Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Маусымдық жұмыстар: мамыр айында бақта және бақшада не істеу қажет

Маусымдық жұмыстар: мамыр айында бақта және бақшада не істеу қажет

Бағбанға әрбір ай өзінше бағалы, бірақ осы мамыр айында көкөніс пен жемістердің болашақ өнімі қаланады. Ештемені қалдырмай, ұмытпас үшін учаскеде жасалатын жұмыстарды мұқяит жоспарлап алу қажет. Осы мақаладан еске түсіретін ескертулерді жазып алыңыз да, оларды толық көлемде орындауға тырысыңыз.

Бақта істелінетін 8 іс

1. Жеміс көбелегіне тұзақ ілетін кез келді. Мамыр айында зиянкестер көк өріктегі және алмадағы көшеттерде пайда болады, сондықтан ағаштарды тіптен тамыз айына  - жеміс піскен кезге дейін қорғау қажет.

2. Жас жеміс беретін ағаштарды суаруды көбейту, сонда олар тезірек өседі. Олардың тамырлары бұрын отырғызылған ағаштардікіндей тереңге әлі өсе қоймады, сондықтан жас ағашқа молынан суаруды қамтамасыз ету қажет.

3. Көшеттерде алғашқы гүлдеген гүлдерін жұлып тастау, жемістерді қалыптастырмай, вегетативтік салмақ жинауға бар күшін салу үшін бірінші - екінші жылдағы өскендерін алып тастайды.

4. Жидек бұтағын тормен қоршау, сонда құстар өніміңізді шоқып тастамайды.

5. Жұлдызқұрттың барын қарлыған бұталарында тексеру. Дәлі қазір нәзік жапырақтарын және жеміс түйіндерін егеуіштер жеп бастайды және оларды қолмен отап шығыңыз немесе жерге төселген үлдірге сілкіңіз. Егер бұта түйіндерімен немесе гүлдеген болса, онда оған шашу жұмыстарын жүргізу қажет емес  - жұлдызқұртты қолмен алып тастаңыз.

6. Қазылған жүзім сабағынан жер қабатын алып тастаңыз және өскіндерді торлы тіреуге байлаңыз. Олар кепкеннен кейін  - оларға нитрафен шашыңыз.

7. Таңқурай танабын байлап қойыңыз. Ең дұрысы торлы тіреуіштер жасау  - қазықша қағып, таңқурай қатарының бойымен сым тартып қойыңыз.

8. Температураны қадағалаңыз. Мамыр айында қайталама аязды күндер болады, сондықтан ауа райын тыңдап жүріңіз, егер күн суытып кетсе, жағуға болатындай түтін алауларына шөпшек дайындап қойыңыз.

 Бақшада істеу қажет болатын 8 тапсырма

1. Картоп отырғызатын кез келді. Егер дәл қазір жылдам пәсетін сұрыпты (Антошка, Импала) отырғызатын болсаңыз , онда отырғызғаннан кейін 10 аптадан соң алғашқы өнімді жинай аласыз. Қыста сақтауға арналған кеш пәсетін дақылдар 15 бастап, 20 аптаға дейін пісіп жетіледі.

2. Рауғаштың өнімін жинаңыз. Мәйегі қалың сабақтың үштен бір бөлігін қия аласыз, ал қалғанын өсімдік ауырмас үшін қалдырып қойыңыз.

3. Қояншөпті кесетін кезін тексеру. Ол тым өсіп кетпеуін қадағалау қажет, әйтпесе сабақтары қатты және дәмсіз болып кетеді. Кесетін ең қолайлы биіктік - 18 см дейін.

4. Тұқымнан өсірілетін орамжапырақ пен пиязды тұрақты жүйектерге тамырландыру қажет.

5. Сәбіз, шпинат пен салаттың егісін сиректетіңіз. Бұны дәл қазір жасау қажет, өйткені олардың тамырлары өсіп кетеді де, артықтарын алып тастағанда көрші өсімдіктерді зақымдауыңыз мүмкін.

6.Үрме бұршақ пен асбұршаққа тіреуіш жасаңыз, сонда олар жерде жатып қалмай, бірден дұрыс өсе бастайды.

7. Жүйектерде және қатар арасында пайда болған алғашқы арамшөптерді отап шығыңыз. Көкөніс өскіндері әлі әлсіз және кішкентай болғанда оларды ылғал мен күн сәулесін алып алатын кез келген арамшөп басып тастауы мүмкін.

8. Жүйектерде қызанақты отырғызыңыз және қияр тұқымдарын үлдір астына себіңіз.

 

Гүлзарда істелінетін жұмыстар: 11 тапсырма

1. Бір жылдықтарды гүлзарларға егіңіз. Дәл қазір барқытгүлді, көктікенді, көгал қоспасынкосмея мен дәстүргүлді егетін кез.

2. Тұрақты гүлзарларға ақкекіре көшетін қайта қоныстандырыңыз.

3. Қызғалдақ, нәркес және өзге алғаш гүлдейтін баданалы өсімдіктердің көшеттерін қарап шығыңыз. Егер жапырақтары құрғап солған, не кеуіп қалған болса  - онда бадананы алдағы уақытқа сақтау үшін қазып алуға болады. Егер жапырағы жасылдана түссе  - онда бұтаға тиіспеңіз. Табиғи түрде өздігінен кепсін.

4. Бұтағын көбейту үшін көп жылдықтарды - фуксияны, пеларгонияны саптаңыз.

5. Раушан гүлінің бұтағын байлап қойыңыз, сабақтарының жатып қалуына жол бермеңіз.

6. Гүлдерге арналған контейнерлерді компостпен толтырыңыз және ішіне ылғалды ұстап тұратын гидрогель қосып қойыңыз. Сонда террасадағы аспалы себеттерді және гүлі бар қыш құмыраларды сирек суаратын боласыз, олар ылғал жетіспеусіздігімен зардап шекпейтін болады.

7. Клематистерді қарап шығыңыз да, жайылған жапырақтары жоқ өлі сабақтарды алып тастаңыз.

8. Гүлдер мен декоративті өсімдіктерді зиянкестерден қорғау мақсатында дәрі шашыңыз, алдын алатын шараларды жасаңыз. Ауырып қалған гүлді емдегеннен гөрі бұл анағұрлым тиімді болады.

9. Раушан гүлдерін мұқият қарап шығыңыз - қазіргі уақытта ерте кезеңде болатын дақ белгілерін анықтауға болады. Сәл күдік туындаған жағдайда ақ, бұтаны жүйелі фунгицидтермен өңдеп шығыңыз..

10. Тірі қоршауға алғашқы қалып беретін қысқарту жұмыстарын жасаңыз. Мамыр айында өскіндер белсенді түрде өседі, егер қажетті мезетті өткізіп алсаңыз, онда алдағы уақытта қысқарту үшін көп күш жұмсайтын боласыз.

11. Ауа райы мүмкіндік берген кезде ашық жерге нарғызгүл мен каннаны отырғызыңыз.

 

Мамыр айындағы 5 жылыжайлық күтім

1. Ыстық күнде жылыжайдың есік-терезелерін ашып қойыңыз, желдетіліп алғаны дұрыс.

2. Өсімдікті сүрту үшін экрандар жасаңыз немесе әйнектің ішін ашық түсті бояумен шайылатынмен бүркіп жуыңыз. Қатты ыстық күн өсімдікті күйдіріп жіберуі мүмкін.

3. Жылыжайда мекендегенді ұнататын ақ көбелек пен бітелерге жабысқақ тұзақ іліп қойыңыз.

4. Артық өскіндер пайда бола салысымен қызанақты бұталап шығыңыз. Биік жылыжай бұталары дер кезінде байлам жасауға мұқтаж екенін ұмытпаңыз, әйтпесе, сабағының пішімі өзгеріп кетеді.

5. Ашық жерге отырғызуды жоспарлап жүрген барлық өсімдіктерді жылыжайдан шығарып, отырғызыңыз. Артық көлеңкелеу және ылғалдылық зең ауруларының пайда болуына әкеледі, сондықтан қайта отырғызуды ұзаққа қалдырмаңыз.

 Есте сақтайтын тағы 4 іс

1. Көгалдарды азотты тыңайтқыштармен қоректендіру қажет және шөп биіктігі 7-8 см жететін болса, алғашқы шөп шабу жұмысын жүргізіңіз.

2. Шөп сарғаймай, құрғап кетпей, жасыл болып тұру үшін көк шалғынды/көгалды суарып тұрыңыз.

3. Өсімдік қалдықтарының барлығын және балдыр шөптерді жинай отырып, қыстан кейін тоғанды тазалап шығыңыз.

4.Бақ пен бақшада шырышты ұлу және ұлу барын қарап шығыңыз. Егер оларды байқап қалатын болсаңыз  - оларға тұзақ жасаңыз.

Істейтін жұмыс көп, олардың бітетін түрі жоқ сияқты болып көрінеді. Шаршадыңыз ба? Демалыс алыңыз, кез келген күнді өзіңізге демалыс етіп алыңыз. Раушан гүлімен және клематиспен шырмалып оралған жаппаның көлеңкесінде кітап оқып, демалыңыз. Мұрын жаратын кәуап жасаңыз да, алғашқы көктемгі көкөніспен дастархан жайыңыз. Оның иісіне көршілеріңіз жиналып кетеді, сонда ортақ бақ істері мен отырғызу жұмыстары жөнінде шүйіркелесіп әңгіме құрай аласыз.

2016-04-28
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Мы отправили Вам письмо c подтверждениям регистрации.
Пожалуйста проверте Вашу почту

Жеке кабинетке кіру


Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!