Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Наурыз айында бақ пен бақшадағы істейтін жұмысқа шолу

Наурыз айында бақ пен бақшадағы істейтін жұмысқа шолу

Наурыз айында істейтін көптеген жұмыс күтіп тұр. Тұқымдарды көшетке себу, бақты көктемгі жылы кезге дайындау және көбейтуге қалдырылған бадана мен түйіндерді сұрыптау қажет. Ештемені қалдырмай, барлығын дер кезінде істеу үшін  - наурыз айында істелінетін бақ пен бақшадағы маңызды істерге шолуымызды негіз етіп ала отырып, жұмыс жоспарын жасаңыз. Жай ғана оған өз түзетулеріңізді енгізіп, шпаргалканы көрінетін жерге қойып қойыңыз.

Басты тапсырмалар

Наурыз айында жемісті, жидекті және декоративті ағаш пен бұталардың көшеттерін жан-жаққа тарату жұмысы басталады. Жоспарлағанның барлығына тапсырыс бердіңіз бе тексеріп алыңыз? Бақтағы ағаштың күйін тексеріңіз, раушан гүлінен және клематистен жабынды шешіңіз және олар өздерін қалай сезінетінін қадағалаңыз. Мүмкін кейбірін ауыстыру қажет болар? Көшеттерді дер кезінде отырғызуға үлгеру үшін бар кезде тапсырыс жасаңыз.

Тұқым қорыңызға да бір ревизия жасап қойыңыз. Көптеген тұқымдар сақтаудың екінші жылында онша жақсы өспей қалады, сондықтан дер кезінде өсетіндей жаңа пакеттерді де сатып алу қажет.

Әдемілік үшін

Наурыз айының басында (оңтүстік өңірлер үшін) немесе аяғында (орта белдеулер үшін) өрмелі раушан гүлдерінен жабынды шешеді. Бұтаға пішім беру үшін бұтақтарды қысқартыңыз және аяздан үсіп қалған өскіндерді алып тастаңыз.

Өскін түзілуін ынталандыру үшін клематистердің сабақтарын қиыңыз. Өткен жылғы, және бір жылдық өскіндерде гүлдейтін өсімдіктер үшін қию жұмыстары қарқынды болмауы тиіс. Наурыз айында 30 см биіктікке жас ағаштарды қысқартады. Бір жылдық өскіндерде ғана гүлдейтін сұрыптарды жаңа сабақ пайда болу үшін 2-3 бүршік деңгейінде қысқартады.

Гортензия өскіндерін шамамен үштен бір бөлікке қысқартыңыз, әйтпесе «сорайған» түрге айналып кетеді, бұта пішіні өзгереді де, бытырап өсіп кетеді.

Жеміс беретін бақта

Барлық көшеттерді көру

Тарауға өту

Наурыз айында қардан еріген су өсімдік тамырларына жұмсақ суды мейлінше молынан беру үшін учаскеде ылғал сақталуына жағдай жасаңыз. Ол үшін су төменге қарай ағып кетпеу үшін еңіс жерлерде қардың көлденең үймектерді тырмалап жинап қою қажет және ылғал қатар арасына ағатындай қарды қазып алу қажет.

Шамалы жылы ауа райында сүйекті ағаштарды  (өрік, шие, шабдалы, нектарин, көк өрік) қысқартуды бастаңыз.

Жабын астында қыстап шығатын жидек бұтасының жылы көрпесін шешіп алып, тамыры аяздан қатып қалмас үшін астындағы жерді жабынмен жауып қою қажет.

Ағаш діңдерін аяз соқпағандығына қатысты тексеріп шығыңыз. Егер жарылған жері болатын болса - оларға қарамай жағып қою қажет.

Таңқурай сабақтарын түзетілу үшін жабынын шешіп тастаңыз. Қатты аяз енді болмайды, енді өскіндер зардап шекпейтін болады. Кейбір бұтақтарды жерге қарай бүгіп қойыңыз, олар тамырланып, жаңа көшет пайда болуы тиіс.

Қарлыған мен қарақатпен де айналысыңыз - оларды тыныш күйде жатқан кезде қысқартыңыз, наурыз айы осы кезге жақсы келеді.

Бақтағы барлық түскен бұтақтарды жинап тастаңыз. Олар қазір еріп жатыр, ал бұл тазалыққа кірісу керектігін білдіреді.

Бақшада

Егер жер ери бастаса, онда оны компост қабатымен жабыңыз да, шамалы қазып қойыңыз (мүмкіндігінше). Осылайша қорек заттар әлдеқайда жақсы игеріледі.

Қар әлі ерімеді ме? Еріген кесек қардан түзілген ылғалды сақтау үшін қатар арасында жырашық қазып қоятын кез келді дегенді білдіреді.

Көшетке қызанақ себіңіз. Төмендегіні ескеріңіз:

  •  Кеш пісетін сұрыптарды (Чибис, Сібірлік гигант, Қоңыр қант, Малиновый слон (Таңқұрайлы піл), Сахар белый (Ақ қант) және т.б.) наурыздың басында отырғызу керек.
  •  Орташа пісетін сұрыптар сорта (Желтый и Малиновый гигант (Сары және Таңқұрайлы алып), Бычье Сердце (Бұқа жүрегі) және т.б.) наурыздың ортасында себіледі.
  •  Ерте пісетін сұрыптар (Баночный, карликовый Бэйби Скарлет және өзге гибридті сұрыптар) наурыздың соңында егеді.

Наурыздың басында бұрыштар мен баялдылардың ерте пісетін сұрыптарын себіңіз. Ал қазір брюссельдік, орта пісетін ақбас және түрлі түсті орамжапырақ уақыты келді.

Қардың үстінен жүйектерге сәбізді егуге болады. Еріген қармен бірге тұқымдарды төменге тартып, жерді қайта қазып, дайындамай ақ жақсы өсіп шығады.

Тұқымдардан жаңа сұрып алғыңыз келсе, картопты егуді ұмытпаңыз. Қазір оны көшет ыдыстарына сеуіп шығаратын кез.

Гүлбақта және гүлзарда

Қар еріп, күн сәулесі түсіп, күн жылынды, енді жерде қыстап шығатын баданалы көп жылдықтан жабынды алатын кез келді. Амариллистерден, желайдардан және зағыпыраннан жылы көрпелерін алып тастаңыз. Қызғалдақты, сүмбілді және гладиолусты ашыңыз. Жабын болған жерді жауып қойыңыз  - осылайша ол ылғалды және жылдам жылынады, ал бұл алғашқы гүл қауызынан өскін ерте пайда болады дегенді білдіреді.

Жертөледе сақталған баданаларды алып, сұрыптап, желдетіп алу қажет. Жуырда оларды жерге отырғызатын кез болады, олар дайын болуы тиіс. Егер әлде біреуі өне бастаса  - өсіп қалған өсімдікті гүлбағына отырғызу үшін қыш құмыраға отырғызыңыз.

Гүлзарға арналған учаскені қазірден бастап дайындау қажет. Жерді қазып алып, отырғызу мезетіне жер отыратындай қоректендіріп алыңыз.

Бір жылдық гүлдейтін тұқымдарды себіңіз. Шырайгүлді, ақкекірені, барқытгүлдерді, бәйшешекті және өзге бір жылдықтарды тап қазір отырғызуға болады, өйткені жерге отырғызу мезетіне қарай олар толықтай қалыптасып алуы қажет.

 

Жылыжайда

Наурыз айының басында күні бойы желдетіліп, кебу үшін жылыжайды аша бастаңыз.

Әдетте жерді ауыстыру жұмыстарын күзде жасайды, бірақ осы істі өткізіп алсаңыз  - жерді қазір ауыстырып алыңыз, өйткені ескісі өткен жылда азып қалды.

Егер көкті немесе зеңді байқап қалсаңыз  - алдын ала қаңқа мен әйнекті сабын сумен жуып алып, ішін жылытқыш желдеткішпен кептіріп алыңыз. Жерге ұнтақталған көмірді немесе ағаш күлін салыңыз.

Жылыжайға жылыну үшін компост салынған қаптарды қойып қойыңыз. Жуырда көшетті сиретіп отырғызу үшін жер қажет болады.

Көшет жәшіктерінің орнына орамжапырақ пен қызанақты жылыжайға егуге болады, ең бастысы ішінде жылу жеткілікті болуы тиіс.

Әзірше бос орындарды өсетін өсімдіктермен отырғызғанға дейін, бұл жерге бөлме гүлдерін көшіріп, бөлмені жермен ластап аламын деп қорықпастан, оларды жаңа қыш құмыраға еш уайымсыз қайта отырғызуға болады.

Үйде

Тәжірибеңізді жүйелендіріп алыңыз. Бағбан күнделігін бастаңыз да, оған сұрып атауларын, егетін мерзімдерін, жүйек нөмірлерін және алынған өнімді егжей-тегдей етіп жазыңыз. Бұл алдағы уақытта өзіңіздің ауа райы жағдайыңызға қарай жақсы жақтан өзін көрсеткен сұрыптарды ғана сатып алуға көмектеседі.

Қажетті бір буманы ала салып, оларды бір күні отырғызу үшін тұқымдарды күндері және егетін мерзімдері бойынша сұрыптап алыңыз.

Көкөніс пен гүлдердің әр түрлі сұрыптары қай жерде өскенін нақты білу үшін жүйектеріңізге арналған маңдайшалар дайындаңыз.

Әлдебір жаңа нәрсені үйреніңіз, оқып жүріңіз және алған білімдеріңізді тәжірибе жүзінде қолданыңыз, сонда бағыңыз бен бақшаңыз көп өнім беретін болады.

Ал біз болсақ, өз тарапымыздан, сізде әрдайым отырғызуға арналған сапалы тұқымды материал болатындай жағдай жасаймыз.

2016-02-29
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Қаптама саны: 0,1 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,1 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,1 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Акция! 3+1
Қызыл түсті өрмелеп өсетін раушан гүл -Goods from the article
Қаптама саны: 3+1 көш
7 690 тг
уже куплен
Сатып алу
Акция! 3+1
Дольче Вита шай-гибридті раушан гүлі -Goods from the article
Қаптама саны: 3+1 көш
7 690 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 8 дана
399 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!