ДаблДелайт (ағылшын тілінен аударғанда Екі еселенген ләззат) – кеңінен таралған, өзін жақсы жағынан көрсете білген, 30 астам марапат алған, көптеген раушан гүл өсірушілердің жүректерін жаулаған сұрып. Мінсіз классикалық пішінді ашылатын гүлшоқ баяу ашылып жайылады. Кесілген күйде ұзақ уақыт бойы тұра алады. Гүлдері басында кремді-ақ түсті, тек сыртқы жапырақтарында ғана қызыл реңкпен, бірақ ашылып жайылған сайын таңқурай бояуы кеңейеді, әсіресе ыстық ауа-райында. Нәтижесі –сыртқы жапырақтарының жарқын-таңқурай және орталық бөлігінің кремді-ақ түсті қабаттарының таң қалдыратын контрасттығы. Гүлдері өте ірі. Жапырақтары ірі, күңгірт-жасыл түсті, бұтасы тік тұрады. Сұрып өсіруде өте жеңіл. Хош иісі өте күшті, тәтті, жемісті.
Сипаттамасы
Орташа бойлы, күн шуақты, желсіз учаскелерді қалайтын өсімдік. Бұтаның биіктігі - 1 метрге дейін, алатын ауданы – 70 сантиметрге дейін. Гүлдеу кезеңі бүкіл маусым бойы.
Сұрыптың артықшылықтары
● Суықтарға төзімділігі. Жабын астында кез келген температураларда қыстай алады, бірақ бұтаны уақытынан бұрын ашпаған жөн, себебі өсімдік үшін ең зияндысы дәл осы көктемгі суықтар.
● Керемет декоративті қасиеттері. Раушан гүлді кесу, айыру, сату немесе гүлді бақшада олардың әдемілігімен рақаттану үшін жай ғана бұтада қалдыру үшін пайдалануға болады.
● Ауруларға және зиянкестерге қарсы жоғары төзімділігі.
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.