Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Саңырауқұлақты диета

Саңырауқұлақты диета

Қатаң диетаны ұстану қиынға соғады. Ашқан қарын азабына шыдап, жеңілдетуші мәзірдегіні ғана жеуге көрінгеннің күші жете бермейді. Көп жағдайда төртінші-бесінші күннің аяғында адам бір тілім балғын етке немесе дәмі тіл үйіретін пирожное дәміне төтеп бере алмай, салмақ тастаймын деп жұмсаған барлық күші зая кетеді. Бұл жағдайда не істеу керек және қатаң шектеусіз салмақты қалай тастауға болады және ол мүмкін бе?

 Саңырауқұлақтар  - еттің орнын толықтай баса алады

Тамағыңызды шектемей салмақ тастауға әбден болады. Тек күндізгі рационнан етті алып тастап, оны … саңырауқұлақтармен алмастыру қажет! Осындай алмастыру нәтижесінде ағза зиянды холестеринді өндіруді және май жасушаларын қалыптастыруды тоқтатады. Оған қоса, саңырауқұлақтар зат алмасуды қалыпқа келтіріп, уыттар мен шлактарды шығару катализаторы болып табылады, ол өз кезегінде салмақ тастауға септігін тигізеді. Тойымдылығы жағынан саңырауқұлақтар ет өнімдерінен еш өзгешелігі жоқ, сондықтан жануар текті ақуыздарды өсімдік тектілерге алмастырып, сіз пайда көрмесеңіз, зиян шекпейсіз.

 Диета үшін ең жақсы саңырауқұлақтар қандай?

Теңестірілген, диеталық тамақтану үшін дүкеннен сатып алмай, өзіңіз өсіре алатын вешенки ең дұрысы болып табылады. Сонда сіз сау, химикаттарға уланбаған, ас қорыту үшін пайдалы заттардың барлығын сақтап қалған саңырауқұлақтарды тұтынатындығыңызға сенімді боласыз. Олардың нәрлілігі төмен (100 гр. - 38 ккал) және құрамында көптеген пайдалы заттар мен оңай қабылданатын витаминдер бар. Вешенка мәйегінде майлар мен гликогендерді ыдырататын ерекше ферменттер бар, ал оның құрамындағы минералдар (йод, кальций, темір және калий) қан сапасын жақсартып, зат алмасуды қалыпқа келтіреді және ағзаға сергітетін, жасартатын әсер береді.

Вешенканың пайдалы қасиеттері медициналық салада да мойындалған. Құрғақ саңырауқұлақтардан холестерин мөлшерін азайтатын және ағзадан радиациялық сәулеленуден кейінгі жартылай ыдырау өнімдерін шығаратын сірінділер мен ұнтақтар жасайды.

Саңырауқұлақты диета нұсқалары

Егер сіз саңырауқұлақтардың бел мен бөксеге лезді сиқырлы әсерін күтіп отырсаңыз, көңіліңізден шықпай қалуы мүмкін. Олар олай жылдам жұмыс істемейді. Британдық тамақтану институтында өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, орташа айлық салмақ тастау көрсеткіші шамамен 7 килограммды құраған. Бұндай әсерге етті толықтай саңырауқұлақтарға алмастыру нәтижесінде қол жеткізу мүмкін болды. Зерттелгендердің қалған мәзірі өзгеріске ұшырамай, олар үйреншікті тамақтарын таңертең, түсте және кешке жеп жүре берді. Қол жеткізуге армандайтын нәтижелерге негізделе отырып, өзіңізге қандай саңырауқұлақты диета көбірек ұнайтындығын өзіңіз таңдай аласыз.

№1 нұсқа.

Жеңілдетілген. Жай ғана ет өнімдерін саңырауқұлақтарға алмастырып, пісірілген, майсыз шұжықтың өзін сатып алуды доғарыңыз. Ашығып қаламын деп қорықпаңыз  - саңырауқұлақтар шошқа не сиыр етінен кем тойдырмайды. Вешенкалардан сорпалар пісіріңіз, оларды макарондардың не ботқалардың тұздықтарына қосыңыз немесе нанға жағып жеуге болатын езбе етіп тартып алыңыз.

Бір айлық нәтиже  - минус 7 кг.

 

№2 нұсқа.

Стандартты. Тәулігіне саңырауқұлақтардың кем дегенде 400 граммын және жас көкөністің осындай мөлшерін тұтыныңыз. Сәбіз, қызылша, орамжапырақ пен бұршақ жеңіз және жемістің тәтті емес шырындарын ішіңіз. Қалған мәзір өзгермейді. Бастысы, саңырауқұлақтың және көкөністердің порцияларын азайтуға тырыспаңыз, болмаған жағдайда әсері әлсіз болады.

Екі аптадағы нәтиже  - минус 5-6 кг.

 

№3 нұсқа.

Қарқынды. Бұл қысқа мерзімді диета бір аптаның ішінде 4-6 килограммнан арылуға көмектеседі. Бұнда саңырауқұлақтар барлық дерлік тағамдарға қосылуы тиіс.

 

·     Таңғы ас  - кептірілген бір тілім нанға жағылған саңырауқұлақты паста. Шай немесе кофе  - тәтті емес.

·     Пастаны дайындау оңай  - саңырауқұлақтарды еттартқышпен тартып, одан кейін сүзбемен араластырып, бір шымшым тұз бен аздаған кез келген көк шөп қосады.

·     Түскі ас. Қытырлақ нан қосылған саңырауқұлақ сорпасы. Шай (ең дұрысы көк шай), балмен немесе лимонмен.

·     Кешкі ас. Жас көкөніс салаты (лимон шырыны немесе май қосылған!), айран, алма.

 

Диета ұзақтығы  - 6 күн. Яғни, сіз саңырауқұлақты рационға дүйсенбіден сенбіге дейін шыдауыңыз керек. Таңғы және түскі асқа сіз біздің ұсыныстарға қарамай, саңырауқұлақтарды өзіңізге ұнайтындай әзірлей аласыз. Бастысы, саңырауқұлақтарды картоппен үйлестірмеңіз, себебі нәтижесінде салмақ тастауға мүлдем жарамайтын ауыр және құнарлы тағам болып шығады.

Бір апта нәтижесі  - минус 4-5 кг.

 

Маңызды! Диетаның қандай нұсқасын таңдасаңыз да, бұндай тамақтануды ұзаққа созу ұсынылмайтындығын есте сақтаңыз. Егер сіз жай ғана етті вешенкаға алмастырған болсаңыз, оны жеу ұзақтығы бір-екі айдан аспауы тиіс. Екінші нұсқада саңырауқұлақтарды тұтынуды бір-екі аптамен шектеу керек, ал үшіншісі тек бір аптаның ішінде жылдам салмақ тастауға арналған.

2017-01-10
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
акция
Хан аспа саңырауқұлағы -Goods from the article
Қаптама саны: 12 дана
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
акция
Үздік сату
Кәдімгі аспа саңырауқұлағы -Goods from the article
Қаптама саны: 12 дана
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
акция
Көктемгі аспа саңырауқұлағы -Goods from the article
Қаптама саны: 12 дана
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
акция
Алтын аспа саңырауқұлағы -Goods from the article
Қаптама саны: 12 дана
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!