Помощь

Алғашқы өнім - сәуір айында!

Ерте бақша дақылдарының ішінде алғашқылар болып көк түсті көкөністер болады: пияз, шалғам, салат және аскөк. Ресейдің орталық жолағында оларды жылыжайға немесе көшетханаға сәуір айында ақ отырғызуға болады, ал мамыр айындағы мерекелерге алғашқы тауарлы көкөністерді алуға болады.

Көк түстегі дақылдарды ерте көктемгі уақытта егу үшін жүйекті немесе жылыжайды күз мезгілінен бастап дайындаған дұрыс, ал наурыз айының екінші жартысында қар еріп, жер бірте-бірте жылу үшін үстін үлдірмен жауып қою қажет. Егер жылыжай қалың үлдірмен жабылып, оны жылытуға мүмкіндік болатын болса, алғашқы көкөністің өнімін сәуір айында ақ алуға болады.

Терминдерді талдап көрейік

  • Жылыжай  - көшеттер мен жылуды жақсы көретін дақылдарды өсіруге арналған қорғалған жердің орташа немесе ірі габаритті құрылысы (жылытылатын немесе жылытылмайтын).
  • Көшетхана  - ерте көкөністерді немесе көшеттерді өсіруге арналған ашық мөлдір алынып-салынатын жиектерімен жабылатын арнайы дайындалған жері бар траншея түріндегі құрылыс.
  • Жабын –қатып қалудан өсімдікті қорғайтын уақытша қозғалмалы құрылыс.

Көк пиязды қалай отырғызу қажет

лук на перо

Түйінді пиязды көк пияз алу үшін сәуір айының басында егеді, ол үшін таңдаулы пиязды–2,5-4,0 см диаметрлі ұсақ жуашақтар қолданады. Ерте көкөністі алу үшін кез келген пияз жарай береді, бірақ жақсы өнім алу үшін Стригуновский немесе Даниловский сияқты көп ұрықты сұрыптарды алған ұтымды болады.

20-40 г салмақты жуашақтарды бірнеше тармақтағы жүйектерге отырғызады, өсімдік молынан және тезірек өсу үшін оларды «иыққа» дейін кесіп қояды. Оларды отырғызған кезде бір-біріне дап араластырып (көпірлі әдіс) немесе олардың арасын 1 см қалдырып қою (жарты көпірлі әдіс) қажет. Екінші әдісті қолданғанда отырғызатын материал көп қажет емес, бірақ өнім де соған сәйкес аз болады, тіптен бірнеше күнге дейін кешіктіріп піседі. Пияз төменгі температураны ұнатпайды, сондықтан жылыжайды немесе көшетхананы не жылыту қажет, не қосымша жабынды қамдап қою керек. Көк пияздың орта өніміс  - 60-70 кг -10 м2. Көк пиязды жинау уақыты жапырақтары 30 см дейін өскенде келеді.

Шалғам  - тек жылдам пісетін түрі!

Шалғам 18 күнде піседі - ең жылдам пісетін сұрыптардың бірі - дүкенде және базарда аса сұранысқа ие.

редис

Шалғам  - суыққа төзімді өсімдік, оның тұқымдары 3-4°С температурада өсе алады, бірақ аса қолайлы температура 15-20°С болып келеді. Көшетханаларда ол -5°С дейін температураның төмендеуіне шыдай алады, ашық жер бетінде - -2°С дейін шыдай алады.

Әдетінше, көп көкөніс өсірушінің бақшасында көшетхана және жабын бар, жылыту күн инсоляциясына байланысты болады. Сондықтан орталық Ресейде егу уақыты сәуір айының 1-2 онкүндігіне келеді. Көшетханада ауа температурасы өте төмен болған жағдайда қажетті режим орнатылмайынша егуді тоқтата тұрған жөн: ауа температурасы  - 15-20°С, жер  - 10-12°С.

Тезірек өну үшін тұқымдарды өсіріп алады: екі сағат бойы суға салып қояды да, дәкеге жұқа қабат етіп жаяды, бөз матамен бетін жауып, жылы жерге қояды. Тұқымдарды қауыз жара салысымен ақ себеді. 

Суық ауа райында өсімдікті тоқылмаған матамен қосымша бетін жабады. Өне бастағанда жабынды алып тастайды да, температураны 8°С дейін төмендетеді.


Алғашқы нағыз жапырақ пайда болған кезге дейін көшетханадағы температура бұлыңғыр күнде 6°С, ал күнді ауа райында  - 7-8°С асырмауы тиіс. Әрі қарай, тамыр сабағы пайда болғанға дейін оны 10-12°С деңгейде ұстап тұрады. Тамыр сабағы пайда болған кезде күндізгі уақытта оңтайлы температура 18°С (бұлыңғыр күндерде 12-15°С, күнді ауа райында 16-18°С), ал түнде 10-12°С, бірақ 15°С аспауы тиіс.

Ерте еккен кезде шалғамды жылы сумен (20-25°С) бірқалыпты және сирек суарады. Ауа райына байланысты кеш шығатындарға жиірек суарады (бірақ аптасына 2 реттен көп емес). Ауа райы жылынғанда жиектер алынады.

Шалғамды мүмкіндігінше тамыр сабағы қалыптаса бастағанда қоректендіру қажет  - саяжайда және үй жанындағы телімде ең жақсысы көң садырасын қолдану қажет, 1 шелек ерітіндіге 30 г суперфосфат және 20 г хлорлы калийді қосып, сумен араластырып (1:5) қосады. Тауарлы өсіру барысында кешенді минералды тыңайтқыштарды қолдануға болады. Ерте сұрыптар үшін алғашқы қоректендірген кезде құрамында фосфор болғаны маңызды.

Салат: өнімді 2 аптадан кейін аласыз!

Салат –көк түсті дақылдардың көктемде егуге арналған ең берекелі дақылдың бірі, оның үстіне өнгеннен кейін 2 аптадан кейін ақ жинауға болатын сұрыптар пайда болды, мысалы, Беби Ливз түрлі түсті.

Салатты сатылы әдіспен себеді: ерте пісетін сұрыптар - сәуір бойы, орта- және кеш пісетіндер - сәуір айынан бастап, маусым айының ортасын дейін.

  1. Жапырақты салатты жүйектерге көлденең етіп қатарлы әдіспен себеді (қатарлар арасындағы қашықтық - 1 см, тұқымдар арасында - 1,5 см).
  2. 0,5-1,0 см тереңдікте себеді, себу нормасы - 1-3 г/м2.
  3. Қауданды салатты жүйектерде бір қатарлы қатармен, қатар арасы 45 см етіп сепкен жақсы болады.
  4. Ашық топырақта өнімді тезірек алу үшін егістікті иінге немесе қаңқаға тарта отырып, үлдірмен жабады.

СалатЕрте пісетін жапырақты салаттың өнуі 12-15 күннен кейін пайда болады, ал ауа райы жылы болса, одан ерте көктеп шығады. Бір аптадан кейін жерді борпылдатып, арамшөптерін алып тастайды, тағы бір аптадан кейін екпе көшеттерді сиректейді, арасында 5-7 см орын қалдырады. Салатқа жер мен ауаның жоғары ылғалдылығы қажет: алдымен оны 1-2 күннен кейін, ал жапырақтары қарқынды өскен кезде аптасына 1-2 рет, мүмкіндігінше қатар арасымен суару қажет.

Салатты көшеттен де, әсіресе қауданды және жартылай қауданды сұрыптарды өсіруге болады - сол кезде толыққанды қаудан болып шығады. Көшеттік әдіс тек ерте отырғызғанда жақсы болады , өйткені тауарлы көкөністі алуды жылдамдатады.

Көшетті шымды жер мен қарашірік қоспасынан (1:1) екпе жәшіктерде отырғызады. Тұқымдарын қатарлап 1 см тереңдікте, қатар арасындағы қашықтық  - 1,5-2,0 см болатындай жәшікке салып 5-10 сәуірде отырғызады. Жәшікке тұқым шығыны - шамамен 1 г. Көшеттеуді 2 нағыз жапырақ шыққан фазада жүргізеді.

Топыраққа көшіріп отырғызғанға дейін 1 апта бұрын өсімдікті шынықтырады: ауа мен жердің температурасын төмендете отырып, желдетуді күшейтеді, суаруды азайтады. Қатты аязды күндерден құтылған кезде тұрықты орынға оларды мамыр айының екінші жартысында отырғызады. Бірақ үлдірлі жабынды қолданған ыңғайлы болады, оның астына шынықтырған көшетті 10-15 сәуірде отырғызады. Өсімдікті 10-15 мамырға дейін өсіреді, кейін жабынды басқа дақылға жабады.

Осы дақылдың табыстылығын есептеу қиын емес. Жапырақты сұрыптардың өнімділігі - 1,3-2,2 кг/м2, оларды 30-40-күнде қиып алуға болады; бір маусымда 4 не одан көп рет өнім алуға болады (әдетте, көкөністі конвейерді қамтамасыз ету үшін әрбір 2 апта сайын егеді). Қауданды салаттан алынатын пайда одан бетер көп болады.

 

укроп

Көктемгі аскөк - ең табысты

Сатуға аскөкті өсіру үшін негізгі назарды көктем мен күзде молынан өнім алу үшін айрықша салады, ол кезде көкөніске деген базардағы бағасы аса жоғары болады. Ерте өнім алу үшін үлдірді жылыжайды, қарапайым үлдірлі жабынды қолданады.

Ауа жылытқышы бар үлдірді жылыжайда оны 5-15 наурызда себеді (20-25 сәуірде оны жинауға кіріседі), күннің жылуымен үлдірлі жылыжайда және қарапайым үлдірлі жабында  - 1-10 сәуір (көкөністі жинайтын уақыт 10-20 мамырда басталады).

Аскөкөті тауарлы өсіру барысында өнім алуды жылдамдату үшін екпе алдындағы өңдейден өткен тұқымдарды ғана қолданады.

Ақжелкен: кепілді сұраныс

Егетін топырақты күзден бастап дайындаған дұрыс: қазылған жердің астына 3-5 кг көң немесе қарашірік, суперфосфат және хлорлы калий (20-30 г/м2 және 10 -15 г/м2 сәйкесінше) салады. Көктемде тағы 15-20 г/м2 аммиакты селитра, 40-50 г/м2 суперфосфат және 20-30 г/м2 хлорлы калий қосады.

Ерте өнім алу үшін екпені сәуір айының екінші жартысында бастайды.

  1. Екпе алдында тұқымдарды ісіну үшін суға салып қойыңыз, кейін өсіру үшін екі есе бүктелген дәкеге орналастырыңыз.
  2. Тұқымдары пайда болғаннан кейін оларды (дәкеге орналастырылған күйде) тоңазытқышқа немесе (үлкен көлемдер барысында) суық жайға 10-15 тәулікке апарып қойыңыз. Осындай түрдегі шынықтыру екпеден кейін әдеттегідей 15-20 күнде емес, 5-7 күнде ақ өнген түрлерін алуға мүмкіндік береді.
  3. Ашық жерге тұқымдарды 3 см дейінгі тереңдікте бороздаға егеді, қатар арасындағы қашықтық  - 30-40 см болуы тиіс.
    Ақжелкенді еккеннен кейін жүйекті шымтезекпен көміп тастаңыз да, үстін үлдірмен жауып қойыңыз  - тезірек өне бастайды.
  4. Тұқымдары 2°С температурасында өсе бастайды, көктемде шынықтырусыз отырғызғанда 15-20 күннен кейін өне бастайды.

Жаппай өнгеннен кейін жерді жұмсарту, арам шөпті отау және сиректеу (өсімдік арасында 4-6 см қашықтық қалдыра отырып), екі қоректендіру: бірінші рет 3-4 жапырақ шыққанда , екінші рет  - 15-20 күннен кейін қоректендіру жұмыстарын жүргізеді. Бірінші рет қоректендіргенде 10-15 г/м2 аммиакты селитра, екіншісінде - 5-7 г/м2 аммиакты селитра, 7-10 г/м2 суперфосфат және 5-7 г/м2 калий тұзын қосады.

 

2016-03-01
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Үздік сату
Петрушка листовая Нежный аромат -Goods from the article
Қаптама саны: 2 г
169 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 3 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Редис Чупачупс -Goods from the article
Қаптама саны: 220 дана
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Укроп Гурман -Goods from the article
Қаптама саны: 1.5 г
229 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Лук на зелень Шашлычный -Goods from the article
Қаптама саны: 2 г
329 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Салат Всесезонный, смесь семян -Goods from the article
Қаптама саны: 1 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Редис 18 дней -Goods from the article
Қаптама саны: 3 г
149 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Редис Ультраранний -Goods from the article
Қаптама саны: 3 г
149 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0.5 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Укроп Русский гигант -Goods from the article
Қаптама саны: 2 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Петрушка листовая обыкновенная -Goods from the article
Қаптама саны: 1 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Укроп Озорник -Goods from the article
Қаптама саны: 2 г
159 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0.1 г
169 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Мы отправили Вам письмо c подтверждениям регистрации.
Пожалуйста проверте Вашу почту

Жеке кабинетке кіру


Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Какие товары вы ищите?

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!

Сіздің хабары алынғаны!

1-2 күн Кіріс сұрау қайта өңдеу мерзімі
Бұл электрондық поштаға жауап күтілуде