Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Сәуір айында істелінетін 37 саяжай ісі

Сәуір айында істелінетін 37 саяжай ісі

Сәуір айында саяжайда істелінетін жұмыстар көп және өте ауыр. Табиғат оянды, жердің бетіндегі қар еріді және ағаштардағы алғашқы жабысқақ жапырақтар жасылданды. Көктемнің хош иісімен рахаттана дем алыңыз, өмірдің керемет бір көрінісін тамашалаңыз, құртақандай құстардың салған әнін, көктем суының сылдырап аққан дыбысын тыңдап алыңыз да, сәуір айында істейтін істерге белсене кірісіңіз.

Маңызды!

Каталогта жаңа: саптар, баданалар мен көшеттер пайда болды. Сіз олармен танысып шықтыңыз ба? Бұрыннан армандап жүрген өсімдігіңіз бізде болуы мүмкін! Бақшаңызға тамырландыруға әлі де үлгеретін ең жақсы гүл баданаларын дәл қазір аламыз да, сізге жібереміз. Жылы ауа райы жағдайлары жемісті және декоративті өсімдіктердің көшеттерін еш қауіпсіз қаптауға мүмкіндік береді, тамырландырылған саптарға тапсырыс беру үшін қазір сол маусым кезеңі!

Жеміс беретін бақта істелінетін 5 іс

1. Ағаш діңінің айналасына тыңайтқышты орналастыра отырып, көңмен немесе компостпен жақсы қызған жердің айналасын жабындаңыз.

2. Түндегі ауа температурасын қадағалап жүріңіз, өйткені гүл қауызының гүлдерін мұздатып жіберетін әлі де суық ауа райы болуы мүмкін. Керек бола қалған жағдайда жабындау үшін мата дайындап қойыңыз (геотекстиль немесе арнайы бақшаға арналған флис). Ағашты ұқыптап жабындаңыз, ал таңертең оны шешіп тастаңыз.

3. Шабдалы мен нектаринді бордосс қоспасын шашыңыз  - бұл жапырақтардың бұралып кетуін алдын алады.

4. Отырғызуға арналған дайындап қойған көшеттерді тамырландырыңыз (оңтүстік өңірлер үшін). Дәл қазір өрікті, шиені, қызыл шиені, алма мен алмұртты отырғызатын кез. Солтүстік климатта алдын ала тазарта отырып, егетін орынды дайындауға болады.

5. Егер жазға қарай ағаш діңдерін әлі де ағартпасаңыз, онда қазір бұны істеу әлі кеш емес, 2 кг әкті бір шелек суға араластырыңыз, көк дәрінің жарты литрін қосыңыз. Егер ерітінді қабығына жақсы жағылмайтын болса  - балшықты немесе аюқұлақты араластырып жіберіңіз  - бұл оны қоюлатып, тұтқыр етеді.

Жидек көшеттерімен істелінетін 6 тапсырма

1. Қарақат, таңқурай мен қарлыған бұталарының астына тамырлық қоректендіру заттарын салыңыз. Оларды үстімен орналастырыңыз - олар жауын-шашынмен және еріген сумен бірге тамырға ағып барады.

2. Қазіргі уақытта бөріжидек өсуде, егер бұталары үлкен, әрі бұтақты болса  - оларға тіреуіш жасап қойыңыз, өйткені көктемде бұтақтарының өсуі қарқынды болады.

3. Тіреуіштерге байланған барлық аспаларды тексеріп алыңыз  - олар бұтақтарға соқтықпауы тиіс, әйтпесе белсенді өскен кезде қабығы зақымдалады.

4. Жидек бұтасының ауданын ұлғайтыңыз  - оларда өзінің тамырлық жүйесі түзілу үшін қарлығанның, таңқурайдың, қарақаттың және өзге өсімдіктердің бұрап апаратын жерлерін түйреп қойыңыз.

5. Өсімдікті басқаша түрде - сабағымен көбейтуге болады. Жас түзе бұтақтарды 8-10 см бөлікке қиып алыңыз, әрбіреуінде бүршік болуы тиіс, оларды өсу реттеуішімен өңдеп алып, ылғалды жерге қазып қойыңыз да, көшеттің бетін үлдірмен жауып қойыңыз. Осылайша аналық бұтаның барлық жақсы қасиеттерін ала отырып, таза сұрыпты өсімдікті аласыз.

6. Егер аязды күндер болмайтын болса, құлпынайдан/бақша құлпынайынан жабынды алып тастаңыз. Түскен жапырақты және қылқандардың қалдықтарын жинап алу үшін жүйекті тырналап өтіңіз  - бұл зең мен көгерудің дамуына жақсы орта болады, сондықтан алдын ала сақтану ешкімге кедергі болмайды.

 Бақшада істелінетін 5 іс

1. Оңтүстік өңірлерде картопты отырғызатын кез басталады. Солтүстікте  - отырғызуға ең мықты әрі сау түрлерін таңдай отырып, түйнектерді дайындау, сұрыптау және желдету кезі басталады.

2. Егер жер қазуға келетіндей болса, көптеген көкөністерді дәл қазір жерге себуге болады. Жүйектерге: шалғамды, ботташықты, орамжапырақты, балдыркөкті және сәбізді себіңіз.

3. Аса кеш өсетін көкөністерге жүйектердей дайындаңыз, компост, көз салыңыз да, қазып қойыңыз.

4. Жүйектеріңіздің периметрімен барқыт гүлдерінің тұқымдарын себіңіз. Олардың иісі бұзаубасты, ақ көбелекті және колорадо қоңызын келтірмейді.

5. Арамшөптен «екпе» жасаңыз: қазылған бос жүйектерді үлдірмен жауып қойыңыз да, алғашқы арамшөптердің өсуіне мүмкіндік беріңіз. Одан кейін үлдірді алып тастап, оларды отап шығыңыз. Осы операцияны тағы қайталаңыз, сонда көктем бойы арамшөптері мүлдем өспейтін жүйекке қол жеткізетін боласыз.

Жылыжайда істелуі тиіс 5 іс

1. Көктемде жылыжайды жуу маңыздылығы жөнінде өткен шолуда айтып кеткенбіз. Егер оны әлі дайындамаған болсаңыз  - онда дәл қазір барлық жиналған лас заттарды ұқыптап қырып алып тастап, әйнектерді жуып алатын кез келді. Осылайша екі тапсырманы бірден орындап шығасыз  - өсімдіктерге көбірек жарық бересіз және ауру мен зиянкестерден алдын алатын жұмыстарды жасап аласыз.

2. Қайта отырғызусыз өсірейін деген қызанақ тұқымдарын жылыжайға себіңіз. Біздің каталогымызда көптеген жаңа сұрыптар пайда болды –оларға және дайын күйде сатып алуға болатын дайын, тамырландырылған сабақтарды қарап шығыңыз. Олар тәжірибе жасауға сізге шабыт беретін шығар?

3. Терезеден көшет жәшіктерін шығарып алып, оларды жылыжайға орнатыңыз. Қазір өсімдікке сабақтары созылып кетпес үшін күннің сәулесі молынан керек.

4. Аспалы себеттер мен кашпоны енгізіңіз, оларды топырақпен толтырып, ішіне ампельді және каскадты шырайгүлді, лобелияны, есінекгүлді және виоланы отырғызыңыз. Тұрақты жылынған мезетке сізде дайын, гүлдейтін кашпо болады, оны жылыжайдан шығарып, өз орындарына ілуге болады.

5. Егер ауа райы жерге баданалары түрлерді отырғызуға мүмкіндік бермесе, онда қыш құмыраға салып, жылыжайға апарып қойыңыз. Нағыз күн жылыған кезде сізде мықты сабақтар мен гүл қауызының ұрықтары пайда болады, ал кашпоны өз қалауыңызша оңтайлы гүлзарды жасай отырып, террасаға немесе есік алдына отырғызуға болады.

 Гүлзарда істелінетін 7 іс

1. Әлі вегетативтік салмақ алмағанша және алғашқы жапырақтары шықпағанша түйіндерді бөліп қойыңыз. Тамыр өсінділерін миксбордерлерде, бөгет айналасына немесе ағаштың көлеңкесі жағына отырғызуға болады.

2. Гүлбаққа лалагүлді, гладиолусты және ранюнкулюстарды отырғызыңыз.

3. Көктеуге жеңіл болу үшін нәркес пен қызғалдақтың айналасындағы жерді қопсытыңыз. Егер олар гүлдеп қойса  - жапырағы табиғи түрде қурайтындай оларды сол күйінде қалдырып қойыңыз.

4. Гүлбаққа және қыш құмыраға бір жылдық гүлдерді егіңіз.

5. Клематистерді байлап қойыңыз  - қазір олар жылдам өсіп кетеді де, көптеген өскіндер түзейді.

6. Өрмелі раушан гүлінің тіреуішін тексеріп алыңыз да, өсімдік күйін бағалаңыз. Кейбір сұрыптар жаңартуды қажетсініп, жаңа көшеттерді сатып алу қажет болатын шығар?

7. Будлеяны, глицинияны, гибискусты және гортензияны тамырландырыңыз. Олар молынан гүлдену үшін дәл қазір күш жинай алуға үлгереді.

Көгал: сәуір айында шешуге қажет болаты 3 тапсырма

1. Қазір шөпті үстеме себуге қажет болатын тақыр жерлер жақсы көрініп тұр. Бұны жерді шамалы қопсытқаннан кейін жасаңыз.

2. Шөп жасыл, жұмсақ, әрі жеңіл болу үшін азотты тыңайтқыш сатып алыңыз. Оларды дәл қазір енгізу қажет.

3. Қазір көгалыңыз желдетілуді қажетсінеді. Жердің төменгі қабатына оттегі баруын қамтамасыз ету және тамыр түзілуге жағдай жасау үшін шанышқымен көк шалғынға көптеген тесік жасаңыз.

Жіктеусіз, қажетті және өте маңызды 6 іс

Сәуір айындағы бақша жұмыстарының күнтізбесі тола болғаны соншалықты, қатаң тәртіпте барлық істердің сипаттамасын сыйдыру өте қиын. Сондықтан соңында айтар кеңестеріміз:

1. Егіс айналымы жөніндегі ұсыныстарды қолдана отырып, отырғызу жоспарын жасаңыз.

2. Компостық жәшіктерді тексеріп, дайын компостты шығарып алыңыз да, жаңасын жасай бастаңыз.

3. Соқпа жолыңыздан және тас төселген соқпақтан құмды және топырақ қонымдарын тазартып тастаңыз. Егер бұны істемесе  - онда бір айдан кейін плитка мен тақтай арасындағы жер жолақтарында арамшөп шыға бастайды да, барлығын бұзып тастайды.

4. Құсқа жем салатын астаулар мен қараторғай үйшіктерінің күйін тексеріңіз. Құстар  - бақшаңызды қоңыз бен жұлдызқұрттан қорғайтын періште іспетті жандар болады. Сондықтан бақшаңызда қалатындай, оларды жақсылап қарсы алыңыз.

5. Ұңғыма суынан әлдеқайда жақсы жауын-шашын суына бөшке қойып қойыңыз.

6. Күн түсетін жерлерде пайда болған алғашқы арамшөптерді отап шығыңыз.

Осындай үйілген тапсырмаларды орындау қолыңыздан келеді деген үміттеміз, бақшаңыз таң қалатындай келбетке айналып, нағыз маржанға ұқсап кетері сөзсіз!

2016-03-29
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Қаптама саны: 1 көш
3 390 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!