Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Томарқұлақтарды үй жағдайларында өсіру

Томарқұлақ - жеуге жарамды саңырауқұлақтардың ішіндегі ең танымал және сүйіктілердің бірі. Қытайда және Жапонияда оларды баяғы заманнан тамаша дәмі үшін ғана емес, керемет емдік қасиеттері үшін бағалайды.Осы кәдімгі, жақсы білетін томарқұлақтардың құрамында ағзаның онкологиялық ауруларға қарсыласу күшін елеулі түрде күшейтетін заттар бар екен. Бұл саңырауқұлақтарды қандай да бір күш салмай, үй жағдайларында да өсіре беруге болады.

Томарқұлақтардың негізгі ерекшеліктері

Томарқұлақтарда түрлі витаминдердің елеулі мөлшері бар: E, C, PP, B тобының витаминдері және түрлі микроэлементтер, соның ішінде кальций, магний, мырыш, натрий, калий, темір, мыс, фосфор. Оған қоса, томарқұлақтар жасушаларға, күлге және бағалы амин қышқылдарына бай, ал құрамындағы кальций және фосфор тұрғысынан томарқұлақ балыққа бәсеке бола алады.

Өзінің аса құнарлылығының арқасында томарқұлақ диеталар барысында негізгі тағам ретінде жиі пайдаланылады, бұл саңырауқұлақтар витаминдер мен ақуыздың тамаша көзі болып, ағзаға артық калорияларды барынша аз жүктей алады. Томарқұлақ диета ұстанатын және вегетариандықтардың негізгі мәзірінде жиі кездеседі, оған қоса бұл саңырауқұлақтар - ораза барысындағы ең көп пайдаланылатын тағамдардың бірі. Бұл дәмді және пайдалы саңырауқұлақтың бірнеше түрі бар, атап айтқанда:

  • қысқы томарқұлақ;
  • жазғы томарқұлақ;
  • көгал томарқұлағы;
  • күзгі нағыз томарқұлақ.

Аталғандардың ішінде үй жағдайында өсіруге ең оңтайлысы қысқы томарқұлақ, немесе басқа атауы - фламмулина.

опенок зимний

Қысқы томарқұлақ табиғи жайларда кеш күзде, барлық басқа саңырауқұлақтар толығымен құрып кететін бірінші қар түскенше өсе алады. Өзге саңырауқұлақтардан қысқы томарқұлақ отбасы барқытты аяғымен және жиектері ортасына қарағанда ашығырақ түсті болатын ашық қоңыр немесе сарғыш басымен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтың басының өлшемі шамамен сегіз сантиметр, тегіс және жылтыр, сыз ауа райында немесе жаңбыр кезінде жабысқақ.

Қысқы томарқұлақ сабағы жіңішке, цилиндрлі пішінді, иілген де, түзу де бола береді. Аяғының жоғарғы бөлігі қызғылт-сарғыш, ал төменгі бөлігінің түсі қою-қоңыр түсті, қараға дейін. Қысқы томақұлақтың мәйегі ақшыл-сары түстен ақ түске дейін, жас саңырауқұлақтарда ол әрдайым дерлік жұқа және өте нәзік, кәрілерінде - тығыздау және қаттылау. Томарқұлақ суыққа өте төзімді және ұзақ уақыт бойы дәмдік қасиеттерін сақтай алады.

 

Томарқұлақты өсіру технологиясы

Қысқы томарқұлақты үй жағдайларында өсіру өте оңай. Бұл мақсатта ең жақсы шешім болып жылыжай немесе жертөле табылады, болмаған жағдайда - әйнектелген балкон. Жеміс беруге толықтай дайын субстратты блоктар арнайы дүкендерде, соның ішінде - интернет-дүкендерде сатылады, бұл кез келген мезетте ыңғайлы тапсырыс беріп, жылдам жеткізу мүмкіндігін береді. Қазақстанда томарқұлақтың субстратты блоктартарына Алматыда да, Астанада да беруге болады. Оған қоса, қалауыңыз болса, субстратты блоктарды қол астындағы түрлі материалдардан өзіңіз жасай аласыз.

Жарықтандыру жеткіліксіз болған жағдайда саңырауқұлақтардың түсі ақшыл дерлік болып кететіндігін ескеру қажет, бірақ бұл дәмдік қасиеттері өзгермейді және барлық пайдалы қасиеттері толық көлемінде сақталады. Бұл жайт томарқұлақтардың сыртқы эстетикалық пішіні маңызды болған жағдайда ғана рөлін атқарады. Қалыпты жарықтандыру жағдайында томарқұлақтар тәбет ашатындай пішінге ие болып өседі, әсіресе әдемі болып тар, биік ыдыстарда өскен ұзын сабақты томарқұлақтар табылады.

Үй жағдайында субстратты блок жасап шығару үшін екі литрге шаққанда қарағай ағашының немесе еменнен өзге жапырақты тұқымды ағаштардың 200 грамм жоңқасы қажет. Жапырақты ағаштар мен бұталардың өңделген шыбықтары да жарайды, сонымен қатар жоңқаның күнбағыс дәнінің қабықтарының қоспасын да пайдалануға болады. Сапалы субстратты жасап шығару үшін субстратқа дайындалған ағашқа аздаған бор немесе әк тас ұнын (шамамен бір шай қасық) және шамамен жетпіс граммдай сұлы немесе арпа қосу қажет. Аталған құрам бөліктер болмаған жағдайда оларды арпа жармасымен әбден алмастыруға болады.

опята в банке

Субстрат үшін таңдалған барлық құрам бөліктерді біркелкі етіп араластырып, бес минуттай сулап қою қажет, одан кейін 45 минуттай баяу отқа пісіріңіз. Бұл процедура залалсыздығын қамтамасыз ету және споралар мен зеңді жою үшін қажет. Одан кейін артық суын ұқыптап қотарып алып, қоспаны астауда 20-25 минуттай қыздырып, кептіріңіз. Нәтижесінде субстрат салмағы шамамен төрттен бірге азаяды.

Алынған қоспаны қаптап қою қажет - ол үшін бір және екі литрлік шыны құтылар немесе көлемі сондай полиэтилен пакеттер жарайды. Қапталған субстратты температурасы 27-25°C градустан төмен болғанша суытыңыз. Субстрат салынған пакеттерді диаметрі шамамен бір миллиметрдей мақталы тығын салып қойып, тығыздап байлап қою қажет, ал субстрат құтыларға салынған жағдайда қақпақтарын тесіп, мақталы тығынмен тығындау қажет.

Одан кейін мицелий салынған ыдыстарды бір айдай уақыт бойы арнайы температуралық режимде - 20°C көп емес және 12°C төмен емес ұстау қажет. Субстрат көзге түсі ашылып, тығыз болып көрінгенде және бетінде шағын төмпешіктер пайда болғанда , ол жемісті денелердің сәтті түзілгендігін білдіреді. Пакеттерді немесе құтыларды мицелийді зақымдап алмас үшін абайлап олар өсіп, жеміс беретін жерге ауыстыру қажет.

Қысқы томарқұлақты үй жағдайында өсіру үшін ең оңтайлы температура болып 8 -12°C градус табылатындығын ескеру қажет, бұл жағдайда ылғалдық кем дегенде 80% болуы тиіс. Қысқы томарқұлақты өсіру барысында қандай да бір себеп бойынша температура көтерілген жағдайда оларды бірнеше күнге тоңазытқышқа қойып, оларды 8 °C аспайтын және 4 °C төмен емес температурада ұстау қажет. Томарқұлақтың сабақтары ұзын болған сайын оларды жинау оңайырақ болады.

Беккер интернет дүкені түрлі, соның ішінде элиталық өсімдіктердің тұқымдарын сатып алудың түрлі ұсыныстарын жасауға дайын. Қазақстандағы селекциялық жаңалықтарға ең оңтайлы бағалар және элиталық дақылдардың көшеттері мен баданаларына қатысты ең тиімді акциялық ұсыныстар. Оған қоса, бүкіл ұсынылған тауарға қатысты кепілдік беріліп, ыңғайлы жеткізу арқасында барлық қалағаныңызды ең қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі бар.

Опубликовано: 22 июн 2017
Просмотров: 3665
(Голосов: 1236, Рейтинг: 4.7)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Керемет ұсыныс!
    • Мицелий саңырауқұлағы
    • Топ продаж
    Акция
    Белый гриб изображение 1
    0 отзывов
    Белый гриб
    Кол-во в упаковке: 60 мл
    990 тг 1 380 тг
    Купить