Ерекше бақ: сәндік бұталар
Бақ аумағының гүлдер сияқты еш нәрсе сәнін кіргізбейді – деп айтасыз. Және шамамен дұрыс айтасыз. Сондай-ақ сәндік бұталар да керемет болуы мүмкін! Глицинияның нәзік шоқтарының кереметтігіне немесе гортензияның ғажап гүл шоқтарына ешбір гүл тең келмейді. Бұталардың тағы бір артықшылығы олардың көктігі тіпті гүлдерсіз де өте әдемі болып қала беретіндігі болып табылады. Олар әрқашан кез келген композицияның орталығы болып қала береді және үй-іші мен қонақтардың көңілін аударуды жалғастырады.
«Беккер» интернет-дүкені Сіздің бағыңыздың әдемі ғана емес, сондай-ақ ерекше болуын қалуының қамын жасайды. Керемет, жер бетінде жоқ сұлулықтағы глициния Қазақстанда жиі кездесе бермейді. Тағы бір керемет жаңалық деп гортензия-хамелеондарды атауға болады. Өсуіне және дамуына қарай олардың гүлдері түсін өзгертеді. Әртүрлі гортензиялардың бірнеше көшеттерінен тұратын жиынтықты сатып ала отырып, Сіз үлкен аумақты ғана безендіріп ғана қоймай, біршама үнемдейсіз!
Сәндік бұталардың сапасы
Интернет-дүкен арқылы бірнеше көшеттерді сатып алған кезде келесі сәттерге назар аудару қажет:
● Дүкеннің өсімдіктер нарығында жұмыс істеу ұзақтығы. «Беккер» 12 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі отырғызылатын материалды сәтті сатады.
● Көшеттердің тамыр жүйесі қаптамасының сенімділігі. Интернет-дүкеннің қызметкерлері тасымалдау уақытында өсімдіктің тамырын қорғап және нәрлендіріп ғана қоймай, көшеттің жаңа орынға бейімделу процесін тездететін гидрогельді қолданып, бірегей технологияны әзірледі.
Бұталарды отырғызу өзгешеліктері
Сәндік бұталарды көктемнің ортасынан бастап жаздың аяғына дейін отырғызуға болады. Егер Сіз көшеттерді көктемге отырғызу туралы шешім қабылдасаңыз, топырақтың ерігенін және жеткілікті тереңдікке дейін қызғанын тексеріңіз. Отырғызу орнын таңдаған кезде өскін осы аймақта көп жыл бойы өсетіндігін есте сақтаңыз. Қай жерге отырғызу керек – көлеңкеге ме, әлде күннің астында ма – бұл туралы сайтта білуге болады. Ол жерде отырғызу тереңдігі де көрсетілген. Отырғызылатын шұңқырдың түбіне тыңайтқыш салған жөн, ол өсімдікке тамырлану уақытында көмектеседі.
Егер сайттағы ақпарат аз болса, Сіз өсімдіктерге қатысты барлық сауалдарға жауап беретін «Беккер» кеңесшілерімен әрқашан байланыса аласыз.
Бұдан кейінгі күтім
Нығаймаған көшеттердің айналасындағы топырақ арамшөптерден таза болуын қадағалаңыз. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды мерзімді қолданыңыз. Өсімдікті тұрақты суарып отырыңыз, бірақ та, мысалы, глицинияны артық суаруға болмайтындығын, ал гортензия керісінше ылғалды өте жақсы көретіндігін еске ұстаңыз. Көптеген сәндік бұталар қалыптастыратын кесуді қажет етеді.
«Беккер» интернет-дүкенінің кепілдіктері
- 100% сапалы, көп рет тексерілген отырғызылатын материал.
- Барлық көшеттердің тамыр жүйесінің сенімді қаптамасы.
- Қазақстанның кез келген бұрышына жеткізу.
- Тасымалдау уақытында тауар бүлінген кезде оны ауыстыру.
- Тауарды алған кезде ақысын төлеу.
Өз бағыңызды «Беккер» дүкенінің сәндік бұталарымен көрікті баққа айналдыруға асығыңыздар!