Ресейде таңқурай ең күй талғамайтын дақыл деп саналады және оны өсіру әдетте ешкімде қиындық тудырмайды. Дегенмен, Қазақстанның климаттық жағдайларында бұл өсімдік өзін жайсыздау сезінеді - ауа-райымыз ол үшін тым ыстық. Міне сондықтан да қазақстандық жаңадан бастап отырған бағбандарда таңқурайды өсіру қиындық тудырады. Ең жақсы және қымбат отырғызу материалын сатып алған, таңқурайды ұқыптап күтіп, жаныңды салған ақ сияқты едің …. Нәтижесінде - аздаған ғана өнім немесе дақылдың тіптен азып кетуі немесе мутациясы.
Осы жолы болмайтын бағбандардың барлық осы қиындықтары - білімдерінің жетіспеушілігі! Дұрыс отырғызған жағдайда ірі жемісті таңқурай Қазақстанда да жыл сайын мол өнімін беретін болады. Таңқурайды отырғызудың екі негізгі әдісі бар.
Бұталарды қатарлап отырғызу
Бұл әдіспен отырғызу жағдайында:
- Таңқурай бұтасының тірек ретінде торлы тұғырларды пайдаланыңыз. Оларды нақты бір қатарға орнатыңыз және аралықтары да нақты болуы тиіс.
- Қатарлардың бойымен қазықтар қағыңыз. Аралығы - торлы тұғырға тартылатын материалға байланысты (ең дұрысы - тартылғанда тым салақтап кетпейтін металл сым).
- Жыл сайын таңқурай беретін бір жылдық өскіндерді біркелкі таратыңыз. Оларды торлы тұғырға тартылған материалдың (мысалы, сымның) бүкіл ұзындығы бойымен байлаңыз.
- Жер деңгейінде жемісін беріп үлгерген бір жылдық өскіндерді қиыңыз.
Есіңізде болсын! Таңқурайдың қандай сұрпын өсіретіндігіңізге қарамастан, оны үнемі қиып отыру қажет. Бұл жағдайда тамырдан шыққан өскіндерді 5 сантиметр тереңдікке дейін алып тастаңыз. Бұл мақсатта өткір күректі немесе бұтақ қайшысын пайдалануға болады.
Ұялы әдіспен отырғызу
Таңқурайды отырғызудың тағы бір әдісі - әжептәуір тиімді, бірақ қауіпті десе де болады. Оның қаупі пісу кезеңінде жаңбыр көп жауған жағдайда бұтаның ортасындағы жидектер шіріп кетуі мүмкін. Сондықтан да, сіз жақ нөсерлі жаңбырлар - жиі кездесетін жайт болып табылатын болса, басқа әдістерді пайдаланған жөн. Дегенмен, жайлы жағдайларда бұл әдіс өте тиімді болып табылады. Таңқурайды ұялы әдіспен отырғызу үшін, келесі жайттарды ұмытпаңыз:
- Бұталарды ұяларына жерге қағылған қазықтардың жанына отырғызу қажет. Бұталар соларға бекітіледі.
- Өсімдіктердің аралықтары бірдей болсын.
- Бұл аралық бірден 1,5 метрге дейін ауытқып отырады және өскін биіктігіне байланысты.
Таңқурайдың әр сұрпы өзіндік әдісті пайдалануды қажет етеді. Тура осындай ұқыпты таңдауды таңқурай өскіндерін қию процессі де қажет етеді. Тамырларында мутацияның қандай да бір нышандары байқалған өскінді қиып тастаған қалай болса да дұрыс болатындығын естен шығармаңыз. Ол нышандарды тану үшін өсімдікті гүлдеу барысында қадағалап отырыңыз. Мутацияны гүл тостағаншасының жапырағының өлшемдері мен пішініне қарап анықтауға болады. Егер өлшемдері бойынша олар піскен жидектің жартысынан қысқа болса ал пішіні жеткілікті түрде сопақ болмаса - өскінді еш күмәнсіз қиып тастаңыз. Бұл мутацияның айқын белгісі!
Спасибо большое за информацию. Нужна малина ремонтантная "Гигант" 4 шт. Как мне ее получить?
Рамиля , добрый день! можете заказ оформить на сайте или по бесплатному номеру 8 800 080 6020