Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Жерқұлақ - нағыз таңсық саңырауқұлақ

Жерқұлақ  - нағыз таңсық саңырауқұлақ

Жерқұлақ туралы Көне Греция мен Көне Рим дәуірінде ақ білген болатын. Бүгінгі таңда осы саңырауқұлақтың бірқатар түрлері, әсіресе, Перигор, Итальян және Қара жерқұлақ саңырауқұлақтары аса сирек, әрі бағалылардың бірі болып саналады. Қалған сұрыптары барлық жерде таралған, әсіресе, Қазақстанда жазғы жерқұлақ кездеседі (басқаша атауы  - Черный Русский (Қара Орыс), бірақ абай болыңыз, егер оны жабайы жағдайда тауып алатын болсаңыз, кейбір жемістері улы болуы мүмкін.

Саңырауқұлақтың бөлек сұрыптарының жоғарғы құны өсіру қиындығымен ғана емес, сонымен қатар, білгіштермен жоғары бағаланатын аса керемет дәмімен және хош иісімен негізделеді.

Дәмдік қасиеттері

Дәміне қарай жерқұлақ қуырылған пістені немесе грек жаңғағын еске түсіреді және дәмі ауызда айтарлықтай ұзақ қалады. Көп жағдайда шикідей тұтынылады. Саңырауқұлақты жылы түрінде өңдеумен аса абай болу қажет, сол кезде керемет хош иісі сақталады. Көбінесе осы саңырауқұлақты арнайы жүзбен жұқалап тілімдеп турайды да, онымен тура дастарханға қояр алдында негізгі тағам түрін дәмдеп қояды.

Жерқұлақтың сыртқы түрі

Жерқұлақтың құны қымбат болғанына қарамастан, олардың сыртқы түрі айтарлықтай сұрықсыз болып келеді. Саңырауқұлақ түйнек тәрізді қалыпта өседі, салмағы бір килограммға дейін жетеді. Жерқұлақтың беткі жағы көбінесе қара немесе ақ түсті, кейде көкшілдеу немесе қоңырқай реңкте де кездеседі. Қабығы тегіс те, қатпарлы да бола береді. Кескен кезде жерқұлақ мәйегі көптеген жолақтары бар мәрмәрді елестетеді. Жас саңырауқұлақтарда ол ашық, сұр немесе сарғыш реңкте, ал ескіргенде - қоңыр түсте болады.

Таралу ортасы

Әлемде жерқұлақтың жетпістен астам түрі есептелгенмен, кулинарияда шамамен он шақтысы бағаланады. Аса бағалысы  - ақ және қара жерқұлақ түрлі өңірлерде таралады.

  • Ақ жерқұлақ Италияның солтүстігінде таралады, жинау уақыты қазан айынан бастап, желтоқса айына дейін созылады;
  • Қыстық қара жерқұлақ Францияда, Италияда, Испанияда және Хорватияда таралады;
  • Жазғы қара жерқұлақ Альпі өңірлерінде таралған;
  • Қара мускатты жерқұлақты Орталық және Оңтүстік Еуропада табуға болады.

Саңырауқұлақтың бұл түрі жер астында, он - отыз сантиметр тереңдікте өседі. Осы таңсық тағамды қазып алып, жейтін жабайы жануарлар көмегімен көбейтіледі. Көп жағдайда жерқұлақ шамшат ағашы мен еменнің басым болатын бұрынғы аралас орманда кездеседі. Ең көп өнімді, егер саңырауқұлақтар қолайлы ауа райында өскен болса  - жеткілікті жауын-шашынды жылы ауа райында, пайдалы заттарға бай жерде алуға болады.

Жерқұлақтың пайдалы қасиеттері

Керемет дәмдік сапасынан басқа жерқұлақ құрамында В, сондай-ақ, С мен РР тобындағы витаминдер бар. Одан басқа, саңырауқұлақтар антиоксидант және күшті афродизиак болып табылады. Өзінің төмен құнарлығының арқасында жерқұлақты арықтау курсы кезінде де тұтынуға болады. Осы деликатесті тағамда тұрақты түрде қолдану теріні жас күйінде сақтауға көмектеседі. Италияда тіптен жерқұлақтан алынатын сығынды негізінде косметиканы жасайды. Косметологтар осындай косметика әжімдерді тегістеуге және терідегі пигменттік дақты ағартуға қабілетті екенін айтады.

Жерқұлақты өздігінен өсіру

Кулинарияның «қара алтынын» өздігінен де өсіруге болады. Бірақ мынаны ескерген жөн, саңырауқұлақ аса қыңыр болып келеді. Сондықтан оған табиғи жағдайға мейлінше ұқсастырып жағдай жасау қажет:

  • жеңіл, пайдалы заттарға бай жер (әсіресе кальций маңызды);
  • жылы температура;
  • тұрақты суару.

Сонымен қатар, жерқұлақтың керемет иісі көршілес емен, шие, жөке ағашы немесе орман жаңғағы өскен кезде жақсы қалыптасатынын да ескеру қажет.

2016-12-16
Пікірлер

 

Бабушка с дедушкой у меня были большие грибники, часто с ними ходили собирать. Они мне рассказывали как найти трюфель в лесу, в том числе. Но мне не везло, не попадались. Первый раз трюфель попробовала уже в 20 лет. Внешне, конечно, совсем не впечатляет, но вкус чудесный - как грецкий орех и что-то ещё. Ели сырыми, потому что так все полезные свойства и аромат не исчезают. Главное точно знать, что ешь, потому что бывают и ядовитые! Очень хочу вырастить трюфель в своих условиях, но это очень сложно, надо и почву специальную, и температуру нужную поддерживать. Вешенку выращивала, может и с трюфелем как-нибудь рискну!
Инна, добрый день. Обязательно попробуйте вырастить и трюфель!Это не так сложно, как кажется на первый взгляд! Желаем богатого урожая!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-12-04

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
акция
Үздік сату
Қара жерқұлақ -Goods from the article
Қаптама саны: 60 мл
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!