Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Калибрахоа: таң қаларлық жайт, бірақ бұл тұқым!

Калибрахоа  - бұл сәнді ампельді гүлдер  - біздің жерімізде айтарлықтай жақында ғана пайда болды. Тіпті 1990 жылы осы керемет гүл шырайгүл деп саналып жүрді емес пе! Әрине, олардың сыртқы жағын бір-біріне ұқсас болғандықтан солай есептеді, бірақ ол олай емес. Осы екі гүлдің ДНҚ мүлдем әр түрлі. Калибрахоа өсімдігіндегі гүлдің өзі де диаметрде 3 сантиметрден сирек асады. Барлық ерекшеліктерге қарамастан, бұл өсімдіктер әлі де туыс деп саналады.

Бірақ қазіргі мезетте ең басты қызықтыратын жайт  - осы гүлдің көбею мүмкіндігі «Каблум» калибрахоа өсімдігінің жаңа сериясында селекционерлер бізге ашқан тұқыммен жүзеге асады. Бұрынғы уақытта калибрахоа тек вегетативті-сабақты түрде ғана көбейген болатын. Мәселе тұқымдары түйнек тастамауда емес  - осы әдіспен өсірілген бұл өсімдік сұрып қасиеттерін жоғалта отырып, жабайы түрге жылдам айналған болатын. Дело

 «Каблума» түрін шығара отырып, барлығы өзгеріп шыға келді  - енді калибрахоа өсімдігін тұқымның көмегімен тамаша көбейтуге болады  - барлық сұрыптық қасиеттері сол күйінде сақталады!

Сұрыптардың ерекшеліктері

Калибрахоа түсінің «стандартты» бояу  - күлгін түс. Ал барлық қалған керемет ақ, қызғылт, сары, көк, қызыл, тіптен қоңыр түстер  - селекционерлердің үздіксіз атқарған жұмыстарының нәтижелері. Кешірек түкті сұрыптар да пайда болды.

Калибрахоа өсімдігінде екі ерекше қасиеті бар  - ұсақ (1-уі 3 см) «мамықтай» жапырақтар, сондай-ақ, өзінше «тамағы» бар  - қоңыр немесе сары түстегі орта жағы қаралау реңкте болады.

Жаңа сұрыптарда бағбаншыларға не ұнайды?

  • Керемет декоративтік сапа. Калибрахоа өсімдігін барлық шарттарды сақтай отырып, дұрыс өсірсе, гүл сізге ақылға сыймайтындай сәнді және қаулаған гүлденумен таң қалдырады  - түстердің қаулаған түрінен жерде өсіп тұратын шөп көрінбей кетеді!
  • Ұзақ уақыт гүлдейді. Өсімдіктің керемет гүлденген түрін жаз бойы тамашалауға болады. Ерекшелігі  - калибрахоа ең аптап ыстық деген күнде ақ қайтпай гүлдей беруін жалғастыра береді! Гүлдерінің саны азайғаны болмаса.
  • Күтім талғамайды. Тұрақты жиі суарып тұруды ерінесіз бе? Онда калибрахоа  - сізге арналған өсімдік екен. Ұдайы суарып тұру мүлдем қажет емес, ол тіптен оған кері әсерін береді! Сондықтан гүлдерін су құйылған бүріккішпен жай ғана су бүркесеңіз болады және кейде әлсін - әлсін суарып тұрыңыз.

Отырғызу ерекшеліктері

 «Беккер» интернет-дүкені сізге әдеттегі емес, плазмалық тұқымды ұсынады. Олар арнайы өңдеуден өткізіледі, тасымалдау барысында олардың сақталуын және өнгіштігін бірнеше есеге арттырады. Олар біздің плазмалық тұқымнан өсіретін калибрахоа гүлдері жақсы өседі, сонымен қатар, сәнді, әрі ұзақ уақыт тамаша гүлдеп тұрады.

выращивание калибрахоа в торфяных таблетках

Ешбір қателік жасамай, ықтималды қиындықтарды алдын алу үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

  • Әйнек астына 0,5 сантиметр тереңдікке отырғызу жұмыстарын жасау қажет. Бұл іске ең жақсы кезең  - ақпан немесе наурыз айы.
  • Отырғызу алдында тұқымдарды түйір түрінде ешқашан сулап қоймаңыз  - бұл маңызды!
  • Тура отырғызу алдында топырақ қоспасын молынан суарып алыңыз  - бұл түйірлерге жылдам ерісуіне мүмкіндік береді. Топырақ қоспасының құрамы  - шымтезектің 3 бөлігі және ылғалды ұстап тұратын балшықтың бір бөлігі.
  • Дегенмен, өнудің 100% және жақсы нәтижені беретін отырғызудың ең жақсы әдісі - шымтезекті немесе кокос таблеткаларын қолдану болып табылады.

Тұқымнан калибрахоаны өсіру процесінің ең тиімді түрін Сіз осы бейнетаспадан көре аласыз:

Күтім жасаудың негізгі ережелері

Тұқымдарды топырақ құрғап кетпейтіндей, аса көп суғармай, қалыпты суғарыңыз. Сондай-ақ, өскіндер күн жарықта ғана пайда болатынын ескеріңіз. Осы процесс пайда болғаннан кейін суғаруды тоқтатыңыз да, температура деңгейін шамамен 20⁰ орнатыңыз.

Көшетті кашпоға келесі түрде отырғызу қажет:

  1. Тұқымдары өскеннен кейін процедураны 7 аптадан соң бастау қажет.
  2. Диаметрі 25 см тең келетін кашпоны таңдаңыз да, оған 3-4 көшетті отырғызыңыз.
  3. Өсімдікті аздап шымшыңыз  - әрбір сабақта шамамен 5 түйін аралығынан қалуы тиіс.
  4. 2 аптада бір рет қоректендіру жұмыстарын жүргізіңіз  - көшет жақсы сіңісіп кету үшін және жылдам өсіп кету үшін қажет.
  5. Температураны шамамен 16-18 градуста ұстап тұрыңыз, сондай-ақ, жайды тұрақты түрде желдетіп тұруын қамтамасыз етіңіз.

Калибрахоа тіке түспейтін күн сәулесін (шамамен 11 сағат бойы), жеңіл, жақсы құрғатылған топырақты ұнатады, өтпе жел болмауы тиіс. Егер жаздағы күн сәулесі тыс ыстық болатын болса, онда өсімдікті көлеңкелетіңіз. Апта сайын қоректендіру  - өте маңызды. Гүлдегенде және бүрленгенде өсімдігіңіз калий мен фосфарды жеткілікті түрде қабылдауына жағдай жасаңыз, ал көшеттік кезеңде  - көбірек азот беріңіз.

Және тағы есте ұстайтын бір жайт  - калибрахоаны шамадан тым суару қатаң түрде тыйым салынады. Бұл жағдайдан оның нәзік түп жағы шіри бастауы мүмкін.

Егең ерінбейтін болсаңыз, жоғарыда аталған барлық ережелерді сақтайтын болсаңыз  - осы бейнетаспада көріп тұрған сұлулықты ала алатын боласыз!

 

2016-01-26
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!