриш
    Кол-во в упаковке: 15 шт
    350 тг 610 тг
    Купить