Помощь

Дүкен жаңалығы! Терезе алдына арналған плазмалық тұқымдар

плазменные семена для подоконников

Терезе алдындағы бақша  - отбасыңызды жыл бойы балғын көкөніспен еркелетудің тамаша мүмкіндігі. "Қыста терезе алдында өсіруге арналған өсімдіктердің ТОП-7" мақаласында біз қыста үйдің ішінде өсіруге ең тамаша келісімді дақылдарды қарастырдық. Бұл мақалада арнайы жаңалық  - балконда өсіруге арналған плазмалық тұқымдар жайында сөз қозғалады. 

Плазмалық тұқымдардың құндылығы

Плазмалық тұқымдар отырғызу материалының жеке түрі болып табылмайды. Ол төмен температуралы плазмамен өңделген әдеттегі тұқымдар. Технология өсімдікке зиянды әсер етпестен, кез келген дақылдың әлеуетін барынша ашу мүмкіндігін береді. Плазмамен өңдеу нәтижесінде өсімдіктің көптеген ауруларға төзімділігі, өнімділігі артып, жемісінің саны арта түсуде.

Бұл технология мен оның артықшылықтары туралы толығырақ ақпаратты «Плазмалық тұқымдар –21 ғасыр таңдауы!» мақаласынан оқи аласыз.

Баялды, қызанақ, ашты және тәтті бұрыштың плазмалық тұқымдары сатылуда! Барлық сұрыптар терезе алдында өсіру үшін арнайы шығарылған. Сұрыптардың әрқайсысы пайдалы ғана болып қоймай, керемет дәмді. Ал әр бұтадан жинайтын өнімді айтсаңызшы! Енді осы жаңалықтармен жақынырақ танысайық.

Ашты бұрыш

острый перец вырастить на балконе

● Локо бұталы бұрышы. Керемет шырынды әрі балғыш ашты дәмге ие. Сұрып көбінесе дәмдеуіш ретінде пайдаланылады. Жемістері пісу барысында түстерін күлгін түстен қанық қызыл түске ауыстырады.

● Чайен бұрышы. Сұрып орташа ашты дәмімен ерекшеленеді. Үлкендігі 4 см жуық жемістері қанық қызғылт түске ие. Бірінші жемісінің дәмін үш айдан кейін тата аласыз.

● Корзина пламени (Алау себеті) бұталы бұрышы. Танытылған бұрыш түрлерінің ең аштысы. Сұрып суыққа төзімді, Сондықтан оны жабық балконда өсіру әбден мүмкін. Бұтасының жартылай ампельді пішіні және жемістерінің пісу барысындағы түсін өзгертуі бұл бұрышқа ерекше бір көрік береді.

Тәтті бұрыш

сладкий перец для балкона

● Бэйби Рэд  - бұл бұрыштың хош иісті, шырынды және қытырлақ мәйегі оны көптеген тағамдардың құрамында қолдану мүмкіндігін береді. Жемістері 80 г дейін өседі. Пісу процессінде олар қою жасыл түстерін қанық қызыл түске ауыстырады.

● Бэйби Йеллоу. Сары жемісті бұл бұталар кез келген жай ішін шуаққа толтырады. Ерте пісетін сұрып, бұрыштары 75-80 піседі. Балғын түрінде де, өңделген түрінде де тұтынуға жарайды.

● Бэйби Белл  - бұтада қошқыл қызыл түсті бұрыштар төгіліп тұрады. Әрі мәйекті жемістері салаттар, консервілеу және ішін толтыру үшін таптырмас болып табылады.

плазменные семена томатов

Қызанақтар

● Пиадропс  - күн тамшылары, ықшам өлшемдері мен тамаша дәмдік қасиеттерінің арқасында кез келген бала үшін нағыз тәтті тағамға айналады. Сұрып жемістерін бүтіндей консервілеуге жарамды.

● Красное изобилие (Қызыл молшылық)  - аса өнімді және ерте пісетін сұрып. Нәзік мәйегі өте шырынды және тәтті. Сұрып кез келгенді өзінің дәмімен арбап алады.

● Рамблин Рэд Страйп. Жасыл жолақты қызыл жемістерінің өлшемдері шағын. Мәйекті әрі шырынды қызанақтар салаттарға арналғандай.

● Рамблин Голд Страйп. Бұл сұрып жемісінде күн нұрының бүкіл алтыны жасырылған. Бұталар кез келген интерьерге көрік беріп, көшеттерін отырғызғаннан кейін не бары екі айдан кейін сізді жемісімен қуантады.

● Тамблинг Том Йеллоу. Өсімдік әрдайым қол астыңызда болатын сары шарларға толы бір метрге дейінгі шыбықтар қалыптастырады!

● Тамблинг Том Рэд бұл сұрып жемістері қақаған аяздың өзінде есіңізге жазды түсіріп отырады. Теңдессіз дәм мен хош иіс сізді осы сұрып табынушысына айналдырады.

Тамблин Тайгер  - қорамындағы витаминдердің жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Балаларды бұл қызанақтың түсі қызықтырар  - олар жолбарыс марғауларына ұқсас. Ал ересектер болса, оның дәмді және тәтті мәйегін ұнатар.

● Мегабайт  - сұрып жемістерінің өлшемдерімен рекордсмен болып табылады. Қызанақтар салмағы 150 г жетеді. Бір бұтадан 50 дейін мәйекті әрі дамды қызанақ жинап алуға болады.

● Бэйби Черри Рэд  - терезеңіздің алдындағы черри қызанақтарының шағын нұсқасы. Жемістері тәтті дәмімен ерекшеленеді. Салаттар мен бүтіндей консервілеуге жарамды.

● Бэйби Йеллоу  - піскен кезінде бұта күн тамшыларына бөленіп тұрғандай көрінеді  - бойындағы пісіп келе жатқан қызанақтар саны соншалықты көп. Осы сұрып қызанақтарының шырынды мәйегімен бәсекелесе алатыны жоқ!

● Бэйби Скарлет - сұрып витаминдер тапшылығы ерекше сезілетін қысқы кезде ерекше пайдалы болмақ. Тамаша дәмінің арқасында ол қызанақтарға ересектер мен балалар да тамсанады!

Баялды

баклажаны для балкона

Бэйби Вайолет  - бұл сұрып бұталары өте көрікті. Піскен жемістері неонды-қызылкүрең түске ие. Тікендерінің болмауын өнімді жинап алуды жеңілдетеді. Керемет хош иіс кез келген тағамның ерекшелігіне айналады.

● Бэйби Уайт  - нәзік крем түсті жемістерінің дәмі жұмсақ әрі балғын және аштының ешбір нышаны да жоқ. Бұталарының сыртқы келбеті де көз қуантады.

● Бэйби Блэк  - аса витаминді және мүлдем ашты емес гибрид. Ол кез келген аспаздық талғампаздықпен тамаша үйлеседі.

● Бэйби Страйп  - ала «көйлекті» шағын баялдылар сізді дәмімен және мол өніміммен қуантады.

Плазалық тұқымдарды өсіру ерекшеліктері

Отырғызар алдында тұқымдарды таза суға немесе өсуді ынталандыру құралына ылғалдандырып алып, одан кейін аздап кептіріп алу қажет.

Тұқымдарды не үстінен бір қабат вермикулит себе отырып үстірт әдіспен не 1,5 см дейінгі тереңдікке көме отырып отырғызады. Тұқым отырғызылған ыдыстың бетін шынымен не үлдірмен жауып, ішінде жоғары ылғалдылық пен 22-25˚С температурасын ұстап отыру қажет.

Өскіндер пайда болғаннан кейін ыдыстың бетін ашып, температурасын 18-21˚С дейін төмендетуге болады. Топырағын үнемі ылғалды күйде ұстап отыру қажет.

что вырастить на подоконнике зимой

Екі он күндіктен кейін көшеттер тамырындағы бір түйір топырағымен қоса жарты литрлік контейнерлерге көшіріледі. Үнемі салқын (20˚С төмен емес), тынықтырылған саумен суарып отырады.

Тұрақты өсу орнына 9 нағыз жапырақ фазасында көшіріледі. Ол үшін диаметрі 25-35 см құмыралар жарайды. Ішіндегі топырағы ылғалды болуы тиіс. Өсімдіктің тамыр мойынын 2-3 см тереңдетуге болады.

Дақыл өсетін тұрақты орын күн көзінде болуы тиіс. Түнгі температура 11-16˚С дейін төмендеп, күндізгісі –18-22˚С дейін көтеріле алады. Үнемі, бірақ топырақ біраз кеуіп отыратындай суарып отыру қажет. Түйін салғаннан кейін суары көлемін ұлғайту қажет. Қоректендіру 7-10 күнде бір рет жүзеге асырылады. Қажетті жағдайларда өсімдіктерді тіреп қою қажет.

Плазмалық тұқымдарды таңдаңыз, сонда олар сізге жыл бойы бір түйір жаз сыйлап отырады!

2016-12-30
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Қаптама саны: 7 дана
429 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 7 дана
429 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 7 дана
429 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Перец кустарниковый Корзина пламени F1 -Goods from the article
Қаптама саны: 7 дана
349 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 7 дана
349 тг
уже куплен
Сатып алу
Жаппай сатылым -33%
Тамблинг Тайгер F1 аспалы қызанағы, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 8 дана
299 тг
199 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 8 дана
399 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Томат карликовый Бэйби Скарлет F1 -Goods from the article
Қаптама саны: 8 дана
399 тг
уже куплен
Сатып алу
Жаппай сатылым -33%
Компактный Мегабайт F1 қызанағы, тұқымдар -Goods from the article
Қаптама саны: 8 дана
299 тг
199 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Мы отправили Вам письмо c подтверждениям регистрации.
Пожалуйста проверте Вашу почту

Жеке кабинетке кіру


Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Какие товары вы ищите?

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!

Сіздің хабары алынғаны!

1-2 күн Кіріс сұрау қайта өңдеу мерзімі
Бұл электрондық поштаға жауап күтілуде