Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Бір маусым ішінде құлпынайдың төрт реттік өнімін қалай алуға болады

Бір маусым ішінде құлпынайдың төрт реттік өнімін қалай алуға болады

Құлпынай бір жаздың ішінде төрт рет жеміс бере алады. Соған мысал ретінде  - Альбион сортын алуға болады, онда өсудің күші соншалық, жапырағын өсіріп, гүлдейтін бүршіктердің негізін қалап, ірі, тәтті жидекті қалыптастыру үшін жазғы күн сәулесінің әрбір сәулесін қолдана отырып, жүйектен ытқып шыққандай болады. Бірақ бір қырсық жағы да бар, сұрыптың барлық мүмкіндіктері әдетте қолданылмайды және сұрыптық қасиеттер қалай да болса танытылады деген сеніммен бақшашылар құлпынайды сол күйінде қалдыра береді.

 

 Төрт есе өнім алуға әрекет етудің толық жоспары

Бақта әрдайым эксперимент жасау үшін орын табылады, сынап көріп, қателесіп отырып, Альбионнан мол өнім алуға болады. Жә, барлығын рет ретімен айтып түсіндірейік.

Көшетті сатып алу

Сізге көршіңіз немесе досыңыз берген матырланған бұтақтарды қолданбай, сұрыпты көшеттерді сатып алыңыз. Олар оны қандай жағдайда өсіргенін, учаскелерінде қандай зиянкестері бар екенін, тіпті жидек сапасы аналық бұталарындай сондайлықты жақсы боларын кім білсін. Сондықтан көңіліңіз қалмайтындай сұрыпты отырғызатын материалдан бастаңыз.

Жерге отырғызу

Құлпынайыңыз бір орында шамамен үш жыл өсетінін ескеріңіз, сондықтан жидекке қоректік заттар баратындай жерді қоректендіріңіз. Жүйектің әрбір метріне қарашіріктің немесе шірінді көңнің бір шелегін салыңыз да, шамамен күлдің бір стақанын осы ауданға қосыңыз. Келесі қоректендіруді үстіртін жасауға болады, бірақ бізге көшеттің жылдам өсетін дайындамасын жасау маңызды.

 

петуния в кашпо

Бір аптаға жидек пісуін жеделдетіңіз

Өнімді тезірек алғыңыз келе ме? Агроталшықты қолданыңыз! Үлдірді емес, бағбандық мақсаттарға арналған ауа өтетін талшықты қолданыңыз. Оның ені - 3,2 метр. Егер соның астына жүйек жасайтын болса, онда бір-бірінен 40 см қашықтықта орналасқан 7 қатар шығады. Жерді дайындағаннан кейін бірден төсеп шығу қажет. Шеттерін сым түйреуіштермен бекітіңіз, ал қатар арасына жоңқаларды сеуіп қойыңыз  - олар жерге матаны қосымша басып тұрады және көшетке мұрттарын түйреп ұстауға жарамды болады.

Алғашқы өнім алуға дайындалыңыз

Күзден бастап қой құлпынай көшеттерін тамырландырған болсаңыз, онда алғашқы өнім мамыр айында ақ пісіп жетіледі. Көктемде отырғызғанда жидектер маусым айының басында піседі. Айтпақшы, алғашқы рет Альбион көп жидек бермейді, бірақ олар ірі жемістілігімен және керемет дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Жас бұталардан  - бір жылдықтан оларды шымшып үзе отырып, гүл бүршіктерін мүлдем алып тастаған дұрыс. Осылайша өсімдікке екінші жидек толқынын қалыптастыру үшін күш жинауға мүмкіндік бересіз, оны жинап алу үшін саябақтағы барлық бос ыдыс қажет етілетін болады.

Екінші өнім

Жеміс берудің екінші толқыны маусым айының соңында (көктемгі отырғызу үшін  - шілде айының басында) келеді. жидектері қалыптаса бастаған кезде  - жемістері көбірек салмақ жинау үшін бұталарды қоректендіріңіз. Альбион үшін ірі жидектер тән  - 70 граммға дейін, ал әрбір өсімдік бір бұтадан 2 кг дейін жеміс беруге қабілетті. 10 литр суға 1 кг есебімен шелекке құрғақ кептер саңғырығын араластырыңыз. Ашу үшін уақыт беріңіз (көбіктеніп, көпіршитін болады), кейін құлпынай суаратын бөшкеге ерітіндіні қосыңыз. Міне осы сумен Альбионды суарыңыз, жапыраққа тигізбеуге тырысыңыз.

Міндетті! Жидекті жинағаннан кейін барлық жеміс сабақтарды және солған, кеуіп қалған жапырақтарды алып тастаңыз. Мұрттың үшінші және төртінші каскадын қиып алыңыз  - өйткені онда жидек тіптен аз болады, ал өсімдік оларға қосымша тағы күш шығаратын болады. Тамыр пайда болу үшін алғашқы гүлөрнектерді жоңқаларға түйреп қойыңыз, бұл құлпынай жүйегін жаңартуға арналған болашақ отырғызатын материалыңыз болады, бұтада үш-төрт мұртшадан артық мұртша қалдырмауға тырысыңыз, әйтпесе өнім азайып қалады.

Үшінші өнім

Тамыз айында Альбионнан үшінші өнім жинайтын уақыт келеді. Гүл бүршіктерін қалағанға дейін құлпынайыңыздың мәзірін түрлендіру үшін жапыраққа кешенді минералды тыңайтқышты шашыңыз. Жапырақ лезде сәнді, ал түйіндері бар жеміс сабағы үлкенірек болып шығады. Тамыз айындағы өнім маусым айына қарағанда шамалы аздау болады, бірақ жидектері тәттірек болады.

Төртінші өнім

Жидектің үшінші толқынын алғаннан кейін қайтадан кептер саңғырығының тыңайтқышын қолданыңыз. Солтүстікте Альбион төртінші рет жеміс берері екіталай, ал оңтүстік аудандарда жидектер қыркүйек айының соңына қарай  - қазан айының ортасында пісіп қалады. Әрине олар соншалықты көп болмайды, бірақ күзгі десерт ретінде толықтай жарап қалады.

Маусым соңында бұталарыңызды өңдеп шығуды ұмытпаңыз. Жапырақтарын қысқартыңыз және түскен жапырақтан қалың қабатты жабын жауып қойыңыз. Альбионға демалып алу қажет, өйткені келесі мамыр айына қарай тіл үйіретін тәп-тәтті жидек толқыны басталады емес пе.

 

2016-02-08
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Үздік сату
Акция! 1+1
Құлпынай (ірі құлпынай) Альбион -Goods from the article
Қаптама саны: 5+5 көш
3 490 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!