Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Шиитаке: негізгі ерекшеліктері және өсіру

Бұл саңырауқұлақты 2000 жылдан астам бұрын бірінші болып өсіріп, халық медицинасында пайдалана бастаған жапондықтар. Міне сол Күншығыс елінен шиитаке бүкіл әлемге тарай бастады. Қазір шиитаке саңырауқұлағы табиғи жағдайда көптеген дерттің дауасы ретінде әлі күнге дейін жоғары бағаланатын Кореяда, Жапонияда, Қытайда және Шығыс Азияның кейбір аумақтарында өседі.

Шиитаке емдік қасиеттері

Адам өздерінің арқасында «өмір нәрі» атауына ие болған шиитакенің емдік қасиеттері жөнінде көне заманда ақ жақсы білген. Біздің заманымызда бұл саңырауқұлақ өздерінің тамаша қасиеттерінің арқасында Азияда ғана емес, өздерін өсіретін Еуропада және АҚШ аумағында да кеңінен танымал болған. Францияда, Тұманды Альбионде, Жапонияда, Германияда және көптеген өзге елдерде алынған патенттерге сәйкес, шиитаке антивирустік, ісікке қарсы әсерге ие. Бұл саңырауқұлақ ағзада интерферон түзілуіне септігін тигізетін зат түзеді, басқаша сөзбен - ағзаның вирустерге төзімділігін арттырады.

Бұл тамаша саңырауқұлақтың барлық емдік қасиеттері толықтай зерттеліп қойған жоқ, бірақ қазірдің өзінде шиитаке қандағы холестерин деңгейінің төмендеуіне септігін тигізетіндігі нақты белгілі, соның арқасында қан қысымы қалпына келіп, атеросклероздың дамуы елеулі түрде тежеледі. Қазіргі таңда шиитакеден ісікке қарсы белсенділікке ие және тіндердің қалпына келуіне септігін тигізетін медициналық препараттар және сірінділер жасалады. Оған қоса бұл саңырауқұлақ - D2 витаминінің қазынасы болып табылады.

Шиитакені үй жағдайларында өсіру

Қаласаңыз ні ббізде де өсіруге болады, оның еш қиындығы жоқ. Бұл саңырауқұлақты үй маңы учаскесінде немесе бақшада өсіреді. Ең бірінші істейтін ісіңіз - шиитаке мицелийін сатып алыңыз. Ең дұрысы  - оны қандай да бір сенімді, маманданған дүкенде сатып алыңыз. Қазіргі таңда Қазақстанда шиитаке мицелийіне Алматы және Астанада тапсырыс беріп, поштамен алуға болады.

Одан кейін ағашты дайындауға кірісу қажет. Әдетте бұл саңырауқұлақ жаңа шабылған томарларға өсіріледі - яғни, барынша табиғи технология пайдаланылады Бұл мақсатта келесі ағаштардың кесінділері тамаша таңдау бола алады:

  • қызылқайың;
  • емен;
  • шамшат;
  • талшын.

шиитаке

Бұл мақсаттарда ағаштарды жапырақтары түсе салысымен қиып алған дұрыс - нақты осы кезеңде ағашта қанттардың қажетті деңгейі болады. Қиып отырған ағашта өзге саңырауқұлақтардың спораларының жоқтығына мұқият көз жеткізіңіз.

Кесінділердің өлшемдері ұзындығы бойынша бір жарым метрге дейін және диаметрі жиырма сантиметрге дейін болуы тиіс. Кесінділердің қабығы бүтін, зақымданбаған, кесінділердің өздері тым ылғалды және тым құрғақ болмаулары тиіс, ең оңтайлы ылғалдық - 50%. Қажетті ылғалдықты ұстап тұру үшін кесінділерді көлеңкелі жерге, сыз топыраққа тимейтіндей жинап қойып, тығыз материалмен жауып қою қажет. Мүк пен қына пайда болған жағдайда абайлап алып тастау қажет.

Мицелийді салардың тура алдында дайындалған кесінділерде шахматты тәртіпте ойықтар бұрғылау қажет, бұл жағдайда бұрғыларды жұмыс алдында спиртпен өңдеу қажет. Бұрғы диаметрі кем дегенде сегіз сантиметр және ең көп дегенде он екі сантиметр болуы тиіс. Ойық тереңдігі кем дегенде 40 см құрауы тиіс. Мицелий субстратын дайындалған ойықтарға салып, ағаш тығындармен жабады да, үстінен балауызбен, жоқ дегенде парафинмен тығыздайды.

Одан кейін шиитаке мицелиі бар кесінділер құдықтап немесе оттықтап жиналып, мицелийдің одан әрі дамуына оңтайлы жағдайлар жасалады. Инкубацияны жүзеге асырудың ең дұрыс орны орманда немесе бақшада, немесе, оны арнайы жайларда да жүргізуге болады - мысалы, ангарларда немесе жылыжайларда. Инкубация кезінде ерекше микроклиматты қамтамасыз ету қажет - ол 20-26 °C градусты құрайды, инкубация кезеңінің өзі алты  - он сегіз айға созылуы тиіс. Инкубация кезеңінің ұзақтығы жағдайларға, мицелий мөлшеріне және шиитаке штаммына тікелей байланысты.

Отырғызылған мицелий ағашты толықтай отарлап алуын күтіп, жеміс қалыптастыруды ынталандыру қажет - индукция үшін оңтайлы уақытты көлденең қимада мицелийдің ақ түсті аумақтарының пайда болу болмауына қарап анықтауға болады. дайын кесінді соққанда шыңылдамауы, ал оның жиегі мицелиймен тығыз қоныстанған болуы тиіс.

выращивание шиитаке

Шиитаке жеміс беру процессі ағаштағы ылғалдың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін маусымдық жаңбырлар арқасында басталады. Өнімнің теңгерілген, біркелкі толқынына қол жеткізу үшін мицелий қоныстанған кесінділерді ұзақ уақыт суару қажет, не қолмен, не автоматты суару құрылғыларын пайдалана отырып. Ылғалдықты тұрақтандырудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін оларды қандай да бір ауа өтпейтін материалмен қымтап тастауға болады. Өсіріліп отырған шиитаке плантацияларын тікелей күн сәіулелерінен жақсы қорғалған жерлерде орналастыру қажет.

Шиитакенің өнім беруі бес жылға дейін созылуы мүмкін, бұл жағдайда негізгі рөлді пайдаланып отырған ағаш кесінділерінің өлшемдері ойнайды. Жылы кезеңде шиитаке бірнеше рет өнім бере алады. Барынша жоғары нәтижелерге климаты негізінен ылғалды аумақтарда қол жеткізуге болады. Жалпы алғанда, бұл әдіс вешенканы өсіру әдісіне ұқсас, сондықтан ол бұл істе жаңадан бастаушы болмайтындарға жақсы түсінікті болады.

Беккер интернет дүкені түрлі, соның ішінде - элиталық сұрыпты өсімдіктердің тұқымдарын және баданаларының кең талғамын ұсынады. Таңдау мен тапсырыс берудің ыңғайлы шарттары, көптеген акциялық ұсыныстар және Қазақстан аумағы бойынша ыңғайлы жеткізу - Беккер дүкенінің көзге көрінетін артықшылықтары ғана.

Опубликовано: 16 ноя 2016
Просмотров: 3570
(Голосов: 1196, Рейтинг: 4.7)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Мицелий саңырауқұлағы
    Акция
    Шиитаке изображение 1
    2 отзыва
    Шиитаке
    Кол-во в упаковке: 12 шт
    810 тг 1 140 тг
    Купить