Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Шырайгүл шеруі: маңызды сұрыптар және өсіру ережесі

бордюр с петуньями

Шырайгүл темекі тұқымына жатады және бақшашылар оның керемет сұлулығын, ұзақ уақыт гүлдеуін және күтімде қарапайымдылығын бағалайды. Көптеген түрлері, қалыптары мен реңктері өз қалауыңызша сұрыпты таңдауға немесе террасаны және балкондарды жаз басынан бастап, алғашқы аязға дейін безендіріп тұратын керемет микстерді жасауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз осы гүлді ұнататын болсаңыз, бізге қосылыңыз да, сұрыптар, отырғызу ережесі және оларға күтім жасау жөнінде көп мағлұмат алыңыз!

 Шырайгүлдер: олар қандай болады?

Селекционерлер бізге сыйлаған гүлдердің көп мөлшердегі сұрыптары жіктелуді қажетсінеді. Барлық шырайгүлдерді үш негізгі түрлердің біріне жатқызуға болады:

 

1. Аспалы (төселмелі)

петуния в кашпо

Осы топтың негізгі ерекшелігі гүл қауыздарымен толықтай қапталған ұзын сабақ болып табылады. Өскіндері жоғарыға қарай емес, төменге қарай өседі, сондықтан аспалы себеттерде және кашпода ерекше әсерлі етіп көрінеді, дегенмен, төселмелі шырайгүлді ашық жерде де кездестіруге болады. Осы топқа жатқызылатын көптеген сұрыптар көп жылдық болып табылады. Шырайгүл сұрыпының ең танымал аспалы сериясы болып табылатындар:

● «Wave»  - қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімділігі және декоративтілігі арқасында көптеген марапатқа ие болған сериясы. Серия сұрыптары 20 см артық биіктікке өспейді, бірақ өскіндерінің биіктігі бір метрге дейін жетеді. Әсіресе шырайгүл көлбеу беттері бар гүлзарларда, аспалы кашпода және себеттерде бүршік жабын ретінде әсерлі етіп көрінеді. Нағыз сәнді гүлді кілем бар-жоғы бір апта ішінде барлық гүлзарды өзімен арбап алады!

петуния ампельная

● «Shock Wave». Осы сериядағы шырайгүл ерте гүлдеп, одан бетер көп гүлді қалыптастырады. Гүл қаузының керемет реңктері балкон жәшіктерінде және аспалы себеттерде, сондай-ақ, еден үстілік қыш құмыраларда ашық түсті микстерді жасай алады. Гүлінің шағын диаметріне (шамамен 5 см) қарамастан, салбырап тұратын өскіндер өзін қалың етіп жабатыны сонша, тіптен барлық жасыл түсті жасырып тұрғандай болады.

● «Easy Wave»  - жаңадан бастауыш бағбанның өзі өсіре алатын серия. Шырайгүлдер ең аз күтімде және қысқа күн көзінде –ақ сәнді гүлдей береді. Кашпоға отырғызғанда Сізде қалың гүлдейтін шар өседі, ал ашық жерге отырғызғанда ауданы 1 м² болатындай гүлдеп тұрған кілемге айналып кетеді!

● «Wonder Wave»  - бұл серия алдыңғылармен салыстырғанда өскін ұзындығымен ерекшеленеді, енді олар 120 см дейін жетеді. Кез келген терраса немесе балкон осындай гүлдеп тұлған перде астында жасырынғандай болады.

● «Samba». Нидерландтардан келген аспалы гибридтер аспалы себеттерде де, ашық жер бетінде де керемет композицияны құрауға көмектеседі. Өсімдік биіктігі 35 см, ал өскін ұзындығы - 75 см жетеді. Серияның аса жақсы жағы ол гүлдерді гүлдеп тұрған күйінде ақ қайта отырғызуға болады.

 

2. Бұталы ірі гүлді

петуния крупноцветковая

Осы серияға тым ірі гүлдері бар шырайгүлдер жатады, олардың диаметрі 12 см аса алады. Бірақ, осындай өлшемдегі гүлді алу үшін көп көңіл бөлу қажет. Жеткіліксіз күтім, сондай-ақ, қатты жел мен жауын-шашындар бар сұлулығын жойып тастауы мүмкін. Ештемеге қарамастан, осы сериядағы шырайгүлдер кез келген гүл бақтың және гүлзарлардың керемет безендіретін затына айналады. Қалып пен реңкі бойынша гүлдер тіптен әр түрлі - бір реңкті, екі түсті, дұрыс классикалық қалыпты және түкті бола алады.

Аса қызық жаңа түрлерге мыналарды жатқызуға болады:

● «Dreams»  - әдеттегі ауруларға төзімді және керемет әдемі гүлдер. Олардың қауыздары диаметрде 13 см жетеді, сондай-ақ, молынан гүлденумен және ашық түсті контрастілі безендірумен ерекшеленеді. Олар кілемді көшеттерде, аспалы себеттерде және еден үстілік қыш құмыраларда тамаша көрінеді.

петуния махровая

«Sophistica»  - ең сыналған және гүл өсіруші маманын таң қалдыратын керемет, еліктіретін серия. 10-сантиметрлік гүлдері әсерлі боялғаны соншалық, көз жанарын ала алмай қарап қаласың. Қыш құмыраларда немесе балкон жәшіктерінде гүлді микс жасау үшін қызыл немесе көк түстегі шырайгүл жарайды.

● «Limbo». Нидерландық селекционерлер қолынан әлемде жалғыз ергежейлі шырайгүл гүлін жасау келді, олар өскеніне қарай мүлдем жұлынбайды. Ашық жерде өсіргенде де, жылыжайлық өсіруде де, сату немесе тасымалдау кезінде де бой реттегішін қолдану енді қажет болмайды. Ғалымдар бұны Сіздің орныңызда өздері жасап берді! Бұтаның кішкентай габаритінде (бар-жоғы 10-20 см биіктікте), гүлдері 12 см диаметрге жетеді! Басқа сериядағы шырайгүлдерге қарағанда әлдеқайда ерте гүлдейді.

● «Tango»  - жаппай кілем тәрізді отырғызуда таптырмас нұсқа. Шырайгүл сериясы ерте гүлденумен және қызықтыратын реңктермен айрықша көрінеді.

 

3. Көп гүлді

Көп гүлді шырайгүлдер бұталы сұрыптар сияқты, осындай ірі және әсерлі гүл қауыздарын қалыптастырмайды, бірақ олардың алдында көп артықшылықтары бар:петуния многоцветковая

  • гүл қауызының көп көлемін қалыптастырады;
  • ауа райының қолайсыздығына төзімді;
  • күтім жасауда күй талғамайды;
  • ерте және ұзақ уақыт гүлдейді.

 

 «Беккер» интернет-дүкені Сізге шырайгүлдеріңіз сәнді, сау, әрі әдемі болуын тілейді!

Шырайгүлдердің осы түрі біздің климатта өсіруге таптырмас гүл. Түрлі сұрып мен реңктердің үлкен таңдауы сүйікті гүлдеріңізге айналдырады.

Бір сұрып пайдасына таңдау жасамас бұрын бұл гүлдер қайда өсетінін? Оларға күтім жасау үшін қанша уақыт бөле алатынын? Жаныңызға ұнамды қай бояу немесе қалып екенін? жақсылап ойластырып алыңыз.

Шырайгүлді өсіруге немесе сұрыпты таңдауға қатысты кез келген сұрақтарды «Беккер» интернет-дүкенінің кеңесшілерімен шеше аласыз, сол жерден Сізге жаңа түрлерін қоса алғанда, түрлі сұрыптағы шырайгүлдің сапалы тұқымдарын жеткізе алады.

Шырайгүлді отырғызудың қадам бойынша нұсқаулығы

Осы керемет гүлдерді өсіру жөніндегі сұрақтар жұмыстың басында бастауыш бақшашыларда да, жаңа сұрыптарды өсіру барысында аса тәжірибесі бар гүл баптаушыларда да тауындайды. Әмбебап нұсқаулық Сіздің жасыл өсімдігіңізге дұрыс алғашқы қадам жасауға көмектеседі. 

1-қадам: жерді дайындау

Шырайгүлге арналған жақсы жер  - жеміс беретін, ылғал ұстаушы және борпылдақ. Дайын жерге жуылған құм (1:6) салу ұсынылады. Жер қоспасын өз бетінше жасау үшін Сізге бірдей порцияда құм қарашірік пен шымтезекті араластырып, кейін ірі ұяшықты сүзгіден өткізіп алу қажет. Ауруды болдырмау және арамшөп көп өспеу үшін субстратты су моншасында немесе бір сағат бойы қасқанда булап алу қажет.

2-қадам: отырғызатын уақыт

Тұқымдарды өсіруге оңтайлы уақыт  - ақпан айынан бастап, наурыз айының ортасын дейін, жарық күн ұзақтығы ұзарған кезде. Температурасы шамамен 25˚С болуы тиіс.

 3-қадам: егу

Көшетке арналған ыдысқа дайындалған жер қоспасын салыңыз, бетін тегістеп, шамалы тығыздаңыз. Жерге сантиметрлік қалыңдықта қар қабатын салыңыз.

Қарға гүл тұқымдарын мүмкіндігінше біркелкі етіп салыңыз. Ыдысты жылы және жарық жерге апарып қойыңыз, өйткені тұқымдар тек жарық күнде ғана өседі. 

Маңызды! Қар еріп, дәндер жерге сіңгеннен кейін олардың бетін себу қажет емес. Контейнердің бетін әйнекпен немесе полиэтилен үлдірмен жауып қою қажет.

4-қадам: желдету

Желдетуді өсін шыққаннан кейін бастау қажет  - еккеннен кейін шамамен бір аптадан кейін. Ол үшін 10-15 минутқа күнделікті әйнекті шешіп тұру қажет. Өскіндерді қажетінше суарыңыз.

Балама әдіс - қарды қолданбай:

5-қадам: қайта сиретіп отырғызу

Екпе көшетті зақымдап алмайтындай қолға алып ұстауға келетін өлшемдерге дейін өскеннен кейін оларды кассеталарға немесе кішкентай қыш құмыраларға сиретіп отырғызу қажет. Тым ұзын түптерді шымшып үзуге болады. Көшетті сиретіп отырғызғаннан кейін көшетті ұқыптап суарып, температурасын азайту қажет. Бұл екпе көшеттерге тым ұзарып кетпеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктерге күндізгі жарық көп мөлшерде қажет, сондықтан терезе алдында қойып қойыңыз.

6-қадам: шымшып үзу

Көшет түптеуін жақсарту үшін шымшып үзу қажет. Бұны шырайгүл 5 см дейін өскенде 5 жапыраққа жасаған дұрыс болады.

7-қадам: тұрақты орынға қайта отырғызу

Көшетті өсіргендегі барлық уақытта ұқыптап суаруды ұмытпаңыз. Жаздың басында шырайгүлдерді гүлзарға, аспалы себетке немесе қыш құмыраға қайта отырғызуға болады.

Егер жермен және көшет салынған контейнермен жұмыс істегіңіз келмесе, онда тұқымдарды шымтезекті немесе кокос таблеткаларына егуге болады. Бұл еңбектенудің көп әлегін айтарлықтай азайтып, тұқымдарды өліп кетуден кепілді түрде сақтап қалады.

Күтім жасау ерекшеліктер

Шырайгүлдерге күтім жасағанда бірнеше мезеттерді ескеру қажет:

Барлық шырайгүлдер, әсіресе ірі гүлділер ылғалды, қаракөлеңке жерлерді, қатты жауын-шашынды және желді аса жақтырмайды. Бірақ қысқа уақыттағы кері әсерлерден кейін гүлдер тіріліп, гүлдеуін жалғастыра береді. Гүлдеп болған гүл қауыздарын алып тастаңыз, бұл өсімдікке күтілген түрді береді, жаңа гүлдің қалыптасуына да кедергі болмайды. Өскіндерді мерзімді түрде шымшып үзу (бесінші түйін аралығының үстінен) гүлдің сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады. Шырайгүл күніне екі рет тамыр астын суаруды талап етеді, бірақ судың сәл тұрып қалуына жол бермеңіз, бұл жердің кеуіп қалғанындай, гүлдер үшін апатты болады. Қыш құмырада дренажды қабатты немесе артық ылғалдың ағатын тесігін қарастырыңыз. Шырайгүлді қоректендіруге болады, бірақ міндетті емес.

 

2016-02-02
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!