Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Үй жағдайында майтаке саңырауқұлақтарын өсіру

Осы түрі ерекше және қасиеттері бойынша керемет саңырауқұлақтың атауы аздап көбелекке ұқсайтын ерекше пішініне байланысты. Диаметрі 50 см жететін майтаке саңырауқұлағының салмағы 4 кг жетуі мүмкін. Бұл саңырауқұлақ Қытай мен Жапонияда аса жоғары бағаланып, Азиядағы ең қымбат саңырауқұлақтардың бірі болып табылады. Осының барлығына қарамастан майтакені қандай да бір сиқырлы білімсіз ақ үй жағдайларында өсіруге болады.

Майтакені өсіру үшін қажетті шарттар

Майтаке C және D витаминдеріне бай, айқын емдік қасиеттерге ие, оны, мысалы, қант диабеті не гипертония сияқты түрлі ауруларды емдеу үшін нәтижелі қолданады. Бұл ерекше саңырауқұлақ онкологияда рак жасушаларының пайда болуына қарсы профилактикалық құрал ретінде пайдаланылады. Оның кең емдік қасиеттеріне кез келген мезетте қол жеткізе алатындай оны өз үйінді өсіргісі келетін адамдардың көптігі таң қалдыратын жайт емес.

Мамтеке саңырауқұлақтарын өсіру үшін кейбір материалдар мен нақты шарттар қажет етіледі. Ең алдымен дәнді мицелий, яғни, саңырауқұлақтардың жіпшумағы қажет, көп жағдайда ол саңырауқұлақ споралары жұқтырылған сұлу дәндері болып табылады. Ең дұрысы  - саңырауқұлақтарды өнеркәсіптік көлемдерде өсірумен айналысатын сенім танытатын фирма қызметтерін пайдалану. Қазақстанда мамтеке мицелийіне интернет арқылы тапсырыс беріп, поштамен алуға болады.

Мицелийді 0°С-7°С температурасында сегіз айға дейін және 20°С - 22°С аралығындағы температурада екі аптадан аспайтын мерзім барысында сақтауға болады. Әдетте оны тоңазытқыштың төменгі сөрелерінде сақтайды. Мамтеке саңырауқұлақтарының субстраты ретінде пайдаланылады:

  • қамыс;
  • пішен және сабан;
  • жапырақтар;
  • күнбағыс дәнінің қауызы;
  • ағаш жоңқасы мен үгіндісі.

Ең дұрыс болып жапырақты ағаш түрлерінің жоңқалары табылады. Ең бастысы, ағаш жоңқасы мен үгіндісі шірімеген болуы тиіс.

Мамтеке саңырауқұлақтарын отырғызатын ең дұрыс жерлер болып ашық жерлер табылады, мысалы, көлеңкелі бақшалар, бірақ оларды түрлі жабық жайларда да өсіруге болады, мысалы,, жертөлелерде, қоймаларда, қораларда, төбелерде, гараж бен лоджия да жарайды. Өсірудің басты шарттары - тікелей күн сәулелерінің болмауы және мол суару. Жайларда 5-7 сағат бойы күндізгі жарық шамдарымен электр жарықтандыру жеткілікті. Температуралық режим - 25°С өнгенде, 10-30°С өсіргенде.

Майтаке өсіру әдістері

мейтаке

Майтакені үй жағдайында өсірудің кеңінен тараған екі әдісі бар:

  • майтакені өсімдік текті шөгінділерге өсіру;
  • майтакені ағашта өсіру.

Бірінші әдісте саңырауқұлақтар арнайы бөлек жайларда өсіріледі, екіншісінде - бақта. Әр әдістің өзіндік артықшылықтары бар және бөлек қарастырып, сөз қылуға тұрарлық.

Майтаке саңырауқұлақтарын өсіру торларында өсіруді көздейтін әдіс саңырауқұлақтар блоктарын құруды көздейді - бұл мақсатта әдеттегі полиэтилен пакетерді пайдалануға болады. Алдымен субстрат термиялық өңдеуден өтеді, ол үшін оған үлкен ыдыста қайнап тұрған су құяды.

Одан кейін суыған субстрат мицелиймен араластырылып, полиэтил пакетке салынады. Пакет байланып, ауа алмасу үшін пакетте шахматтық тәртіпте шағын тесіктер жасалады. Одан кейін саңырауқұлақтар блогы 3-4 аптаға арнайы жайға қойылады. Бұндай діс қолданылғанда жеміс беру бірнеше толқынмен, екі-үш аптада бір реттен болып отырады, ал осындай саңырауқұлақтар блогы үш жарым-төрт ай жеміс береді.

Майтаке саңырауқұлақтарын ағашта өсіру тек жапырақты тұқымды ағашты пайдалануды көздейді, ағаш таза және шірімеген болуы тиіс. Ағаш ыңғайлы кесектерге кесіліп, оларда шағын ойықтар бұрғыланады - тереңдігі бес сантиметрге дейін және диаметрі шамамен екі сантиметр. Ойықтарға мицелий салынып, мицелий ойықтан түсіп қалмауы үшін жоңқамен, жаңқамен немесе мүкпен жауып қояды. Одан кейін мицелий салынған ағаш бақшаның саңырауқұлақтарды өсіру үшін белгіленген жерлерге орналастырылады. Бұндай өсіру әдісінде 100 гр мицелийге 50 килограмм ағаш жеткілікті.

Осылай отырғызылған саңырауқұлақтар бес жылдан алты жылға дейін өсіп, жемісін береді, бұл жағдайда олар аяздан қорықпайды. Бірінші өнім сіз пайдаланған ағашыңыздың сұрыпының қаншалықты тығыз болуына қарай үш-төрт айдан кейін шығады. Бір пакет мицелий отырғызу ауданынан бір маусымда 25 килограммға дейін саңырауқұлақ жинау мүмкіндігін береді.

Беккер интернет дүкені түрлі селекциялық жаңалықтарға Қазақстандағы ең оңтайлы бағаларды ұсынады және элиталық дақылдардың көшеттері мен баданаларына қатысты ең тиімді акциялық ұсыныстар жасайды. Оған қоса, бүкіл ұсынылған тауарға қатысты кепілдік беріліп, ыңғайлы жеткізу арқасында барлық қалағаныңызды ең қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі бар.

амые кратчайшие сроки.

Опубликовано: 12 окт 2016
Просмотров: 5771
(Голосов: 1778, Рейтинг: 4.7)
Оставить отзыв
Евгения
13 ноя 2017

Насколько мне извести условия для выращивания грибов весьма и весьма специфические. Ни разу не пробовала, но после прочтения почему-то захотелось. Обязательно попробую, может что-то и выйдет.

БМария
15 ноя 2017

Евгения, добрый день. Обязательно попробуйте! А мы будем ждать ваш отзыв с результатами! Желаем удачной посадки!

Оценка
Добавить один или несколько файлов