Помощь

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Сапалы үрме бұршақты қалайша дұрыс өсіреді

Сапалы үрме бұршақты қалайша дұрыс өсіреді

Үрме бұршақ  - бұл аса құнды дақыл, өсімдік ақуыз құрамы бойынша жемісіне тең келер ештеме жоқ деуге болады. Үрсе бұршақ тамаша дәмдік және қоректік қасиеттерге ие, керемет диеталық өнім болып табылады. Қазақстан жағдайларында оны барлық ықтималды ыждаһатталықпен өсірген дұрыс, өйткені күрт континентальді климат өнім жоғалтып алудың жоғары қаупін береді. Өсірудің агротехникасын нақты сақтай отырып, сіз үрме бұршақтың сау әрі мол өнімін өсіріп, ала аласыз!

Үрме бұршақ тұқымын жер айтарлықтай жылынып (10-15 градусқа дейін), қатып қалу қаупі болмаған кезде егу қажет. Егер өсірген кезде үлдірді пайдаланатын болса, онда уақытты үнемдеуге болады  - бір-екі апта бұрын егу жұмыстарын бастауға болады. Жалпы бұл дақылды бірнеше мерзімде егу ұсынылады. Бұл оны ұзақ уақыт бойы тұтынуға мүмкіндік береді. Егу арасындағы интервал шамамен екі аптаны құрауы тиіс, бірақ: маусым айының үшінші он күндігі  - бұл үрме бұршақты егуге болатын соңғы мерзім екенін есте сақтаңыз.

Егу

Үрме бұршақтың жарты бұталы және бұталы сұрыптарының тұқымдарын егу екі негізгі әдіспен жүзеге асырылады:

  • ленталы әдіспен;
  • кең қатарлы, қатар арасындағы қашықтық шамамен 30-45 сантиметрде.

Жарты орамды үрмебұршақты әдетте үш, кейде төрт ленталы әдіспен егеді. Жолақта тұқым шамамен 10 сантиметр қашықтықта болуы тиіс. Оларды егу тереңдігі тұқымның өз салмағына байланысты болады  - орташа есебімен бұл 3-8 сантиметр болады.

Алғашқы көктеуін байқағаннан кейін шамамен 5 сантиметрге қатар арасын қопсыту жұмыстарын жасау қажет. Алдағы уақытта өсімдікке күтім жасаудың төменде көрсетілген шараларын тұрақты түрде жасап тұру қажет:

  1. 4-5 сантиметрге қатар арасын тұрақты түрде қопсыту. Назар аударыңыз! Үрме бұршақта тамыр жүйесі онша терең емес жерде - жердің жоғарғы қабатында орналасатынын есте сақтаңыз, сондықтан қатар арасын тым қарқынды түрде қопсытуға болмайды.
  2. Өсімдік ауруларымен және зиянкестермен күресу шараларын мерзімді түрде өткізу.
  3. Үрме бұршақ шамамен 15 сантиметр биіктікке жеткен кезде түптеу жұмыстарын жасау қажет. Бұл вегетация кезеңі басталғанда оның жатып қалуына жол бермейді.
  4. Суарып тұруды да ұмытпаңыз: вегетацияның бірінші фазасында бір шаршы метрге кем дегенде 30 литр қолдану қажет, екіншісінде  - тағы 10 литрге ұлғайтыңыз. Суаруды қанша рет жүргізу қажеттілігі жергіліктің жердің ерекшелігіне байланысты болады  - орманды далада әдетте 2 рет, ал оңтүстік аудандарға жақын жерлерде  - 4 ретке дейін суарады.

Егер оралып өсетін сұрыптың үрме бұршағын өсіретін болсаңыз, жүйектердегі қатар арасындағы ені кем дегенде 60-70 сантиметр, ал жолақтағы тұқымдар арасындағы қашықтық  - шамамен 40 сантиметр болуы тиіс екенін есте ұстаңыз. Қазықтар шамамен 3 метр ұзындықта жасау ұсынылады (оларды ең аз дегенде 0,5 метрге жерге қағып қою қажет, әйтпесе, оларды жел айдап әкететін ескеріңіз). Қазықтарды өсімдік кем дегенде 20 сантиметрге өскен кезде қағып қойған дұрыс болады. Өсімдік сабағы солға қарай - сағат тіліне қарама-қарсы оралатынын ескеріңіз.

Өнімді жинау

Үрме бұршақ бұршақтарын толық техникалық пісіп жетілу кезеңінде гүлдегеннен кейін үш аптадан соң жинай бастайды. Бұл уақытта жемістер жеткілікті өлшемге жетеді, нақты сұрыпқа сәйкес реңкке боялып, нәзік әрі шырынды болады.

фасоль

Оларды әрбір 3-6 күн сайын жүйелі түрде ауа райына байланысты жинап тұрады. Бұл операцияны теңертеңгі уақытта жүргізген дұрыс  - осы кезде бұршақтар аса нәзіктілікпен және шырындылықпен ерекшеленеді. Өнім жинауды кешіктіріп алмаңыз  - бұршақтар құрғақ, дөрекі болып, олардың жалпы сапасы айтарлықтай төмендеп кетеді. Бұршақ өнімін шамамен 0-1 градус температурасында тоңазытқыш камерасында сақтау ұсынылады.

Егер үрме бұршақты тұқымға жинайтын болсаңыз, онда бұны жемістері өзінің биологиялық пісіп жетілу кезеңіне жеткенде жасаған дұрыс. Бұл жағдайда таңертеңгі уақыт  - операцияны жүргізу үшін оңтайлы уақыты болады. Өсімдікті жерден толықтай шығарып алып, бау етіп байлап, оларды пісіп жетілу үшін қалдырып қою қажет. Осы процедураны бақшада тұрып та жасауға болады, егер ауа райы құрғақ және жылы болатын болса. Ашық жерге қандай да бір матаны немесе пластик үлдірді жайыңыз да, оның үстіне бауларды салып қойыңыз. Бұршақтары пісіп жетілген кезде олар жарылады да, олардың ішінен тұқымдары шығады. Әдетте бұл процесс шамамен екі аптаға созылады.

Сақтау

Үрме бұршақты сақтауға жіберген кезде жай құрғақ және желдетілетін болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Үрме бұршақ бұршақтарын сақтаудағы мінсіз климаттық көрсеткіштер:

  • ауа температурасы шамамен 6-10 градус;
  • салыстырмалы ылғалдылығы: 40-50%.

Назар аударыңыз! Сақтайтын орынның температурасын 15 градустан асырмаңыз. Бұл осы дақылдың негізгі зиянкес дернәсілінің - үрме бұршақ дән жегішінің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Үрме бұршақты тығыздауыш ретінде қолдану

Көп жағдайда үрме бұршақты өзге дақылдарды отырғызуда тығыздау үшін қолданылады. Бұл қиярды, орамжапырақты, пияз бен сәбізді отырғызған жағдайда маңызды. Үрме бұршақ, әсіресе оның үстіңгі тамыр жүйесі жерді азотпен байытуға қабілетті. Тығыздауыш ретінде дақылды қолдану үшін 1-2 метр қашықтықта бір ұяшыққа 3 дәннен ұяшықты әдіспен егіп шығыңыз. Сонымен қатар, үрме бұршақты жолақтарда егу ұсынылады  - бұл жағдайда олар негізгі дақылға жетуге қиындық түсірмейді.

2016-03-14
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!