Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Алманың көп өнімін алудың 9 ережесі

Алманың көп өнімін алудың 9 ережесі

Алма  - Қазақстанда өсірілетін ең танымал және барлығы жақсы көретін жемістің бірі. Осы керемет жеміс туралы адамдар ғасырлап көптеген хикаялар, ертегілер мен аңыздар шығарды. Таңданатын ештеме жоқ, өйткені олар тамаша азықтық қасиеттерге ие  - дәмді тәтті дәмі бар, қайта өңдеудің әртүрлі түрге жарамды, көптеген дәмді тағамдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Одан басқа, олар емдік қасиетке де ие  - құрамындағы микроэлементтер, витаминдер мен өзге де пайдалы заттар шамадан артық мөлшерде көп. Әрбір адам алманың құрамында темір көп екенін білер.

Осы қасиеттерге ескере отырып, неге көптеген бақшашылар  - жаңа бастаған бақшашы да, кәсіби бақшашы да  - осы ағашты өсіріп қана қоймай, сонымен қатар бар күш жігерімен өнімділігін арттыруға талпынады. Бірақ көп жағдайда олар орташа және тұрақсыз өнім алады. Неге олай болады? Өйткені өсімдікті өсіргенде көптеген қателік жібереді және «алма өнімділігін» арттырудың ережелері мен құпияларын білмей жатады.

Обрезка яблонь

№1-ереже. Ағаштың ұшар басын дұрыс қалыпқа келтіріңіз

Көп жағдайда мынадай жағдай болып жатады, бақшашы ешбір күшін аямастан, өз алма ағашына күтім жасайды  - суаруды қатаң қадағалайды, қоректендіруді де ұмытпайды, күтім жасаудың барлық ережелерін ұстанады, тіптен «ұялмайтындай» жұмыс істейді. Бірақ сонда да тұрақсыз әрі аз өнім алады. Бұған қалай қынжылмайсың? Бұндай жағдайда көңілі қалған бақшашылар әдетте климаттық жағдайларға немесе тіптен «дұрыс ағаш» емес деп қынжылады. Бірақ, шындап келгенде проблема бұдан емес  - алма ағашының ұшар басы дұрыс қалыптастырылмаған.

 Әрбір тәжірибелі бақшашы үшкір бұрыш астында немесе тік өсетін бұтақтар көлденеңге қарағанда өнімді азырақ беретінін біледі. Егер Ағашыңыз толықтай қалыптасып алса (не дұрыс қалыптаспаса), қамықпаңыз! Бұл проблеманы келесі әдістер арқылы шешуге болады:

  • Бұтақтарын (еңкейту қажет болатын) жерге қазылған қазықшаға байлап қойыңыз.
  • Бұтақтарды ағаштың өз діңіне байлап қоюға болады.
  • Тік өсетін бұтақтарға - олар иіліп, сол күйінде қалатындай жүк іліп қоюға болады.

Бұтақтарды осы әдістерінің қайсысы бірімен байлағаннан кейін, көлденең күйге өз күйін табиғи түрде өзгерткенше күте тұрыңыз. Нәтижесінде көп өнім алатын боласыз.

Назар аударыңыз! Бұтақтарды байлай отырып, оларды зақымдап алмайтындай аса жіңішке материалды қолданбаңыз. Одан басқа, бұтақтарды толық көлденең күйге дейін бүгіңіз. Оларға доға тәрізді қалыпты жасамаңыз  - ұшар басын тым қалыңдатып жіберетін тік өсетін бұтақтардың пайда болуына әкеледі. Ал бұл олай болмаған дұрыс.

№1-ереже. Ағаштың ұшар басын дұрыс қалыпқа келтіріңіз

Көп жағдайда мынадай жағдай болып жатады, бақшашы ешбір күшін аямастан, өз алма ағашына күтім жасайды  - суаруды қатаң қадағалайды, қоректендіруді де ұмытпайды, күтім жасаудың барлық ережелерін ұстанады, тіптен «ұялмайтындай» жұмыс істейді. Бірақ сонда да тұрақсыз әрі аз өнім алады. Бұған қалай қынжылмайсың? Бұндай жағдайда көңілі қалған бақшашылар әдетте климаттық жағдайларға немесе тіптен «дұрыс ағаш» емес деп қынжылады. Бірақ, шындап келгенде проблема бұдан емес  - алма ағашының ұшар басы дұрыс қалыптастырылмаған.

 Әрбір тәжірибелі бақшашы үшкір бұрыш астында немесе тік өсетін бұтақтар көлденеңге қарағанда өнімді азырақ беретінін біледі. Егер Ағашыңыз толықтай қалыптасып алса (не дұрыс қалыптаспаса), қамықпаңыз! Бұл проблеманы келесі әдістер арқылы шешуге болады:

  • Бұтақтарын (еңкейту қажет болатын) жерге қазылған қазықшаға байлап қойыңыз.
  • Бұтақтарды ағаштың өз діңіне байлап қоюға болады.
  • Тік өсетін бұтақтарға - олар иіліп, сол күйінде қалатындай жүк іліп қоюға болады.

Бұтақтарды осы әдістерінің қайсысы бірімен байлағаннан кейін, көлденең күйге өз күйін табиғи түрде өзгерткенше күте тұрыңыз. Нәтижесінде көп өнім алатын боласыз.

Назар аударыңыз! Бұтақтарды байлай отырып, оларды зақымдап алмайтындай аса жіңішке материалды қолданбаңыз. Одан басқа, бұтақтарды толық көлденең күйге дейін бүгіңіз. Оларға доға тәрізді қалыпты жасамаңыз  - ұшар басын тым қалыңдатып жіберетін тік өсетін бұтақтардың пайда болуына әкеледі. Ал бұл олай болмаған дұрыс.

Формирование кроны прищепками

№2-ереже. Кішкентай алма ағашы  - дәл қазір қалыпқа келтіріңіз!

Басынан бастап дұрыс қалыпқа келтірілген алма ағашы жақсы нәтиже көрсетеді. Одан басқа, бұл одан да оңай! Осы мақсатқа қол жеткізу үшін әдеттегі ағаштан жасалған киім-кешек қыстырғыштары жақсы келетіні қызық жайт.

Осыған аса қатты назар аударып отырғанымыз бекерден бекер емес, өйткені қыстырғыштар ағаштан жасалған болуы тиіс  - пластиктен жасалғандарды қолдануға болмайды! Онымен кішкентай алма ағашының ұшар басын қалыпқа келтіру үшін ол екіге бөлінгенде өскін негізіне тірелетіндей түрде діңге қыстырғышты жай ғана қыстырып қойыңыз. Осындай манипуляция бізге қажет болатын көлденең күйде өсуге мәжбүрлейді.

Бұл жұмысты жазда жасаған дұрыс болады. Өскіндер қуарып кетпеген болуы тиіс, яғни, тіптен жас кезінде істеу қажет  - әйтпесе оларды зақымдап алу, тіптен сындырып алу қаупі туындайды. қуарып кеткен өскіндерге сол қыстырғыштармен шамалы жүк іліп қоюға болады (тек оларды айтарлықтай мықтап бекітіңіз  - теңселмеген күйде болуы тиіс, әйтпегенде бұл бұтақтың зақымдалуына әкеледі).

№3-ереже. Қиынды жасағанда оңтайлы ұзындықты сақтаңыз

Көптеген бақшашылар түрлі себептермен қиынды сияқты маңызды істі елемейді  - кейбіреулері оны жасамайды, ал басқалары  - өсімдікті зақымдап алудан қорқады. Бірақ Жоспарыңызда таң қалдыратын өнім алу бар болатын болса, алма ағашының бұтақтарын тұрақты түрде қиып тұруға тура келеді. Шамамен алғандағы бағалау бойынша қиынды жұмыстары екі есеге дерлік өнімді ұлғайтуға мүмкіндік береді! Таң қалдырды ма? Бірақ қиындының барлық ережелерін сақтағанда ғана осындай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Алдымен қиындының ең жақсысы деп «орташа» қиынды танылатынын есте ұстаңыз, бұл жағдайда бұтақтарды жалпы ұзындығының кем дегенде үштен бір бөлігін қысқартады. Сонымен қатар келесілерді де есте ұстағаныңыз жөн:

  • Толықтай тік өсетін бұтақтарды алып тастаңыз.
  • Құрғап кеткен, ауру және зақымдалған бұтақтарды еш аяусыз алып тастаңыз.
  • Бір жерден бірден екі бұтақ өсетін жағдай болады  - бұл жағдайда әлсіздеуін алып тастаңыз.

Назар аударыңыз! Қиынды жұмыстарын жасағаннан кейін өсімдіктің барлық «жараланған жерлерін» майлы бояумен немесе бақша қарамайымен ұқыптап өңдеп алу қажет. Бұл заттарды мөлшерімен қолданыңыз, артық қолданған жағдайда ағып ағаш микроқуыстарына құйылып кетеді.

№4-ереже. Өнім көлемін мөлшерлеңіз және жоспарлаңыз

Нормирование урожая яблок

Осы жерде көптеген оқырмандар біршама түсінбей абдырап қалған шығар. Өйткені бұл мақала өнімді қалай көбейту жөнінде емес пе, ал «мөлшерлеу» - бұл қарама-қарсы не мағына деп ойлап отырған шығарсыз. Дегенмен, бұл жерде айтайын дегені өнім көлемін дұрыс жоспарлау ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Осы жоспарлау тәжірибеде келесі түрде жүргізіледі: Сіз ағашта қалыптасып болған жемісті көрген кезде бір қарап шығыңыз да, қандай да бір ақаулығы болғандарын алып тастаңыз. Бұл дұрыс емес қалып, түрлі зақымдаулар немесе ауру белгілері болуы мүмкін.

Осындай алмалар ағаштан көп күш алып алады да, өздері аяғына дейін жетіліп піспейді. Одан басқа, сиректеу тағы бірнеше пайдалы қасиеттерге ие:

  • Ағаштың қандай да бір ауру жұқтырып алу мүмкіндігін және зиянкестермен зақымдалу қаупін айтарлықтай азайтады.
  • Егер осы процедураны жүргізбесе, ағаш сапасыз жемістерге көп күш жібереді, ал келесі жылы жеткілікті түрде көп өнім бере алмайтын болады.

Процедураны жүргізген кезде мына жайттарды еске ұстаңыз:

  • Бұтақты жақсылап бір сілкіп алса да болады  - сонда барлық сапасыз жемістер жерге түсіп қалады.
  • Тырбық және жас алма ағаштары үшін мөлшерлеу процедурасы аса маңызды.
  • Сиректеу әрбір алмаға кем дегенде қырық жапырақ келгенде ғана маңызды болады.

№5-ереже. Қажет болғанда сиректеудің химиялық әдісіне жүгініңіз

Жемістерді әдеттегідей сиректеу қолайсыз болатын жағдайлар болады  - егер Сізде ересек биік алма ағашы өсіп тұр делік. Бірақ процедурадан бұл жағдайда да бас тартпау қажет! Мөлшерлеуді қолмен ғана емес, сонымен қатар химиялық жолмен де жүргізуге болады. Ол үшін төменде келтірілген ерітіндінің кез келгенін жасауға болады:

  • Кальций қосылған (әдеттегі азықтық емес!) соданың шамамен 200 граммын алыңыз да, оны 10 литр (әдеттегі шелекке) суға араластырыңыз.
  • Сол шелекте хлораминнің шамамен 100 граммын араластырыңыз.

Одан кейін ерітіндімен ағашты өңдеп шығыңыз. Бұдан кейін жеміс саны анағұрлым аз болады да, бірақ сапасы жоғары болады. Келесі жылы өнім көбейіп, Сізді одан бетер қуантады.

полив яблонь в борозде

№6-ереже. Тұрақты түрде суару - өсімдік саулығының негізі!

Алма ағашын тұрақты түрде суару  - керемет өнім алудың кепілі екенін есте ұстаңыз. Бұған қоса, бақшашы үшін бұл операция түкте ауыртпалық түсірмейді! Өзіңіз ойланып көріңізші  - алма ағашы үздіксіз аз суаруды қажетсінбейді, бар-жоғы жылына 4 рет молынан суарсаңыз сол жеткілікті болады. Бұл операцияны вегетацияның белгілі бір кезеңдерінде жүргізу қажет екенін назарда ұстаңыз  - алма ағашының жасына қарай суару мөлшері келесі шектерде өзгеріп тұрады:

  • Жасы 6 жастан асқан ересек ағаштар кем дегенде 12 шелек суды қажетсінеді.
  • Тіптен жас алма ағашы (үш жасқа дейін) үш шелекпен шектеледі.
  • Орта жастағы алма ағашы (5 жасқа дейін) 5-7 шелек су құйылады.

Ағашқа құятын шелек саны жасаған жасына қарай сәйкес болуы керек деген бір халық даналығы да бар. Осы есепті ескере отырып та қолдануға болады. Бірақ алма ағашын қанша суармасаңыз да, жер кем дегенде 80 сантиметр тереңдікке сумен жақсы сіңіп кету керектігін есте ұстаңыз.

Нақты мерзімде суаруды жүзеге асырғанда өнім өсімі 40% дейін байқалады! Бұл мерзімдер келесі түрде болады:

  • бірінші суару  - бүршік жара бастау алдында;
  • екінші  - гүлдену аяқталғаннан кейін үш аптадан соң;
  • үшінші  - жеміс аяғына дейін пісіп жетілгенге дейін шамамен үш апта бұрын;
  • енді соңғысы, төртіншісі (қыс алдындағысы)  - қазан айында (ол қыста сүректің қатып қалуын және күзде кеуіп қалуын алдын алу үшін қажет).

Сондай-ақ, суарудың тағы бірнеше әдістері бар:

  • Жаңбыр жаудырту  - кез келген түрдегі жауын жаудырту түрін қолданыңыз («пистолетті», желпуішті немесе импульсті).
  • Классикалық, ең кең таралған әдіс - діңнен айнала бойы ор қазып алып, соған су құйып қойыңыз. Алма бағын суарған жағдайда қатара арасына ұзын атыз жасаған дұрыс болады.
  • Тамшылау әдісі  - құбыр жүйесін қолданыңыз. Құбырлар кішкентай диаметрлі болуы тиіс. Бұл әдіс аса қолайлы деп саналады  - оны қолданған кезде көшеттер әлдеқайда жылдам, әрі жеңіл үйренісіп кетеді.

№7-ереже. Қоректендіру  - бұл өте маңызды

Подкормка яблонь

Алма ағашы аса күй талғамайтын өсімдік болып саналады, төменгі не жоғарғы болсын температураны жақсы көтере береді, жердің кез келген түрінде өсіп, жеміс бере береді. Олар тіптен ешбір қорексіз жақсы өнім бере алады. Бірақ, бұл қорек мүлдем керек емес дегенді білдірмейді - алма ағашы қоректі жақсы көреді, қорек беретін болсаңыз, одан бетер молынан өнім береді, ал бізге керегі осы емес пе! Оған қоса, қоректі дайындау үшін қандай да бір әрең табылатын аса мәлім емес заттарды іздеудің қажеті жоқ  - ағаш келесі құрамды қуана-қуана «қабылдайды»:

  1. Органикалық коктейль. Оны дайындау үшін Сізге қажет заттар:
  • 200 литрдегі көлемде бөшке алыңыз.
  • Оған 1-2 шелек көң және 1 шелек жаңа шабылған шөпті салыңыз.
  • Барлығына су құйып, екі аптаға қалдырып қойыңыз. Осы уақыт ішінде қоспа жақсылап ашып быжып тұрады.
  • Осыдан кейін оның 1 бөлігін судың 10 бөлігіне есебімен алынған «концентратты» араластырыңыз.

Бар болғаны осы! Осыдан кейін қоректендіруге де кірісуге болады: жас (5 жасқа дейінгі) ағашқа «коктейльдің» үш шелегін, ересектерге (жеті жастан бастап)  - шамамен бес шелек құйыңыз.

  1. Өсімдікті сонымен қатар күлмен де қоректендіруге болады, оны екі килограмды бір шаршы метрге есебімен ағаштың ұшар бас проекциясына қолданады.
  2. Суаруға арнайы қоспаны қолдану да пайдалы болады. Алайда, бұндай «түрлендірілген» суару түрі тек ересек ағаштарға жасы 8 жастан асқандарға ғана жарамды. Қоспа ретінде (10 литр) шелек суға азофостың бір ас қасығын қосып қолдануға болады.
  3. Сонымен қатар сауықтыратын ай сайынғы қоректендіру де жақсы пайдасын береді. Ол үшін қою-қызғылт реңктегі калий перманганатынан (әдеттегі марганец ерітіндісі)жасалған ерітіндіні жасап, онымен ағашты өңдеп шығыңыз  - бұл тамырдың сау, әрі белсенді етіп өсуіне мүмкіндік береді және жалпы зарарсыздандыратын әсерді береді.

Сонымен қатар тағы бір айлалы амал бар, ол қоректің тікелей тамыр жүйесіне баруға көмектеседі, бұл оның жалпы тиімділігін одан бетер ұлғайтады. Ол үшін диаметрі шамамен он сантиметр және ағаш діңінің айналасымен 60 сантиметр тереңдікте (ең дұрысы бұл жағдайда бұрғыны қолдану) болатын бірнеше ұңғыма жасау қажет.

Ұңғымалар бұрғыланып болғаннан кейін оларды әлдебір дренажды материалдармен толтыру қажет. Бұл ірі дәнді құм, ұрылған кірпіш, тастар немесе ұсақталған тастар бола алады. Осындай «өткізгіш құдықтар» қоректің де, суарудың да тиімділігін анағұрлым ұлғайтады  - өйткені олар тамыр жүйесі орналасатын аймақтың өзінде болады емес пе.

внекорневые подкормки яблонь

№8-ереже. Тамырдан тыс қоректі елеп-ескеріп жүріңіз!

Тамырдан тыс қоректендіру  - кез келген өсімдік үшін аса пайдалы процедура  - олар калий мен азот жетіспеушілігін толтырады, жалпы иммунитетті көтереді. Осындай қоректі жасау негізі микро және макроэлементтердің шамалы ерітіндісін жапырақтарға шашудан тұрады. Бақшашылармен көптеген тексеруден өткізілген тамырдан тыс қоректендіру түрлері бар, міне аса танымал және «сәтті» түрлерінің бірі:

  • Азотпен қоректендіру. Су құйылған шелекке несепнәрдің 2 ас қасығын араластырыңыз.
  • Йодпен қоректендіру. Су құйылған шелекке 10 мл йод қосыңыз.
  • Бормен қоректендіру - гүлдену кезінде қолданады, түйіндер санын айтарлықтай (кем дегенде екі есеге) көбейтеді. Дайындау үшін бор қышқылын (бір граммын)10 литр суға араластыру қажет.
  • Күлмен қоректендіру. Күл - өсімдік сау өсу үшін көптеген қажетті заттар мен минералдар көзі  - оның құрамында мырыш, магний, темір, калий, фосфор және кальций бар. Барлық осы заттар тікелей ағашқа енгізесіз  - ол үшін күлдің бір стақанын 2 литр суға (ыстық суға) салып араластырасыз. Қоспа суығаннан кейін оны сүзіп алып, бір шелек сумен араластыру қажет.

Есте ұстаңыз! Осындай түрдегі қоректендіруді алма пісіп жетілгенде ғана екі-үш аптада бір рет жасау қажет. Тамырдан тыс қоректендіруді болжамды өнім жинайтын уақытқа дейін бір ай қалғанда тоқтату қажет.

№9-ереже. Зиянкестерден сақтан

Өкінішке орай, тіптен барлық ағаштар түрлі жәндіктермен-зиянкестермен зақымдалады, алма ағашы да сондай жағдайға душар болады. Алма ағашын жәндіктердің көп түрі «жақсы көреді»  - гүлжегіш пен жеміс көбелегі, біте мен күйе көбелек, қабық құрты мен шаңқан көбелек, бүргешіркей мен кенелер  - барлығын атап болмайсың! Ағашымызға деген осындай қызығушылықты ешбір бақылаусыз, селсоқ қалдыруға болмайды  - олай болмаған жағдайда пісіп жетілмей-ақ, барлық өнім жойылып кетеді.

Сонымен, ағашты жәндік - зиянкестерден қорғау үшін түрлі профилактикалық шараларды жүргізу қажет. Ең алдымен істеу қажет болатын іс  - ерте көктемде дің маңындағы жерді және ағаштың өзін өңдеуден өткізу. Бұл өңдеу алма ағашын әр түрлі ауру қоздырғыштарынан, қыстап шығатын паразиттер мен зиянкестер жұмыртқасынан арылтады. Осы мақсатта шашу үшін келесі құрам мен ерітінділерді қолдануға болады:

  • бордос қоспасы;
  • 3% нитрафен ерітіндісі;
  • 10 литр суға көк дәрі (50 грамм) мен карбамидті (700 грамм)қосып алынатын ерітінді.

Побелка яблони

Сонымен қатар, профилактика ретінде келесі шараларды жүргізу қажет:

  • көктемде бұтақтарды қысқарту;
  • ағаш діңін ағарту;
  • өлі қабықты алып тастау;
  • ағаштың кез келген зақымдалған жерін емдеу;
  • қатара арасын қопсыту.

Осындай түрдегі профилактикалық шаралар Ағашыңызға оңтайлы қорғанысты қамтамасыз етеді, бірақ қандай да бір зиянкеспен зақымдалу қаупі әрдайым болады - сол кезде арнайы қорғану шараларын жүргізу қажет (нақты жәндік-зиянкес түріне қарай ).

Барлық осы ережелерді сақтағанның өзінде өсімдік жақсы жеміс бермейді, тіптен мүлдем өнім бермей қоятын жағдайлар да болады. Онда барлық ықтималды сәтсіз себептерді мұқият талдап шығу қажет.

Аз өнім берудің ықтималды себептері

  • Әлсіз өнім беру учаскеде тозаңдандырғыш ағаштар болған жағдайда байқалады. Сондықтан бақшада мүмкіндігінше алма ағашының бірнеше сұрыптары болғаны дұрыс  - бірақ олардың жемістері шамамен бір уақытта пісіп жетілуі тиіс екенін есте ұстаңыз.
  • Ағаш-тозаңдатқыштан басқа сонымен қатар тозаңдандырғыш жәндіктер да болуы тиіс. Учаскеде оларды тартатын зире, аскөк, қияр шөбін немесе қатты иісі шығатын өзге дақылдарды отырғызу қажет.
  • Көшетті тым қаптатып тастамаңыз  - бұл да аз өнім беруге әсер етеді. Қатар арасындағы оңтайлы арақашықтық кем дегенде 4 метр болуы тиіс.
  • Тура өнім жинар алдында алма ағашын суармаңыз  - бұл алманың түсуіне және жарылып қалуына әкелуі мүмкін.
  • Егер гүлдеу алдында жерге күкірт қышқылды мырышты (бір гектарға 3 кг есеппен) қосатын болса, бұл өнімді кем дегенде 15% көтере алады.
  • Ағаштың орталық өткізгішін алып тастамаңыз  - бұл айтарлықтай өнімді (20% дейін) төмендетеді!
  • Барлық жемісті өз уақытында жинаңыз.
  • Уақыт келе ағаш табиғи түрде қартая бастайды  - оның өнімділігі және жемісінің дәмдік қасиеті төмендейді. Бұл жағдайда жасартатын қысқарту жұмысын жүргізу ұсынылады.
2016-09-04
Пікірлер

 

Много хорошей информации для начинающего садовника - очень Вам благодарна

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Акция
Антоновка десертті Алма ағашы  -Goods from the article
Қаптама саны: 1 көш
2 990 тг
уже куплен
Сатып алу
Акция
Баған пішінді ерте пісетін алма ағашы -Goods from the article
Қаптама саны: 1 көш
4 890 тг
2 990 тг
уже куплен
Сатып алу
Акция
Ақ алма ағашы -Goods from the article
Қаптама саны: 1 көш
2 990 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!