Помощь

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Жүз шаршы метрден бір тонна бүлдірген

Жүз шаршы метрден бір тонна бүлдірген

Бақша бүлдіргені ең ерке жидектердің бірі болып, аздаған ғана өнім беретін заман өткен. Қазіргі таңда, Италиялық, Голландиялық және Америкалық селекционерлердің күш салуларының арқасында «Жер  - жүз шаршы, құлпынай  - бір тонна» мақалына әбден келетін жаңа жоғары өнімді сұрыптар пайда болды. Осындай мол өнімнің сиқыры  - әр бұтаның көптеген мүйізшесінің болуында. Осындай бір түптен бір маусымда бір жарым келіге дейін жидек теріп алуға болады.

«Көп мүйізшелі» сұрыптардың тағы бір артықшылығы болып не бары екі жылдың ішінде үлкен, дамыған бұатаны өсіріп алуға болады. Вегетациялық кезең барысында құлпынай бірнеше мүйізше-мойынша қалыптастырып, олар өз кезегінде келесі жылы өздерінің мүйізшелерін шығарады. Нәтижесінде жидектердің мол өнімін беретін ірі әрі қуатты бұта қалыптасады.

Ең өнімді сұрыптар

Бақша бүлдіргенінің бірнеше жоғары өнімді сұрыптары бар. Ерекшеліктеріне толығырақ тоқтап көрейік.

  1. Сан Андреас. Маусымына жеті рет өнім береді. Әр түптен үш килограммға дейін жидек жиналады.
  2. Императрица. Орташа ерте сұрыптарға жатады. Қосымша артықшылықтарының қатарына жидектерінің салмағын (60 г дейін) және әдемі пішінін жатқызуға болады. Жемістері қышқылтым-тәтті, қанық қызыл түсті. Бәр дақылдан маусым барысында 1,3 кг дейін өнім жинауға болады.
  3. Альбион, Свит Мэри, Портола, Хоней. Жақында шығарылған ремонтантты сұрыптар, маусым барысында үш-төрт рет өнім беру мүмкіндігін береді.
  4. Царская корона. Жидектері өте ірі орташа кеш сұрып. Бір жидек салмағы 100 г жетуі мүмкін. Тәтті дәмімен және керемет хош иісімен ерекшеленеді. Орташа өнімділігі  - бір түптен бір жарым келіге дейін.
  5. Розовая мечта. Ерте, жылдам пісетін сұрып. Жидектері қанық қызыл, салмағы 30-40 г. Орташа өнімділігі  - бір түптен 2,5 кг дейін.
  6. Гигантелла. Кеш пісетін, жидектері өте ірі (шамамен 100 г) сұрып. Жемістері ттәтті, хош иісі анық. Екінші жылы бір өсімдіктен 2,2 кг жидек жинап алуға болады.
  7. Фрарома және Кимберли. Жылыжайда өсірген жағдайда жыл бойы жеміс береді, ашық топыраққа отырғызылған жағдайда  - суық түскенше. Жидектерінің өлшемдері орташа, аздап қышқылтым. Жазда мұртша тастап, олар тамыр жіберіп, олардан сол жылы ақ жеміс бере алатын жаңа түптер түзіледі.

Жоғары өнімді түптердің ерекшеліктері

Посадка клубники

Бүлдіргеннің барлық дерлік жоғары өнімді сұрыптарының бір ерекшелігі бар  - олар кейіннен толық қанды, жеміс беретін өсімдікке айналатын мұртшалар тастайды. Отырғызған өсімдіктер жас өскіндерден тым қалыңдап кетпеуі үшін жүйекте арасына бір метрден сала отырып, сым темірден доғалар орнатуға болады. Доғаларға кендір жіп тартылып, оған гүл сабақтарын байлап қою қажет. Осылайша олар жерге тимейді, яғни, тамырланып, жайылмайды.

Жүйектегі бүлдірген түптерінің қалыңдап кетуіне жол бермеудің тағы бір әдісі бар. Аналық түптердің қасына бір-бір қазық қағылып, оларға мұртшалар байланады. Олар да тамы жіберу мүмкіндігі жоқ жерлерде топырақ үстінде күлдеп, жеміс беретін болады.

Кейбір сұрыптар қос буынды мұртшалар тастап, оларда бірінші гүл сабақтары қалыптасып, одан кейін тамырлар шығады. Осылайша, толмаған бір ай ішінде жеміс бере алатын жаңа түп қалыптасады. Бүлдіргеннің осындай дамуы да өнімнің көбеюіне септігін тигізеді.

Бақша бүлдіргендерінің өнімділігін арттыру үшін түптерді шахмат тәртібі бойынша отырғызу пайдаланылады. Ол бір шаршы метрге 60 дейін түп орналастыру мүмкіндігін береді. Олар, дұрыс күтім көрген жағдайда, 46 кг жидек бере алады. Соңғы жидекті үзіп алғаннан кейін ондай плантация түптермен қоса қазылады.

Дайындық жұмыстары және құлпынайды отырғызу

Бірінші саты болып топырақты мұқият қазып шығу табылады. Одан кейін оны арамшөптерден босату керек, ә»сіресе көп жылдық.

Жақсы және тұрақты өнімін өсімдіктер тек құнарлы топырақта береді. Сондықтан да болашақ жүйектердегі топырақты минералды (суперфосфатпен) және органикалық тыңайтқыштармен (қарашірікпен, күлмен) байыту қажет.

Бақшалық бүлдіргенді сәбіз, пияз, дәнді дақылдар немесе сарымсақ орнына отырғызған жөн.

Түптерді күзде де, көктемде де отырғызуға рұқсат етіледі. Өсімдіктер жақсы тамырлануы үшін тек бір-екі ең дамыған жапырақ қалдырылып, қалғандары, әсіресе ескілері, жұлынуы тиіс.

Отырғызар алдында тамырларын сары топырақ пен шымтезек қоспасына малып алып, одан кейін шұқырға отырғызып, топырақпен көму қажет. Отырғызғаннан кейін өсімдікті жақсылап суарады. Түптердің арасындағы оңтайлы аралық  - 50-60 см, қатарлар арасы  - шамамен 30 см.

Уход за клубникой

Күтім еркшеліктері мен сиқырлары

Вегетация кезеңі барысында бақша бүлдіргені арам шөбін жұлып, құнарландыру мен суаруды қажет етеді. Өсімдіктерді қысқы маусымға міндетті түрде жауып қою қажет. Себебі қар қалың болмаса, қатты аяз түйіндерін мұздатып, өнімін азайтуы мүмкін. Материал таңдағанда оның тығыздалмайтындығына көз жеткізіңіз.

Жапырақтарын күзде қиып тастаған дұрыс емес. Бұл процедура барысында абайсызда тамыр мойнын және жемісті түйіндерді зақымдап алуыңыз мүмкін. Сондықтан жапырақтарын қысқа қалдырған жөн. Олар толықтай қурап үлгеріп, оларды бұтаны зақымдап алмай үзіп тастау мүмкіндігіне ие боласыз.

Жүз шаршы метрден бір тонна өнім алу үшін түптерді үнемі жасартып отыру міндетті шарт болып табылады. 4 жылдан кейін жер үсті бөлігі толықтай абайлап қиылып алынады. Ол ұйқыдағы түйіндерді оятып, тамырлары жақсы дамыған жаңа түптің өсуін ынталандыру мүмкіндігін береді. Жасартуды өнімді жинап алғаннан кейін орындаған дұрыс. Бұл процесс алдында бүлдіргенді қоректендіріп алу қажет. Плантацияны жасарту жеміс беру мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қоймай, дақылдарды зиянкес жәндіктер мен аурулардан арылту мүмкіндігін береді.

Барлық осы әдістерді пайдалана отырып, сіз мол өнімге ғана қол жеткізіп қоймай, бақша бүлдіргенін сату үшін өсіру бойынша өз ісіңізді бастай аласыз.

2015-12-06
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!