Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Кепілдік 100%

Біздің дүкенімізден сатып алушылар риза болуы үшін біз барлық жағдайды жасаймыз.Тапсырыс құрастыру кезінде жолға тек қана қос бақылау өтетін берік,өміршең көшеттер,пиязықтар мен тамырлар жіберіледі.Бірақ біз  сізге мына жайтты ұмытпауыңызды ескереміз,бұл тірі өсімдіктер- тасымалдау барысында олар кеуіп кетуі немесе дұрыс отырғызбаудың салдарынан олар мүлдем солып қалуы ықтимал.Егер осындай жағдай сізде болса,бірден жұмсалған ақшаңызбен қоштасуға асықпаңыз,себебі бізде ауыстыру кепілдігі әрекет етеді.

Кепілдік мерзімі – 90 күн

Сізде ауыстыру кепілдігін пайдалану үшін үш ай немесе 90 күніңіз бар. Өтінеміз,осы мерзімнен артық түспеңіз,әйтпесе сіздің шағымыңыз қаралмайтын болады.

Шағымды қарау мерзімі-48 сағат

Біз ауыстыру сұрағын екі күнде шешетін боламыз.Осы уақыт ішінде комиссия сіздің шағымыңызды қарап,ауыстыру мәселесін шешеді.

Пошталық шығындар – 0 теңге

Ауыстыруды жеткізуде қайта тасымалдау шығынын біз өз мойнымызға аламыз.Бір тиын шығынданбай сіз жаңа отырғызу материалын аласыз.

Назар аударыңыз,ауыстыруды алу үшін тауарды қайтару керек емес.Қарымақы шешімі

біздің компанияның биркалары бар өмірге қабілетсіз көшеттердің фотосуреттері негізінде жүргізіледі,оларды сіз қолдау қызметіне жолдамаға қоса тіркеп жібересіз.

Міндетті шарттар

Сіздің  қолдау қызметіне жіберілген шағымыңыз міндетті түрде мынадай жағдайда қанағаттандырылады, егер:

1. Сіз сәлемдемені пошта қызметі немесе курьерлік қызмет арқылы  смс-хабарлама келгеннен 5 күннен кеш емес алған жағдайда.Тапсырысты алу мерзімін поштасы сайтында немесе жеке кабинетіңіз арқылы қадағалауға болады.Неғұрлым кеш мерзімде алынған өсімдік жағдайы нашар болғандықтан кепілдік алынады.

2. Сіз біздің бирка немесе түрлі-түсті жапсырмалары бар солып қалған көшеттердің фотосуреттерін жіберген болсаңыз.

3. Сіз ауыстыру кепілдігін қолдану үшін тапсырысты алғаннан кейін 90 күн ішінде хабарлама берсеңіз.

Өтінеміз,ескеріңіз,біз сіздің аймақтағы ауа-райы құбылыстарына (құрғақшылық, бұршақ, жауын-шашын,ыстық) жауапты емеспіз,сондықтан отырғызу ережелерін сақтамай отырғызған немесе қысқы аяздардан үсіп кеткен көшеттерге кауыстыру кепілдігі жүрмейді.

Тауарды сатып алар алдында тауар сипаттамасы мен өсіру ережелерін мұқият қарап алуыңызды сұраймыз.

Егер сіз ақшалай қаражатты қайтарып алғыңыз келсе,онда сапасыз отырғызылатын материалды біздің қаптамамен мекен-жайымызға  алған сәттен бастап 7 күннен аспай қайта жіберуіңіз қажет болады.Міндетті түрде сәлемдемеге төленгені туралы түбіртек пен ақшалай  қаражатты қайтару туралы жазбаша өтінішті салуды ұмытпаңыз.Хатта көрсетіңіз:

Сатып алушы туралы толық ақпарат

Қайтарылған тауар туралы мәлімет

Қайтарудың негіздемесі

Сәлемдемені алғаннан кейін комиссия отырғызу материалының жағдайын бағалайды,егер ол қанағаттанарлықсыз деп танылса,қаражат қайтару туралы шешім қабылдаған сәттен үш күн ішінде сатып алушының мекен жайына аударылады.


Сұрақтарыңыз бар ма?

Кенес беру бөлімі

8 (800) 080 43 33 (кеңес беру үшін тегін телефон)
8 (7112) 96-12-05 (жұмыс күндері, сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін)

Қолдау қызметі

Пошта e-mail: office@bekker.kz
https://bekker.kz/kz/support