Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Қызанақтың топ-7 алып сұрпы

Жақында ғана салмағы шамамен 250 г қызанақ ірі деп саналса, жемісі 1 кг дейін өсе алатын сұрыптар пайда болумен кеше рекорд қойған рекордсмендер артта қала берді. Бұл жердегі мәселе өсу ынталандырушысында емес, селекционерлердің жете зерттеулеріне байланысты болады. Осындай таңғажайып дүниені учаскеңізге отырғызу ниетіңіз бола ма? Біз 7 аса ірі жемісті сұрып жөнінде айтып береміз, ал ішінен біреуін немесе бірнешеуін таңдау ол өз қолыңызда!

 

Томат Бычье сердце красное, семена

№1 Бычье Сердце (Бұқа жүрегі) қызанағы

Нағыз «қызанақ» дәмі бар жеміс 600 г дейін өседі. Хош иісті, шырынды және қалың қызанақ балғын түрінде айрықша дәмді болады. Олардан түрлі салаттар жасап, өзге тағам түрлеріне де қосуға болады. Ал оларды консервілеу едәуір қиынырақ, өйткені олар құтының тар аузынан өтпейді! Керемет дәмінен басқа, Бычье Сердце (Бұқа жүрегі) қызанағы пайдалы заттарға да бай.

Ашық аспан астында өсірілген бұл сұрып сізге бір бұтадан қызанақтың шамамен 5 кг береді. Егер де оны көшетханаға немесе жылыжайға егетін болса, онда өнімділігі 12 кг дейін арта түседі!

 

 

 

 

Малиновый слон, семена№2Малиновый слон (Таңқұрайлы піл) қызанағы

Бұл сұрып –қабығы жұқа тәтті қызанақты ұнататындар үшін таптырмас көкөніс. Қантты нәзік мәйегі мен керемет хош иісі кез келген тағамның сәнін келтіруге қабілетті. Осы қызанақ түрімен Сізде ашық түсті әдемі тілімдер шығады да, тағамның дәмі мен хош иісі одан бетер қаныға түседі, ал консервіленген түрде қызанақ жаздың жылы күндерін есіңізге салдырады.

Малиновый слон (Таңқұрайлы піл) қызанағы  - өте берік дақыл, биіктігі 2 не одан да көп метрге дейін жете алады. Жемістері дормалақ, қызыл күрең түсті болып келеді. Бір қызанақтың салмағы 700 г дейін жетеді.

 

 

 

 

Томат Оранжевый гигант, семена

№3 Оранжевый гигант (Қызғылт-сары алып қызанақ)

Қанық қызғылт-сары түстегі үлкен қызанақтар тек дәмді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы. Олардың құрамында каротиннің көп мөлшері және шамалы ғана қышқыл бар. Бұндай құрамды Оранжевый гигант (қызғылт-сары алып) қызанағы ас қорыту жолының жұмысы бұзылған және аллергияға бейім адамдарға таптырмас қызанақ болып келеді.

Бір бұтадан алынатын орната өнімділік  - шамамен 5 кг. Бір қызанақтың салмағы  - 700 г. Аса дәмді қызанақтың дәміне рахатта отырып, сау болып тұрыңыз!

 

 

 

 

 

Томат Малиновый гигант, семена

№4 Малиновый гигант (Таңқұрайлы алып))

Осы қызанақтағы дәм қанық, әрі ашық болып келеді. Олар салаттарға, шырындар мен өзге консервациялауға жақсы келеді. Балаларға қызанақты балғын түрінде, тұз немесе қант қосып жеген қатты ұнайды.

Қызыл күрең түсті алып қызанақ биіктікке 1 м дейін өсе алады, бір қызанақтың орташа салмағы - 600 г. Сұрыптың тамаша белгісі болып ол қызанақтың ерте пісіп жетілуі табылады, бұл ағзадағы витамин қорын жылдамырақ толтыруға және қызанақтың керемет дәмін татуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Томат Чудо рынка, семена

№5 Чудо Рынка (Нарық ғажабы) қызанағы

Бір осындай қызанақ барлық отбасы мүшесін тамақтандыра алады, өйткені оның салмағы 1 кг дейін жетеді! Домалақ, қалың және шырынды қызанақ балғын түрінде де, қайта өңделген түрінде де дәмді. Қызанақ консервілеуге жарайды және турап салып жеуде де мінсіз болып келеді. Одан басқа, бұл сұрып өз атауына толықтай сәйкес келеді. Қызанақтар керемет сауда түріне те, жақсы әрі ұзақ уақыт сақталып, ешбір шығынсыз жақсы тасымалданады.

 

 

 

 

 

Томат Сибирский гигант, семена

№6 Сибирский Гигант (Сібір алыбы)

Осы сұрыптың дәмі мен хош иісі мінсіз деуге де болады  - оның шамалы сезінер-сезінбес қышқылды тәтті дәмі бар және онда айрықша жазғы күн сәулесінің хош иісі аңқып тұрады. Осының арқасында Сібірлік алып қызанағын тіптен кез келген тағамға қосуға болады, бұтасынан жұлып алып, бірден жеуге де болады немесе консервілеуге де болады. Одан басқа, қызанақ бета-каротиннің жоғары құрамымен ерекшеленеді, бұл оның денсаулыққа одан бетер пайдасы бар екенін көрсетеді.

Бұталары 2 метр биіктікке жете алады. Қызанақтың орташа салмағы –500 г бастап, 800 г дейін, дегенмен, бөлек түрлері 1 кг дейін де өсе алады! Пісіп жетілу мерзімі бойынша Сібірлік алып қызанағы орташа пісетін сұрыптарға жатады.

 

 

 

 

Томат F1 Биф-Бренди, семена

№7 Биф-Бренди қызанағы

Бұл сұрып қызанақ нарығында жаңа түр болып табылады, бірақ та өзінің алғашқы қолдаушыларын да тауып үлгерді. Биф-Бренди қызанағын тілімдеп кесуде ең жақсы сұрып деп те атауға болады. Қанық қызғылт түстегі алып қызанақтар сөзсіз кез келген тіскебасарларға, салаттарға немесе пиццаға сән береді.

Өсімдік биіктігі жарты метрге дейін жете алады. Осы сұрыптағы қызанақтың пісіп жетілу мерзімі бойынша орташа пісетін сұрыпқа жатады.

 

Опубликовано: 14 фев 2017
Просмотров: 7987
(Голосов: 3860, Рейтинг: 4.8)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Жеміс-жидек тұқымы
    • Керемет ұсыныс!
    • Топ продаж
    Акция
    Томат Сибирский гигант Гавриш изображение 1
    2 отзыва
    Томат Сибирский гигант Гавриш
    Кол-во в упаковке: 0.05 г
    350 тг 610 тг
    Купить
    Акция
    Томат Малиновый слон Гавриш изображение 2
    0 отзывов
    Томат Малиновый слон Гавриш
    Кол-во в упаковке: 0.05 г
    220 тг 370 тг
    Купить
    Акция
    Томат Бычье сердце красное Седек изображение 3
    1 отзыв
    Томат Бычье сердце красное Седек
    Кол-во в упаковке: 0.1 г
    100 тг 250 тг
    Купить
    Акция
    Томат Бычье сердце розовое Седек изображение 4
    0 отзывов
    Томат Бычье сердце розовое Седек
    Кол-во в упаковке: 0.1 г
    110 тг 270 тг
    Купить