Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Бақшаңызда годжи өсіріңіз

Годжи  - тәтті-ашты дәмді алқызыл жидектер. Өсу аумағы  - Тибет, Гималаи, Қытайдың орталық бөлігі. Біз жақта да бұл өсімдік кездесіп, кәдімгі Дереза немесе қасқыр жидек деп аталады. Бұл дақылдың барлық сұрыптары уытты емес. Керісінше. Дақыл алқалылар тұқымына жатады және ел арасында «ұзақ өмір жидегі» деп аталып кеткен.

 

Годжи пайдалы қасиеттері

Жидек бірқатар бірігей және пайдалы қасиеттерге ие:

  • эмоциялық фонды қалыпқа келтіреді;
  • ағзаның қартаюын тежейді;
  • ісіктердің туындауына кедергі жасайды;
  • зат алмасуын қалыпқа келтіріп, арықтау барысында тиімді;
  • целлюлитпен күресуге көмектеседі;
  • тері жағдайын жақсартады;
  • жалпы нығайтушы әсерге ие.

Отырғызу ережелері

Өсімдік берік және ауруға төзімді болуына қарамастан, отырғызу барысында бірқатар ережелерді орындаған дұрыс.

  • годжи жидектері күнді жерді қажет етеді;
  • топырақтың бейтарап болғаны дұрыс;
  • өсімдікті тек қуаңшылық жағдайында ғана суару қажет;
  • дақыл өте жылдам көбейіп кетеді, осыны ескеріп, отырғызу үшін оған көбірек жер бөліңіз.

Годжи жидектерін тұқымдардан өсіруі

Жидектерді тұқымдардан өсіруге болады. Бұл жағдайда олар бір жыл бойы жылыжайда немесе үйде өсуі тиіс. Бір жылдан кейін бұта гүлдеп, жемістері үшінші жылы пайда болады.

Годжи тұқымдарын сатып алуға немесе кепкен жидектерден алуға болады. Ол үшін жидекті бірнеше сағатқа суға салып қою қажет. Алған дәндерін бірнеше сағатқа суға салып, одан кейін ылғалды қағаз сүлгіге немесе матаға жайып қою керек. Тамырлары шыққаннан кейін тұқымдарды топыраққа отырғызыңыз. Бір шұңқырға екі-үші тұқым салыңыз.

Астаушаға салынған топырақ жеңіл болуы тиіс. Ол үшін оған құм немесе қарашірік қосуға болады. Тұқымдар салынған астаушаны жақсы жарықтандырылған жерге қойып, оны үлдірмен жауып қойыңыз және топырақтың кеуіп кетуіне жол бермеңіз. Алғашқы өскіндер бір-екі аптадан кейін көрінеді. Жапырақтарының бірінші жұбы шыққаннан кейін өсімдікті үлкен ыдысқа отырғызылады. Бұта дұрыс қалыптасуы үшін оның басын шымшып қою қажет.

Годжиді шыбықтан өсіру

Выращивание годжи

Шыбықтар екі жылдық өскіннен қиылып алынады. Қиып алғаннан кейін оларды бірден үлдір астына отырғызып қоюға болады, бірақ тамырланғанша су құйылған ыдысқа салып қойған дұрыс. Отырғызатын топырақ та жеңіл, құрамында құм немесе шымтезек болуы тиіс. Отырғызар алдында шұңқырға аздап тыңайтқыш қосу қажет.

Шыбықтарды отырғызғанда тамырларын жайып, тамыр мойнынан аздап асыра көміп, топырақты тығыздап, молынан суару қажет. Жақсы тамырлануы үшін тіреуге байлап қойыңыз.

Бірінші жыл қыстап отырған өсімдіктерді қысқа жауып қою қажет, одан кейін оны істемесе де болады, себебі годжи едәуір қысқа төзімді болып табылады.

Жеміс беруі үшін жас өскіндерін қиып тастап, былтырғыларын ғана қалдыру қажет.

Маңызды! Годжи жемістері жаз бойы піседі, дегенмен, тек толық піскен жемістерін ғана жеуге болады, болмаған жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Жидектер өнімін мұздатуға немесе кептіруге болады.

Годжиді үй жағдайларында өсіру

Осы жидектердің ең жақсы сұрпы болып табылады годжи Суперфрут саналады. Оның жидектерінің аштылығы азырақ және өлшемдері ірілеу. Бөлме жағдайында өсіруге жарайды. Ол үшін өнген тұқымдарды немесе тамыры бар шыбықтарды түбіне дренаж, ал үстінен  - жеңіл топырақ салынған ірі ыдысқа отырғызады. Отырғызғаннан кейін өсімдікті жақсылап суару қажет. Годжи дұрыс дамуы үшін оған қажет етіледі:

  • жиі, бірақ аздап суару;
  • күннің көзі;
  • тыңайтқыштармен үнемі қоректендіріп отыру (органикалық немесе минералды тыңайтқыштарды кезектестіріп отырған дұрыс);
  • жылы маусымда өсімдікті таза ауаға шығарып отыру қажет.

Бөлмедегі годжи жидектері үшінші жылы жеміс бере бастайды. Ал Қазақстанның климаттық жағдайы тек өсіруге септігін тигізеді.

Опубликовано: 30 окт 2016
Просмотров: 2929
(Голосов: 843, Рейтинг: 4.6)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов