Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Вешенка саңырауқұлағын өсірудің табыстылығы сан түрінде

 «Экзотика» түріндегі вешенка саңырауқұлағы жиі тұтынатын және ұнататын өнім қатарына айтарлықтай жылдам өтті. Үлкен сұранысқа ие болатын саңырауқұлақты өсіру табыс табатын бизнес көзіне айналды.

Саңырауқұлаққа қарапайым күтім жасаумен шамалы ақша салу үйлесімінде тұрақты кіріс алу мүмкіндігі бизнестің осы түрін ұстануда жаңа кәсіпкерлерді аса қатты қызықтырады. Іс жүргізудің кез келген түріндей бұл бизнестің түрі де өзінің жеке аспектілеріне ие болады. Вешенка саңырауқұлағын өсіруді бастамас бұрын қаражат салудың табыстылығы, тұрақты пайда табу мерзімдері, ықтималды қиын жақтары және мәселелерді шешу әдістері туралы білу қажет.

Осы бизнестің басты артықшылығы  - өнімге сұраныс ұдайы жоғары болады. Үй жағдайында өсіру мүмкіндігі маңызды дерек болып табылады. Яғни, фермер жайды жалға алудың бірқатар соманы үнемдейді. Саңырауқұлаққа күтім жасау көп уақытты талап етпейді. Вешенка саңырауқұлағына аптасына бірнеше сағат қана бөле отырып, басқа істермен жайбарақат айналыса беруге болады. Сондықтан саңырауқұлақты өсіру қызмет етудің негізгі түріне қосымша табыс бола алады. Сатылымға дайын соңғы өнім алты аптадан кейін шығады.

Сандағы табыстылық

Жақсы күтім жасаған жағдайда ауданы 100 шаршы метр болатын жер жылына шамамен 4 тонна өнім жинауды қамтамасыз етеді. Есептесек: вешенка саңырауқұлағының 1 кг базарда 1,5$ құрайды. Жылдағы өнім құнын есептеп алып, айына 500$ таза пайда аламыз. Отырғызатын ауданды кеңейте отырып, пайда пропорциональді түрде ұлғаяды. Көріп отырғаныңыздай бизнестің осы түрін жүргізу артықшылығы осындай болады:

  • көп салымды қажетсінбейді;
  • өткізудің кең нарығы;
  • бизнесті сәтті жүргізуде шамалы күш түсіру;
  • жылдам, әрі жоғары өтелімділік;
  • істі үй жағдайында жүргізу мүмкіндігі.

Күш пен уақыттың аз шығыны тұрақты қосымша кіріске кепілдік береді.

Вешенка саңырауқұлағын өсіру және күтім жасау ерекшеліктері

Вешенка обыкновенная

Бірінші кезең - сәйкес жайды іздеп табу. Оның ішінде температураны, ылғалдылықты, жарық беру режимін бақылау мүмкіндіктері қарастырылған болуы тиіс. Вешенка саңырауқұлағы дамуының әрбір кезең бірлігі бір климаттық жағдайларды талап етеді. Жайдағы тазалық  - саңырауқұлақтың дұрыс дамуына қажетті фактор болады.

Ластанған жерлерді субстратты пастеризациялау әдісімен тазартады. Бұл сабан немесе жоңқа бола алады. Кез келген саңырауқұлақ сияқты вешенка саңырауқұлағы қоршаған ортадағы лас заттарды, бөтен иістерді, радиацияны белсенді түрде сіңіріп алады, бұл соңғы өнімнің сапасына әсер етеді. Саңырауқұлақты өсірудің барлық кезеңдерінде тазалықты сақтау, жағымсыз бактериялармен жұқтырып алмас үшін таза қолмен ғана жұмыс жүргізу талап етіледі.

 

Вешенка саңырауқұлағын өсіру технологиясы

Технологиялық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған процесс жоғары сапалы өнімді өткізуден тұрақты түрде жақсы пайда алуына кепілдік береді. Бар-жоғы алты қарапайым қадам бизнесіңіздің сәтті басталуын қамтамасыз етеді.

  1. Төсенішті және сапалы мицелийді сатып алу. Төсеніш ретінде сабан немесе ағаш үгінділері қолданылады. Салынған тыңайтқыштары бар ұсақталған сабан  - аса қолайлы нұсқа болып келеді. Мицелий жоғары сапалы болуы тиіс. Саны қалып бойынша есептеледі:10 кг мицелийге  - 1,25 т төсеніш. Бұндай ара қатынас ақыры 225 кг саңырауқұлақ береді.
  2. Субстратты дайындау Ылғалдандырылған субстратқа қайнаған су құйып, жарты сағат бойы қыздырамыз. Қайнап тұрған судан сабанды шығарып алып, шамалы кептіріп аламыз да, беті таза жерге толық кебу үшін уақыт береміз.
  3. Қаптама. Ең алдымен полиэтилен қаптарды зарарсыздандырып аламыз, кейін оған компостты мен мицелийі бар кепкен сабанды саламыз. Орналастыру сызбасы мынадай: 5-7 см сабан, мицелий, қайтадан сабан, тағы мицелий, кейін қапты толтырғанша осы ретпен жалғастыра береміз. Тығыз жабамыз да, ауа алмасуы жақсы болу үшін тесік жасаймыз. Қаптаманы сөрелерге қойып қоямыз.
  4. Инкубация. Вешанки саңырауқұлағын өсірудің бірінші кезеңінде тұрақты температураны ұстап тұру және табиғи жарық толық болмау керек. Терезе мен есікті берік етіп жауып қойыңыз. Бақылап қарау қажет болған жағдайда арнайы шамы бар қызыл түсті жарықты қолданыңыз. Иненің көзіндей тесіктен шығып, пайда болған саңырауқұлақтың басы келесі кезеңге өткендігін білдіреді.

Вешенка в мешках

  1. Жеміс беру. Екінші кезеңнің негізгі шарты ылғал деңгейін дәлме дәл ұстап тұру болады. Температура 20 градусты асырмауы тиіс. Саңырауқұлақтың қарқынды өсуі күннің көзі молынан түсіру кезінде болады. Кем дегенде 12-сағаттық жарықтандыру талап етіледі. Өнімділікті көбейту үшін кейбір қулық амалдарға жүгінеді: өсіп келе жатқан саңырауқұлағы бар қаптарды бір тәулікке қараңғы салқын жайға орналастырады да, кейін әдеттегі жағдайға қайтарып қояды. Жағдайдың күрт өзгеруі нәтижесінде алатын шок саңырауқұлақтың өсуіне аса қолайлы болады.
  2. Өнімді жинау. Толық жетілген мезетте саңырауқұлақтың бас жағын қиып қояды. Осылайша үшінші кезең аяқталады, бірақ саңырауқұлақты өсіру қажет болса, бірінші кезеңге қайта оралады. Қаптарды қайтадан сөрелерге тізіп қойып, бірінші кезеңнің талаптарына жауап беретін жағдайды жасайды. Алты апта өткенде жаңа өнім сатылымға дайын болады. Мицелийдің бір отырғызғаны төрт толыққанды өнімді қамтамасыз етеді.

 

Вешенка саңырауқұлағының жағымды дәмі оларды күнделікті дайындауда күмәнсіз ұнамды дәмге айналдырды. Саңырауқұлата онкологиялық ауруларды алдын алатын қасиеті бар екенін зерттеулер дәлелдеді. Олар жоғары тиімді антиоксидант болып табылады.

Вешенка саңырауқұлағын өсіру процесі қарапайым және көп шығынды талап етпейді. Саңырауқұлақты өсіру бизнесін бастағанда шығынға бату қаупі өте аз, ал кірісі күткен нәтижеңізден де асады.

 

Опубликовано: 06 янв 2017
Просмотров: 7208
(Голосов: 2632, Рейтинг: 4.8)
Оставить отзыв
Григорий
26 ноя 2017

Такой вопрос, как выращивание грибов вешенка для себя и на продажу стоял у моих знакомых уже давно. И они приняли волевое решение стартовать в этом деле. И стартовали! Однако из-за отсутствия каналов сбыта они разорились практически до нитки. Так что прежде чем кроме как для себя выращивать гриб вешенка, узнайте, а кроме вас они кому нибудь нужны? И где вы их будите продавать.

БОксана
27 ноя 2017

Григорий, спасибо за показательную историю - вы правы, каналы сбыта нужно прорабатывать сразу. Однако, если вы планируете выращивать грибы для себя, то можно покупать мицелий и сажать его без проблем.

Анна
16 ноя 2017

То, что выращивание грибов - бизнес, узнала совсем недавно от своей тети. Она садовод со стажем и вот сейчас зарабатывает, выращивая вешенку. До этого я даже не задумывалась, что так можно

Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Мицелий саңырауқұлағы
    Акция
    Вешенка королевская изображение 1
    1 отзыв
    Вешенка королевская
    Кол-во в упаковке: 12 шт
    810 тг 1 140 тг
    Купить