Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Құлпынайдың ремонтантты сұрыптары және олардың ерекшеліктері

Бақша жидектері арасында ерекше орынға құлпынай мен бүлдірген, атап айтқанда олардың ремонтантты сұрыптары ие. Ремонтантты сөзі француз текті және тікелей аудармасы «қайта гүлдейтін» немесе «тағы да күлдейтін» дегенді білдіреді. Аударманың мағынасының өзі бір вегетациялық маусым барысында жеміс бере алатын бүлдіргеннің ремонтантты сұрыптарының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Ремонтантты сұрыптардың ерекшеліктері

Ремонтантты құлпынай, немесе тағы бір атауы бейтарап күн ұзақтығы құлпынайының әдеттегі құлпынай жидектерінен өзгешілігі жеміс бере салысымен жаңа жеміс түйіндерін тастап, жаңа толық өнім бере алады. Ремонтантты құлпынайдың осы ерекшелігі, бүлдіргенде сияқты құнарлырақ топырақ пен екі есе суаруды қажет етуімен өтеледі, бұл жағдайда бір түптен жиналатын орташа өнім әдеттегі бақша құлпынайымен салыстырғанда азырақ болады.

Оған қоса, ремонтантты құлпынайдың және бүлдіргеннің сұрыптарын таңдау барысында бірінші өнім екіншімен салыстырғанда едәуір аз болатындығын ескеру қажет. Пайыздық қатынаста ол шамамен келесідей болады:

  • шамамен 30% - бірінші өнім;
  • шамамен 70% - екінші өнім.

Әдеттегі бақша құлпынайымен салыстырғанда, ремонтантты сұрыптары ұсағырақ жидектерімен және әлсіз жапырақтарымен ерекшеленеді, оған қоса өсімдіктің аса көп күш түсуіне байланысты өмірі қысқарақ болады. Қос өнімнің теріс жақтары да бар.

клубника ремонтантная

Дегенмен, маусым барысында дәмді жидектерден екі рет ләззат алу мүмкіндігі бағбандар үшін елеулі түрде қызықтыратын ынталандыру болып табылады және бұл сұрыптардың ремонтантты құлпынайды және бүлдіргенді өсірумен және күтімімен байланысты барлық қиыншылықтарды жеңуге дайын әуесқойларының саны елеулі.

Ремонтантты сұрыптардың түптерінің барлығы дерлік бұндай күштемеге шыдай бермейді және өзінің бірінші жеміс бергенінен кейін ақ олардың кейбіреуі, әсіресе, дұрыс күтім болмаған жағдайда, өліп қалуы мүмкін. Ең жақсы, ең тамаша жағдайлар мен аялы күтімнің өзінде ремонтантты сұрыпты құлпынай үш жылдан артық өспейді.

Қазіргі таңда ремонтантты бүлдіргенің сипаттамалары бойынша әр түрлі шетелдік те, отандық та сұрыптардың таңдауы мол, сондықтан таңдауыңызды қалауыңыз біледі:

  • Альбион;
  • Ампельді ремонтантты;
  • Королева Виктория;
  • Розовая мечта;
  • Монтерей;
  • Фрарома;
  • Королева Елизавета 2;
  • Сан Андреас;
  • Хоней.

Ремонтантты бүлдіргенің қол жетімді сұрыптарының барлығын тізіп атай бермейік, тек олардың әр қайсысы өзіндік, өзіне ғана тән артықшылықтарымен ерекшеленетіндігін ғана атап өтейік. Әркімнің талғамы әр түрлі болғандықтан, ең бірінші ұнатқан сұрыптың барлық ерекшеліктерімен танысып алған жөн. Қазіргі кезде тұқымдарға пошта арқылы тапсырыс беруге болады. Сұрыпты таңдау барысында тек күтіп отырған дәмдік қасиеттеріне ғана емес, , отырғызу ерекшеліктеріне, топыраққа қойылатын талаптарға, ауа-райы жағдайына және күтіміне де көңіл бөлу қажет.

земляника садовая

Ремонтантты құлпынайдың күзгі өнімі молырақ болуы үшін, бірінші өнімді есті түрде құрбандыққа шалған жөн. Ол мақсатқа жету үшін көктемде күлдерін абайлап қиып тастау қажет.

Егер басты мақсат болып мұртшаларын сақтап қалу табылған және ремонтантты құлпынай өсетін бөлік елеулі түрде әлсіреген жағдайда екінші өнім құрбан болсын. Ол үшін шілдеде отырғызылған құлпынайларды арнайы азотты тыңайтқыштармен «қоректендіріп», шығып отырған гүлдерін қиып отыру қажет. Бұл процедура ремонтантты құлпынай түптері өзінің күшін гүл шоғырларын әрі қарай қалыптастыру қажеттілігінен арылуына байланысты.

Ремонтантты құлпынайды отырғызу және оның күтімі

Ремонтантты құлпынайдың ең дұрысы сұрпы таңдалғаннан кейін отырғызуға кірісе бастауға болады, дегенмен, бұл жағдайда сұрыптардың тазалығы тек көшеттер тұқымдардан өсірілген жағдайда ғана толықтай сақталатындығын естен шығармау қажет. Ремонтантты құлпынайды немесе бүлдіргенді отырғызу үшін ең тиімді болып көкөністі дақылдарға арналған топырақты пайдалану табылады.

Өзінде ремонтантты құлпынай өсірілетін топырақ ылғалдылығы шамамен 70-80% болуы тиіс, сол себепті құрғақ субстратты 1 кг субстратқа 750 мл су қатынасында ылғалдандырып, алынған қоспаны түйіршіктер болмайтындай бір келкі болуы үшін жақсылап араластыру қажет.

Тамыр жүйесін жақсы ауа айналымымен қамтамасыз ету үшін ремонтантты құлпынай немесе бүлдірген түптерінің айналасын үнемі қопсытып, тамырларының ашылып қалмауын қадағалап, қажетті жағдайда топырақ қосып отыру қажет. Ремонтантты құлпынайды су құйғышты ғана емес, ожауды да пайдалана отырып молынан суару және гүлдеу кезеңінде міндетті түрде соған арналған минералды тыңайтқыштармен «қоректендіріп» отыру қажет.

выращивание земляники

Ремонтантты өсімдіктердің бұталары үнемі күтімді қажет етеді - арамшөптерін үнемі түптеп, жидектердің топыраққа жатып қалмауын қадағалау қажет. Жидектерінің өлшемдері ірі болуы үшін шыққан мұртшаларын кезеңді түрде үзіп отыру қажет. Үй жағдайларында құлпынайдың ремонтантты сұрыптары әдеттегі әдістермен өсірілген сұрыптармен салыстырғанда 20-30% көбірек жеміс бере алады.

Қыс түскенде ремонтантты құлпынайды, бүлдірген сияқты, біраз суық әсерінде ұстап, одан кейін барлық жапырақтарын қиып, қандай да бір тоқылмаған материалмен қымтап қою қажет.

Ампельді құлпынай

Құлпынайдың алуан түрінің арасында ремонтантты түрімен қатар жидектердің ерекше, шырматылып өсетін түрінің бірнеше сұрпын танытатын, ампельді құлпынай атауымен белгілі құлпынай ерекше орынға ие. Ремонтантты құлпынайдың ампельді сұрыптары жылына бірнеше рет өнім бере алады, желтоқсанның келіп түсуінің өзіне қарамастан.

Ампельді құлпынай тік тұғырларды бойлай да, салбырап та өсіп, жеміс бере алады, осыған байланысты оны азық ретінде тұтыну үшін де, интерьердің табиғи көркемдеуі ретінде де пайдаланады.

Әдетте құлпынайдың бұл түрі жаз бойы жеміс бере алады. Ампельді құлпынайдың бұталарында бойында біртіндеп гүлдер мен жаңа жидектер қалыптасып отыратын розеткалы әжептәуір өскіндер түзіледі. Құлпынайдың бұл түрін алдын ала тіреулермен қамтамасыз етпесеңіз, оның өскіндері тез ақ тамыр салып, нәтижесінде жаңа өсімдіктер қалыптастыра алады.

Ампельная клубника

Ампельді құлпынай үшін металл өсімдіктің әдеттегі дамуына зиян тигізетіндей күнге тез қызып кететіндіктен металл емес тіреулерді қолдану ұсынылады. Ампельді ремонтантты құлпынайды арнайы аспалы себеттерде өсіру тамаша шешім болып табылады.

Ампельді шырматылмалы құлпынайдың ең маңызды артықшылықтарының бірі болып бұл түрдің топыраққа тиіп тұру нәтижесінде туындайтын ауруларға төзімділігі табылады - құлпынай ашық жерде өсім, жаңбырлар құйып кеткен жағдайда оны жауып қойып, шіру ықтималдығын жоққа шығаруға болады. Ампельді құлпынайдың күз бойы жеміс бере алатын сұрыптары да бар.

Беккер интернет дүкені түрлі селекциялық жаңалықтарға Қазақстандағы ең оңтайлы бағаларды ұсынады және элиталық дақылдардың көшеттері мен баданаларына қатысты ең тиімді акциялық ұсыныстар жасайды. Оған қоса, бүкіл ұсынылған тауарға қатысты кепілдік беріліп, ыңғайлы жеткізу арқасында барлық қалағаныңызды ең қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі бар.

Опубликовано: 20 авг 2016
Просмотров: 25970
(Голосов: 2139, Рейтинг: 4.8)
Оставить отзыв
Ида
15 май 2022

Понравилась!

Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Бүлдірген, құлпынай көшеттері
    • Топ продаж
    Акция
    Үздік сату
    Свит Мери XXL атты құлпынай(ірі құлпынай) изображение 1
    1 отзыв
    Свит Мери XXL атты құлпынай(ірі құлпынай)
    Кол-во в упаковке: 5 саж
    2 290 тг 5 990 тг
    Купить
    Акция
    Үздік сату
    Құлпынай (ірі құлпынай) Альбион изображение 2
    8 отзывов
    Құлпынай (ірі құлпынай) Альбион
    Кол-во в упаковке: 5 саж
    2 290 тг 5 990 тг
    Купить
    Акция
    Құлпынай (ірі құлпынай) Анабланка изображение 3
    0 отзывов
    Құлпынай (ірі құлпынай) Анабланка
    Кол-во в упаковке: 5 саж
    2 290 тг 5 990 тг
    Купить