Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Көшетті өсіру ерекшеліктері

Көшетті өсіру ерекшеліктері

Ақпан айы жақындап келе жатыр  - бұл кез келген бақшашы және бағбан үшін ең ауыр әрі жүктелген айлардың бірі болып келеді. Міне осы уақытта әдетте Қазақстанда көшетті отырғызу уақыты басталады  - ал сапасы алдағы уақытта алатын өнімнің молдығына тікелей әсер етеді. Сондықтан аса мұқият және бар ынтамен осындай жауапты кезеңге бел буу қажет! Осы мақаладан көшетті қалай дұрыс отырғызу және көпшілік жіберетін қателіктерді қалай жібермеу қажет екендігін біле аласыз. Бұндай ақпарат тек жаңадан бастаушыларға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның тәжірибелі деген бақшашыларына да пайдасы тиері сөзсіз. Көшетті өсіргенде және отырғызғанда көп факторларды - бұл өсірілетін өсімдік түрінің ерекшеліктерін, отырғызатын кезеңді және белгілі өсімдікті отырғызу шартын ескеру қажет.

Көшетті неге өсіру қажет

Көп өнім беретін дақылдарды өсіру ашық топыраққа тұқымды жай ғана тікесінен тіке отырғызу жолымен де болады. Бірақ көптеген дақылдар көшетті өсіру кезеңін талап етеді. Бұл әдіс аса еңбек етуді көп қажет ететініне қарамастан оны келесі себептермен қолдану қажет:

  • Сіз тұқымды үнемдейсіз. Бұл әсіресе, егер сіз қымбат гибридті сұрыптарды қолданатын болсаңыз өзекті. Егер тұқымдарды тікесінен тіке ашық топыраққа отырғызатын болсаңыз, олардың шығыны айтарлықтай көп болады.
  • Көшетті өсіре отырып, ерте және мол өнім алуға мүмкіндікті алатын боласыз! Одан басқа кейбір дақылдарды тура ашық топыраққа отырғызуға болмайды  - көшет болу кезеңі олар үшін аса қажет.
  • Жас өсімдіктер өсу үшін жақсы жағдай жасау мүмкіндігі бар  - өйткені көшет өте аз орынды алады, өсімдіктерге жастарына қарай өте жайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, ішіне салынған ыдысты ауыстырып қоюға болады.

Вегетативтік кезең

Сау көшетті өсіру үшін вегетативтік кезеңін (оған өмір сүрудің аса жайлы жағдайларын ұқыптап жасауға қажетті даму кезеңі және өсімдіктің өсуі ) мұқият қадағалау қажет.

Барлық дақылдарда вегетативтік кезең бөлек болады, сондықтан өсімдікті өсіру алдында вегетациялану ұзақтығын міндетті түрде біліп алыңыз. Бұл ақпаратты тұқым қаптамасында таба аласыз  - онда кезең күнмен көрсетілген. Сонымен қатар, оның басы еккен мезеттен, не алғашқы көктеу басталған уақытымен есептеле алатынын назарға алыңыз. Аяқталуы не өнімді жинау уақытымен немесе жемістің пайда болуымен көрсетіле алады. Бұл мезетті анықтап алған дұрыс, өйткені осы күндер арасындағы екпін екі аптаға дейін жете алады.

рассада сельдерея

Мысал ретінде, соңғы уақытта танымал болып жүрген дақылды  - балдыркөкті еске түсіруге болады. Тамырлы сұрыптарының вегетациялау кезеңі 200, жапырақтылардың  - 100 күнге тең. Ол суықты жақсы көтеретіндіктен әдетте оны сәуір айының соңында егеді. Екі аптадан кейін көктей бастайды.

Өнім жинайтын уақытқа қарай қазан айының басына таман вегетация уақыты шамамен 135 күнге тең болады. Балдыркөктің жапырақты сұрыптар үшін бұл уақыт тамырлы сұрыптарға қарағанда айтарлықтай жеткілікті болады, өйткені тамыр жемістеріне айтарлықтай жақсы қалыптасу үшін әлдеқайда ұзақ уақыт қажет болады. Міне осы себеппен көптеген бастауыш бақшашылар осы дақылдың аз өніміне жиі қайғырып қалады  - ал бұл деген олардың білместіктерінен туындайды!

Сондықтан дақылдың вегетативтік кезең жөнінде жеткілікті ақпаратты біле отырып, Сізге өзектісі не екенін - көшеттік әдісті қолдану ма, әлде өсімдікті тікесінен тіке ашық топыраққа отырғызу ма, оны өзіңіз шешесіз.

Үй жағдайындағы көшет

Егер Сіз көшет отырғызамын деген шешімге келсеңіз, онда оны тиянақты етіп істеңіз! Ол үшін оған дамудың мінсіз жағдайын жасау қажет. Оларды келесі факторлар анықтайды:

  • жиі тыңайтқышпен қоректендіру және суару;
  • температура;
  • жарық беру деңгейі.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында көшетті әйнектен немесе үлдірден жасалған жылыжайларда, көшет өсірілетін орындарда немесе көшетханаларда өсіреді. Көшет өсуіне ең жақсы нұсқа - әрине жылыжайды қолдану болып келеді, өйткені олардың ішінде ішкі микроклиматты толықтай реттеуге болады. Одан басқа, жылыжайлық көшет «үйдегі» көшетке қарағанда анағұрлым жылдам дамиды.

Көшеттің сапалы өсуін анықтайтын ең басты фактор  - жарық беру деңгейі болғандықтан, оны үй іргесіндегі телімде өсіру барысында әдетте келесі нұсқаларды қолданады:

  • әйнектелген лоджиялар;
  • терезе алды (ең кең қолданылатын нұсқа);
  • балкондар.

Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда көшетті наурыз айында егеді. Неге олай? Міне осы уақытта күннің көзі шығаны күн айтарлықтай көп болады  - демек, жас өсімдіктер қалыпты өсіп, даму үшін табиғи жарықтың айтарлықтай жеткілікті мөлшерін алады.

Көшет өсуінің мерзімдерін есептейміз

Қандай да бір дақылдың тұқымын егетін күнін дұрыс есептеу үшін оған оңтайлы жасты білу қажет. Оны дақыл түрінің сипаттамасында біле аласыз. Әдетте оңтайлы жас көктеу мезетінен бастап жерге тікелей отырғызу уақытына дейін көрсетіледі. Төмендегі кестеде кейбір дақылдардың мерзімдері көрсетілген.

сроки роста рассады

Көшет туралы аңыздар мен ертегілер

Көшетті өсіруге қатысты көптеген жаңылыс ақпараттар бар. Солардың ішінен көп таралғандары:

Көшет ірі болған сайын, ол жақсы болады. Бұл шын мәнісіне онша сәйкес келе бермейді -  - осындай көшеттің біршама жақсы жақтары бар екені рас. Дегенмен, ол соншалықты арзанға түспейтінін де ескеру қажет, көп қоректендіру  - суаруды да қоса талап етеді, және де оны үлкен алаңдарға орналастыру қажет. Жерге аяғына дейін отырғызу барысында оның бейімделуі де көп күшті қажетсінеді.

Өсімдіктің шамадан тыс белсенді түрде өсуін суаруды азайту арқылы тоқтатуға болады. Оған дау жоқ  - шынымен болатын шығар. Бұл жағдайда бұны барлығынан басқа жас өсімдікті зақымдап алмайтындай жасау қолыңыздан келе ме. Өйткені өсімдікке суаруды шектеу  - қатты күйзеліске әкеледі. Бұл әдісті бір жағдайда ғана (соның өзінде абайлап)  - өсімдік әлі де жас күйінде болғанда қолдануға болады.

Тұқымдар қылтиып шыға бастағанда шынықтыру қажет. Тұқымдарға осындай қиындық түсіретін істі жасамаңыз. Оларды дұрыс отырғыза отырып, бақылағанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл пайымдаулар көшетті өсірген жағдайда ғана дұрыс болады, егер Сіз тұқымды тікесінен тіке ашық топыраққа отырғызамын деп шешсеңіз, онда шынықтыру шынымен қажет болады.

Көшетті бір ыдыста өсірген жақсы болады. Осындай ұсыныстарды жасай отырып, көптеген адамдар әдістің үнемділігін айтады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл оған тұрарлық іс емес. Алғашқы кезде әдіс шынымен жақсы нәтиже береді  - көшетте қатты ортақ тамыр жүйесі қалыптасады. Бірақ өсе келе, заңға сәйкес көшетті бөлу қажеттілігі туындайды. Міне осы жерде, қиын іс басталады, өсімдікті зақымдап алмайтындай бұндай операцияны жасау  - оңай шаруа емес. Сонда зақымдалған көшетті отырғызғанда бейімделіп, жазылғанша кем дегенде бірнеше күн қажет болады. Кеш пісетін сұрыптар үшін бұл соншалықты маңызды болмауы мүмкін, бірақ ерте пісетін сұрыптар үшін бірнеше күн жоғалту жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін

2017-01-04
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Қаптама саны: 50 дана
329 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 10 дана
1 429 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,1 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,05 г
199 тг
уже куплен
Сатып алу
акция
Орамжапырақ Три богатыря, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,5 г
199 тг
179 тг
уже куплен
Сатып алу
акция
Королевская ночь балдыркөк, тұқымдар -Goods from the article
Қаптама саны: 0,3 г
199 тг
179 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!