Раушан гүлінің көктемгі қию кезеңі - жылдағы ең маңызды қию жұмысы, оны міндетті түрде жасау қажет. Тағы оны санитарлық жұмыс деп те атайды. Қию барысында қыста қатып қалған (өліп қалған) барлық құрғақ шыбықтарды, барлық ауру және өнім бермейтін өскіндерді алып тастаймыз.
Толық бейнетаспаны - мақаланың төменгі жағында көріңіз!
Қалай дұрыс қию қажет: Үлкен «түбір» қалдырмаймыз және шамалы қисайтып қиық жасаймыз.
Санитарлық қысқартудың үш маңызды сәті:
1. Өскінді қысқартқан кезде - қиыққа қараймыз. Өзегі ақ түсті болуы тиіс. Егер қоңыр түсте болатын болса - өскіннің сау бөлігіне дейін төменірек қиямыз.
2. Тіпті жіңішке бұтақтарды алып тастаймыз. Бұндай бұтақта жақсы гүл өспейді - сондықтан бізге одан құтылу қажет.
3. Раушан гүлін өсіруді бастаушы адамдар раушан гүлін қиюға аяйды. Одан қорықпаңыз - раушан гүлі жаңа өскін шығарады, дұрыс қиылған гүлге зиян келтірмей, керісінше пайдасын береді.
Әрі қарай қалыпқа келтіріп қысқартамыз.
Өскінді үш ықтималды қию әдісі бар: қатты қиып ала аламыз (үштен бір бөліктен артық биіктікті қалдырамыз), қалыпты (жартысын қалдырамыз) немесе әлсіз (үштен бір бөліктен артық емес қиямыз).
Бұл неменеге әсер етеді:
- Егер қатты қиятын болсақ - негізінен өскіндердің өсуіне жағдай жасаймыз. Егер раушан гүлі әлсіз болып, өсуіне жағдай жасау қажет болатын болса (бұны аса көп істеуге болмайды, және осындай істі жылдан жылға жасамаңыз - бұл өсімдікті әлсіретіп жібереді). Осылай раушан гүлін отырғызғанда да істейді.
- Егер қалыпты қиятын болсақ - раушан гүлінің бүйірінен өскін өсетін болады, бұл бұтақты көлемді етеді. Бүйірінен өскен бұталар бұл жағдайда жіңішкелей және гүлдің өздері ұсақтау болып кетеді.
Барлық өскіндерді бір биіктікте немесе әр түрге қия аламыз.
Егер бір биіктікте қиятын болсақ - барлық гүл қауызы бірдей гүлдейді (тіптен бір мезетте), ал кейін гүлдеуде үзіліс пайда болады. Раушан гүлі екінші рет гүлдеу алдында күш жинай бастайды.
Егер әр түрлі биіктікте қиятын болсақ - гүлдеу алдында созып аламыз, гүлдеу үздіксіз, бірақ молынан гүлдемейтін болады. Сізге ұсынылған нұсқалардың ішінен ең қолайлы деген нұсқаны таңдаңыз.
Тағы бір айтатын ереже: қалың өскіндерді әлсіз, ал әлсіз өскіндерді - қатты қиямыз.
Толық бейнетаспадан қараңыз: