Помощь

Жылыжайдың көшетханадан айырмашылығы

Жылыжайдың көшетханадан айырмашылығы

Бүгінгі таңда жылыжай конструкциялары көптеген пайдалы қызметтерді жасап, еңбегін жеңілдете отырып, Қазақстан бақшашылардың тұрмысына мықтап еніп алды. Осындай конструкцияның екі түрі бар  - барлығыны кеңінен мәлім жылыжай және көшетхана. Олар:

  • қоршаған ортаның кері шарттарынан  - жоғары немесе төмен температуралардан, жауын-шашыннан, қардан өсімдікті сақтауға;
  • солардың ішінде көшетті өсіруге;
  • Қазақстанның климаттық жағдайларында өсе алмайтын өсімдікті өсіруге арналған.

Барлығы «жылыжай» мен «көшетхана» сөздеріне үйренісіп кеткені соншалық, тіптен арасындағы айырмашылығын да байқамай қалады. Дегенмен, арасында айырмашылық бар, айтарлықтай үлкен айырма бар!

Жылыжай құрылысының тарихы

Көшетханалар  - бұл бақшашылармен бұрыннан бері қолданыста болған ең қарапайым және негізгі құрылыс. Көшетхана өте қарапайым конструкциядан тұрған  - әйнекпен жабылған шағын жай болған. Биіктігі әдетте бар-жоғы жарты метрден аспаған. Жылыту болмаған  - жылу тек күн сәулесінен және жүйектерге шашылған жылқы көңін ғана алынатын. Көктемде осы жүйектерге көшет отырғызатын.

Жылыжай тарихы аса қызығырақ. Олардың түптұлғасы оранжерея (жылыжай) болып табылған. Бір қызығы, пешпен жылытылатын алғашқы әйнек оранжереяларды Францияда 16 ғасырдың аяғында ақ сала бастады. Олардың ішінде Франция климатында өсіре алмаған әр түрлі экзотикалық өсімдіктерді өсірген. Бірте-бірте оранжереялар заманауи түрлерге ұқсас әйнекті жылыжайларға эволюция жолымен бірте-бірте дами бастады. Металды каңқа мен әйнек есебінен олар әдетте шамадан артық салмаққа ие болғаны рас, бұл оларды қолайсыз етеді.

Жылыжайларды жобалауда нағыз бөгеті полиэтиленді үлдірдің пайда болуы еді. Ол сонымен қатар беріктілік бойынша сол әйнектен кем түспейді, бұл жағдайда бір реттен ақ, барлық құрылысты жеңілдетті. Біздің кезімізде технологиялар әлде қайда ілгері жылжып кетті, ал қазір негізінен ұялы поликарбонат және спанбонд сияқты материалдарды қолданады.

Парник

Көшетханалар сипаттамасы

Бүгінгі таңдағы көшетхана  - шағын жай, оның ішінде көшетті өсіреді, оны күннің жаман ауа райынан және температураның күрт ауытқуынан қорғайды. Жайдың шағын көлемінің арқасында ондағы ауа жылдам жылынып, көшет қатып қалмайды.

Көшетхана немен айрықша болады?

Шағын биіктік - әдетте шамамен 130 сантиметр.

Әр түрлі жақсы деген сұрыптардың өсімдіктерін өсіру үшін қолданылады. Көшет өскеннен кейін оны ашық топыраққа отырғызады.

Жылыту жоқ  - жай оған күннің сәулесі түсу арқылы, сондай-ақ, жылу бөліп шығаратын органикалық заттар (қарашірік, көң) есебінен жылынады.

Мобильділікке ие болады –қалауыңызша оны кез келген орынға ауыстырып қоюға болады.

Мерзімді түрде пайдаланумен ерекшеленеді  - көп жағдайда көшетханалар көктемде қолданылады.

Құрудың өте қарапайым түрі  - конструкцияны құрастыру үшін арнайы құралдарға немесе дағдыларға ие болу міндетті емес.

Есіктер жоқ: өсімдіктерге кіру қажет болатын болса, барлық көшетхананы шешу қажет болады. Бірақ сонымен қатар, жеке бөліктері айқарыла ашылатын құрылымдары бар конструкциялар да бар, олар аса қолайлы болып келеді.

Оны күтім ұстап тұруға шығын қажет емес - үнемді болып келеді.

Теплица

Жылыжай сипаттамасы

Жылыжайдан көшетхананың негізгі айырмашылығы олар орындайтын қызметтерінде болады. Жылыжайдың биіктігі кем дегенде адам бойының биіктігіне тең келеді. Кейбір жайлар 5 метр биіктікке жетеді  - барлығы берілген тапсырмаға байланысты болады.

Одан да биік жылыжайлар болады, оларды ауыл шаруашылық өнеркәсіпте көбірек қолданады. Дегенмен үй жанындағы телімдерде осындай үлкен құрылыстар қажет емес.

Көшетханадан ерекшелігі, жылыжайларда өсімдік бар өмір сүру кезеңінде болады және ашық топыраққа қайта отырғызылмайды.

Кейбір құрылыстарда жылытудың әр түрлі түрі: электрлік, су немесе газ қолданылады. Бұндай жылыжайларда толықтай бақыланатын микроклиматты жасап, өсімдіктің кез келген түрін (тіпті тропикалық түрін) өсіруге болады. Одан басқа, оларды температураны ғана емес, топырақ пен ауаның ылғалды деңгейін де реттейтін қосымша құрылғылармен жиі жабдықтайды. Сонымен қатар, тек қана күннің көзімен және органикалық заттармен жылытатын қарапайым жылыжайлар да болады.

Жылыжайда міндетті түрде есік, опционалды түрде қабырғаларында немесе шатырында кішкентай терезе болады.

Әдетте бұл құрылыс түрі стационарлы және көп жағдайда берік іргетасқа орнатылады.

Жылыжайды маусыммен емес, жыл сайын қолданады.

Бір кісілік жылыжайды тұрғызу қарапайым бағбанның қолынан келмейді. Жобалау барысында көптеген ерекшеліктер мен қажетті заттарды қарастырып, тұрғызған кезде арнайы құралдар мен дағдыларға ие болу қажет. Сол себепті бұл істі білікті мамандардың қолына тапсырған жөн.

Күтіп ұстауда көзге түсерлік шығындары бар.

Қорытынды жасайық

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, көшетхана мен жылыжай арасында қандай ерекшеліктер бар екенін саралап, қорытындылап алу қажет:

  • жасанды жылытудың болуын;
  • күтіп ұстауда шығарылатын шығын көлемін;
  • уақыт пен мерзімді түрде пайдалануды;
  • құрылыс өлшемдері мен қиындықтарын.

Есіңізде болсын! Бір сөзбен, ең жақсысы жылыжай не көшетхана деп айту мүмкін емес! Осы құрылыстардың барлық ерекше жақтарын білесіз, сондықтан Сіздің жағдайыңызға нақты не қажет екенін өзіңіз шешесіз.

2017-06-14
Пікірлер

 

Интересно было узнать какие бывают теплицы и в чем их отличие от парников, буду думать что выбрать.
Илья, добрый день. Мы рады, что вам оказалась полезна наша статья. Желаем успехов в выборе!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-12-04

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Мы отправили Вам письмо c подтверждениям регистрации.
Пожалуйста проверте Вашу почту

Жеке кабинетке кіру


Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Какие товары вы ищите?

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!

Сіздің хабары алынғаны!

1-2 күн Кіріс сұрау қайта өңдеу мерзімі
Бұл электрондық поштаға жауап күтілуде