Помощь

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Құлпынай және ғаламдық жылып кету

Құлпынай және ғаламдық жылып кету

Құлпынай  - бүкіл әлемнің сүйіспеншілігіне бөленген тамаша дақыл. Бұның таң қаларлық ештеңесі де жоқ. Әрине, құлпынайды өсіру әр аймақта өзіндік агротехникалық әдістерді қолдануды қажет етеді. Жылы оңтүстік аудандарда нәтижелі қолданылатын әдістердің солтүстік аймақтар үшін жарамайтындығы сөзсіз. Ол заңды нәрсе: оңтүстікте қапырық ыстық болса, солтүстікте  - қақаған аяз.

Өзінің күй талғамауына қарамастан, бұл дақыл, қайткенмен де, 30 градустан асатын температураларға шыдамауы мүмкін. Бұндай жағдайда жидектер түйін тастай алмайды, ал егер бірдеңе қылып өссе де, қатты, дәмсіз, былайша айтқанда, құлпынайды сондай танымал қылған барлық қасиеттерінен айырылады.

Соңғы кездерде климаттың өзгеруі соншалық, жоғары температуралар проблемасы енді оңтүстік үшін ғана емес, орталық, тіптен, солтүстік үшін де көкейтесті бола бастады! Сондықтан бағбандар аса жоғары температуралар проблемаларын жеңу үшін жаңа агротехникалық әдістер мен айлалар ойлап табуға мәжбүр.

Көлеңкелеу

Әдістің негізін дақыл плантацияларын ішінара көлеңкелеу құрайды. Бұл мақсатта көлеңкелеу деңгейін 30 бастап, 70% дейінгі аралықта өзгертіп отыру мүмкіндігін беретін арнайы торлар қолданылады. Олар алдын ала арнайы қағылған қазықтарға қағылады. Ол қазықтарды қағу процессі едәуір қиын әрі арзан емес, Дегенмен, өте нәтижелі. Бұл әдіс негізінен, ірі өнеркәсіптік плантацияларда пайдаланылады.

Шағын учаскелердің де иелері бұл әдісті қолданады, дегенмен, аздап басқаша түрде. Міне, бағбандар үшін көлеңкелеудің ең оңтайлы әдістері:

  1. Бір жылдық аса өсімтал дақылдарды шахматтық тәртіпте отырғызу. Жай ғана күнбағыс немесе жүгері сиқты дақылдарды отырғызыңыз, олар құлпынайды тамаша көлеңкелейтін болады.
  2. Оған қоса, құлпынайды қоршаулардың бойымен немесе ағаштардың қасында отырғызуға болады. Бұл да жаман нәтиже бермейді.

Өзіңіздің аймақ үшін ең оңтайлы сұрыпты таңдау да өте маңызды. Оңтүстік жақта ерте және өте ерте сұрыптарды пайдалану дұрыс, сонда дақыл аса жоғары температуралар келгенше қалыпты өнім беріп үлгереді.

Солтүстік бағбандардың жолы болды  - олар өсіру үшін 60 артық толық қанды күнді пайдалана алады және сұрыптардың кез келген дерлік топтарын нәтижелі өсіре алады.

Жылыжайлар

выращивание зеляники в теплице

Таң қалардық нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін беретін тағы бір әдіс. Былайша қарасаң, қисынсыз нәрсе сияқты емес пе? Жылыжай дегеніміз біздің санамызда суықтан қорғаумен байланысып қалған! Дегенмен, арнайы жабдықталған жылыжайлар жоғары температуралардың да мәселесін шешеді, себебі:

  • Олардың желдеткіштері бар және кезеңді түрде желдетіп отыру жолымен ыстық мәселесін оңай шешеді.
  • Әсіресе ыстық кезде жылыжайлар жарық шағылыстырғыш перделермен жабылады.
  • Жылыжайларда сумен суыту жүйелері орнатылады.

Осы шаралардың барлығы шынымен керемет нәтиже береді  - бір шаршы метрден сегіз килограммға дейін! 

Бұл құлпынайларға арналған жылыжайлардың жалпы сипаттамасы. Шынына келгенде, олардың көптеген түрлері бар және олардың әр қайсысының өзіндік ерекше функциялары мен және арнаулары бар. Оларды жалға беріп, өндіруге шығарған шығындар әдетте жылдам өтеледі.

Көріп отырғаныңыздай, кез келген жағдайда шешім табуға болады. Қорытындылай келе, құлпынайды өсіруге мүлдем дерлік келмейтін климатты Израиль өніммен өзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, оны көптеген мөлшерде экспорттайды. Осының барлығы құлпынайды өсірудің заманауи және мұқият ойластырылған агротехникасының арқасында. Осының барлығын Қазақстанда пайдалануға ештеңе де кедергі жасамайды деп ойлаймыз.

2015-10-05
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
ДРУГИЕ СТАТЬИ
Жылыжай
285
Какие многолетние цветы посадить на альпийской горке
Бағбаншылық
212
Розы флорибунда теперь можно купить в Казахстане!
Көкөніс өсіру
170
Бұрышты өсіру ерекшеліктері

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!