Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Дайкон – шығыстан пайдалы қонақ

Дайкон – шығыстан пайдалы қонақ

Біз жақта экзотикалық жаңалық –дайкон келгелі көп уақыт болмады. Бұл өсімдік түрлі өнімдермен тамаша үйлесіп, диеталар барысында жиі пайдаланылады. Оған қоса, бұл тамыржемісті тәтті томыр деп те атайды  - ол шынымен шалғам мен томыр туысы болып табылады, бірақ құрамында қыша майлары болмағандықтан дәмі едәуір жұмсақ.

Жапонияда оны көптеп өсіреді  - себебі ол денсаулық үшін өте пайдалы, бірақ біз жақта бұл тамыржеміс диеталық мәзірлерде жиі кездескенмен, қажетті деңгейді тарай қоймады. Жапондық ғалымдар дайконды қытайдың лобо көкөнісін негізге ала отырып шығарған. Қазіргі мезетте жапон томыры бүкіл әлемде дерлік аса танымал болып кеткен, бірақ әсіресе жиі азиялық тағамдарды дайындауда пайдаланылады.

Пайдасы және зияны

Бұл тамыржеміс құрамына пектиндердің, жасушалардың және С витаминінің көп мөлшері және көптеген өзге емдік заттар кіреді. Оның пайдасы неде:

  1. Дайконды көп жағдайда диеталар барысында тұтыну ұсынылады , себебі ол өте төмен калориялы өнім болып табылады –100 граммда не бары 20 ккал.
  2. Шаш беріктілігін арттырып, бет терісін жақсы ағартады.
  3. Бүйрекке тас түсуін болдырмайды.

дайкон

  1. Ағзадан зиянды заттар мен артық суды шығарады.
  2. Иммунитетті елеулі түрде нығайтады.
  3. Ас қорыту жолдарын ынталандыруға септігін тигізеді.
  4. Өт айдау және зяр айдау қасиеттеріне ие.
  5. Қатерлі ісіктердің түзілуін болдырмайды.
  6. Қақырықты сұйылтады.

 

Көптеп жемеу ұсынылады - құрамындағы органикалық қышқылдар салдарынан дайкон асқазан түйілуіне әкеп соғуы мүмкін. Тамыржемісті ішек ауруларының асқынуы барысында тұтыну қарсы көрсетілімдері бар.

 

«Беккер» ұсынатын дайкон сұрыптары

«Беккер» Интернет-дүкені сіздің назарыңызға дайконның үш үздік сұрыбын ұсынады:

  • Соловей разбойник  - бұл сұрып қуаңшылық пен зиянкестерге төзімділігімен ерекшеленіп, мол өнім біледі.
  • Сверхредиска  - бұл сұрып жемістері өздерінің аламан өлшемдерімен таң қалдырады!
  • Малиновый нектар –дайконның бар сұрыптарының ішіндегі ең тәттісі.

Өсіру және отырғызу

Дайконды ала көліңкелі жерлерге отырғызған жөн, себебі күн көзінен оның мәйегі қатып, тамыржеміс аштыланып кетеді. Отырғызар алдында (ең дұрысы 30 күн бұрын) топырақты нитрофоспен және қарашірікпен тыңайтқан жөн.

выращивание дайкона

Отырғызу мерзімдері:

  • Сәуір басында тұқымдарға отырғызу жүзеге асырылады.
  • Маусымның аяғы  - шілденің ортасы дайконды тамаққа пайдалану мақсатымен отырғызу.

Отырғызатын орынды дайындау барысында шұңқырдың 5 см терең болмауы керектігін есте сақтаңыз. Олардың әр қайсысына 3 артық тұқым салмаңыз. Қатарларың арасындағы ең дұрыс ара қашықтық  - 45 см. Бірінші өскіндер көрінгенде ең күштісін қалдырып, сиретіңіз.

 

Күтімі

Әр 20 тәулік сайын суперфосфатпен тыңайтып отыру қажет. Ол тамыржеміс салмағының өсуіне септігін тигізеді.

Дайконның шалғаммен және томырмен айқыш тозаңдануына жол бермеңіз, себебі одан ол ашты және дәмсіз болып өсуі мүмкін.

Вегетация кезеңінде тәтті томыр 5-6 мәрте 35л/шаршы м суарылуы тиіс.

Түптеп, топырақты жұмсартып отыруды ұмытпаңыз, оны суара салысымен орындаған жөн.

Сақтау

Тәтті томыр ешбір қинаусыз ұзақ (3 айға дейін) сақтауға төзе алуымен ерекшеленеді. Егер сіз дайконның сақталу мерзімін одан да ұзағырақ қылғыңыз келсе, оны құрғақ жерге алып қою қажет. Ең дұрыс шешім  - оны тоңазытқышта немесе жертөледе 5 градусқа жуық температурада сақтау. Тамыржемістер солып қалмауы үшін, оларды полиэтилен қаптарына немесе құм салынған контейнерлерде сақтаңыз.

Дайконнан жасалған салаттардың рецепттері

салат из дайкона овощной

Көкөністі

Сізге қажет:

  • 100 грамм дайкон;
  • 20 грамм салат миксі;
  • 50 грамм сәбіз;
  • 10-15 грамм күнбағыс майы;
  • 10 грамм көк пияз;
  • тұз, сірке суы және дәмдеуіштер  - қалауыңызша.

Дайкон мен сәбізді тураңыз  - жұқарақ болған сайын, дәмдірек болады. Одан кейін көк пиязды (ақ бөлігін) турап, май және дәмдеуіштер қосыңыз. Салат миксін қосып, араластырыңыз және дәмінен ләззат алыңыз!

 

Етті

Алыңыз:

  • 1 килограмм дайкон;
  • 2 ірі пияз;
  • 0,5 килограмм сиыр етін;
  • өсімдік майы  - шамамен 2 ас қасық;
  • дәмдеуіштер, тұз, майонез  - қалауыңызша.

Пиязды жартылай дөңгелек етіп турап, өсімдік майына қуырыңыз. Сонымен қатар тамыржемісті уатқышпен уатып, сиыр етін пісіріп алыңыз (ет піскеннен кейін оны ұзщындап тураңыз). Әрі қарай қалғаны оңай  - барлығын араластырып, майонез бен дәмдеуіштер қосамыз.

Асыңыз дәмді болсын! Сізге зор денсаулық пен мол өнім жинап алуды тілейміз!

 

2016-09-12
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Акция
Бұлбұл қарақшысы дайконы, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 1 г
199 тг
179 тг
уже куплен
Сатып алу
Акция
F1 таңқурай шәрбатты Дайкон, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,3 г
949 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!