Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Актинидия немесе, «кішкентай киви» деп атайтын өсімдік  - қазақстанның әрбір бақшашысына учаскесінде өсіріп көруге тұрарлық керемет өсімдік. Өзіңіз шешіңіз, оның жемістері  - көптеген витаминдерімен және калийдің көп құрамымен қамтамасыз етілген көп емдік қасиеттерге ие керемет дәмді тамақ.

Жұлдызға ұқсас шағын киви мен гүлдері бар көркем лиана кез келген бақтың сәнін келтіреді! Гүлдің осы ерекше қалпының арқасында өсімдік осы атауға ие болды, латын тілінен аударғанда «actis» сөзі  - жұлдыз дегенді білдіреді.

Актинидия  - бұл ағашты, жапырағы түсетін лиана, оның өмір сүрудің табиғи таралу аймағы –таулы ормандар. Әдетте бұл өсімдік тіреуіште өскенін қалайды, ал жабайы табиғат жағдайында тіреуіш болып ағаш болады. Кішкентай кивилерді өсірумен адамдар жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарында айналыса бастады. Олардың еңбектерінің арқасында, бүгінгі таңда осы өсімдіктің көптеген сұрыптары бар, соның ішінде тіпті аязға шыдамды түрлері де бар! Енді актинидияны кез келген климаттық жағдайларда және өңірлерде өсіруге болады.

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Өсімдіктің ерекшеліктері

  • Аналық та, аталық та гүлге ие  - сондықтан жемістер түйнектеу үшін учаскеде өсімдіктің екі түрін отырғызу қажет. Ара мен бал аралар актинидияны жақсы тозаңдатады  - олар араларды айрықша дәмді хош иісімен тартады.
  • Шірнелігі жоқ, демек, балды өсімдік болып табылмайды.
  • Жазда гүлдейді, шамамен екі апта бойы. Өсімдіктің барлық сұрыптары  - «коломикта» деген түрінен басқа, шілде айында гүлдей бастайды.
  • Кішкентай киви жемістері шырынды және тәтті, дәмді және қанық дәмге ие болады.
  • Жыл сайын актинидия жидектері дәмін өзгерте алатын ерекше қасиеті бар! Бір жылдары ананас дәміне ұқсас болса, келесі жылы алма дәміне ұқсап тұрады.

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Көбеюі

Осы керемет өсімдікті бірнеше әдіспен өсіруге болады:

  • өсімдікке екпе жасаумен;
  • тұқымдармен;
  • сабақтың көмегімен.

Тұқымдар көмегімен кішкентай кивидің көбеюі  - өте қарапайым болып келеді:

  • Көктемнің келуін күтіңіз  - бұл өсімдікті егу үшін аса қолайлы уақыт.
  • Тұқымдарды арнайы ыдыстарға (мысалға жәшіктерге) егіңіз.
  • Алғашқы өскінін күтіңіз  - әдетте бұл отырғызғаннан кейін екі аптадан соң болады.
  • Алғашқы жапырақтары жайылғанда өсімдікті қайта сиретіп отырғызыңыз. Немесе жерге отырғызыңыз.

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Актинидияны көбейтудің аса тиімді, әрі әрекетті әдісі  - бұл сабақтау. Оны жазда істейміз  - маусым айында немесе шілде айында келесі түрде:

  • Жоғарғы жақ жапырақтары және кем дегенде бірнеше бүршігі бар сабақты қиып аламыз.
  • Қиып алынған сабақты гетероауксинде немесе 24 сағат бойы суда ұстап тұрасыз.
  • Бір тәулік өткеннен кейін оны құмға, жерге немесе шымтезекке отырғызыңыз. Бүршігін жердің астына қалдырған дұрыс, ал өсімдіктің өзін үлдірмен жауып, суарып қою қажет.

Кішкентай кивилерді отырғызудың ең «сәтті» температурасы 18-20 градусқа тең келеді. Сондай-ақ, өсімдік қалыпты қарқындағы күн сәулесін және жеткілікті түрдегі ылғалды ортаны жақсы көреді. Қазақстанның ыстық климаттық жағдайларында үлдір астына сулы матаны жаю ұсынылады  - температураны табиғи түрде төмендете отырып, су буланады. Одан басқа, күнделікті су бүркіп тұруды ұмытпаңыз.

Егер Сіз барлығын дұрыс істеген болсаңыз, өсімдіктің тамыр жүйесі ең көп дегенде бір айда толықтай қалыпқа келуі тиіс. Осыдан кейін кішкентай кивиді ашық жерге еш қорықпастан отырғыза беруге болады. Қыста өсімдікті - мысалға түскен жапырақпен жабу ұсынылады.

Егер сізде тек бір ағашты ерсек сабақ болатын болса, оның көмегімен де актинидияны көбейтуге болады:

  • Қиынды жасап, ең жақсы өскінді таңдаңыз.
  • Оларды жерге қойыңыз да, кейін шамамен жарты метр жоңқа қабатымен жауып қойыңыз.
  • Көктемде жер айтарлықтай жылынған кезде жоңқаны алып тастаңыз.
  • Сабақтарды қиып алып, оларды суға салып қойыңыз.
  • Отырғызатын жерді дайындаңыз  - компост немесе шымтезек түрінде қорек салыңыз.
  • Сабақтарды отырғызып, бетін ылғалды матамен жауып қойыңыз.
  • Бір айдан кейін матаны алып тастау қажет.

Актинидия сабақтармен көбейген жағдайда алғашқы өнімді 2-3 жылдан соң жинай беруге болады.

Отырғызу

Осы өсімдікті отырғызған кезде - актинидия жартылай көлеңке жерлерді  - мысалға, үйдің қабырғасы маңын жақсы көретінін есте ұстаңыз. Бұндай жерде көп түсетін күн сәулесі де, қатты жел де мазасын алмайды. Қазақстан жағдайында кішкентай кивиді көктемде келесі түрде отырғызу қажет:

  1. Отырғызудың алдын ала (бірнеше апта бұрын) шамамен 70 сантиметрлі тереңдіктегі отырғызатын шұңқырларды дайындаңыз. Дренаж орнына тас көмір боқатты қолданыңыз  - оны шамамен 15 сантиметр қабатпен шұңқыр түбіне салыңыз.
  2. Тыңайтқышпен және қарашірікпен араластыру қажет болатын жерді үстінен сеуіп салыңыз. Бұл қоспаны 300 грамм тыңайтқыш (минералды) пен қарашірік шелегінің (10 литр) есебімен бір шұңқырға саласыз.
  3. Жер жатқан кезде отырғызуға кірісуге болады. Ол үшін көшетті суарып, шұңқырға салыңыз. Бұл істі аса ұқыпты етіп жасаңыз, жердің тамыр асты кесегін зақымдап алмауға тырысыңыз.
  4. Отырғызылған көшеттің айналасындағы жерді тығыздап, суарыңыз. Жауын-шашын суы жиналатын орды жасау қажет емес  - ылғалды сақтау мақсатында жабын жасағаныңыз дұрыс болады.
  5. Көшеттерді қию қажет емес. Жаңа орында өсімдік үйрене бастаған кезде оларды күн сәулесі әсерінен қорғау мақсатында дәкемен немесе қағазбен жауып қою ұсынылады.

Кішкентай кивиді мысықтар жақсы көретіні аса қызық, және ерекше жайт болып келеді. сондықтан егер Сізде осы жануар болатын болса, өсімдікті металл қоршаумен міндетті түрде қоршап қойыңыз, әйтпесе мысықтар Сіздің керемет лианаңызды жойып тастауы мүмкін, ал бұл сондайлықты қуантатын нәрсе емес.

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Кішкентай киви өнімін жинау және күтім жасау

Актинидия аса берік тамыр жүйесіне ие, көптеген тамырлар жердің жоғарғы қабатында болады. Міне сондықтан қопсыту барысында аса ұқыпты болу қажет. Қоректендірген кезде есте ұстаңыз: органикамен қоректендірудің ең жақсы нәтижелері көктемде және алтын күзде болады.

Өсімдікте аса жоғары вегетация бар, сондықтан ай сайын кем дегенде 0,5 метрге қысқартып тұру қажет. Олай болмаған жағдайда олар шатасып кетеді. Барлық жапырақтары түскен кезде соңғы қысқарту уақыты келеді.

Жабайы табиғат жағдайында кішкентай кивилер негізінен ағаш бұтақтарында өсетін болса, онда үй маңындағы жерде өсіргенде тіреуіш жасау қажет  - өйткені тек солардың үстінде ғана өсімдік жақсы жеміс беріп, ілінісе өседі. Актинидиядан табиғи қоршау, не жаппаның безендіретін заты ретінде жақсы келеді. Көшеттерді отырғызғанда арасында оңтайлы арақашықтық шамамен 3 метрді құрайтынын есте ұстаңыз.

Кішкентай кивилердің көмтеген сұрыптары тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді, жемістері бұтақтарында жақсы бекітілген  - өнімді толық піскен кезде жинаған дұрыс. Бірақ «коломикта» актинидия сұрпының жидектері әлдеқайда ерте піседі, бұл жағдайда көп түседі. Бұны болдырмау үшін осы сұрыптың жемістерін толық піскен уақытына дейін жинап алады да, кейін аяғына дейін пісіп жетілу үшін қораптарға салып қояды.

Актинидияны (кішкентай киви) өсіру ерекшеліктері

Соңында айтарымыз, актинидия  - көлеңкеге жақсы төзетін, жерге аса көп күй талғамайтын өсімдік. Бірақ молынан өнім алу үшін оны шамалы қышқылды, қарашірікпен байытылған жеңіл жерге отырғызу ұсынылады. Бұл жағдайда учаскеңізде өзінің сыртқы түрімен, ал жазда  - хош иісті тәтті жемісімен Сізді қуантатын керемет лиана өсімдігі өсетін болады.

Опубликовано: 14 авг 2020
Просмотров: 9802
(Голосов: 2231, Рейтинг: 4.8)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Денсаулық бақшасы көшеттері
    • Керемет ұсыныс!
    • Новинки 2021
    • Экзотические растения
    Акция
    Комплект мини-киви Дуо из 2 саженцев изображение 1
    0 отзывов
    Комплект мини-киви Дуо из 2 саженцев
    Кол-во в упаковке: 2 саж
    4 890 тг 7 580 тг
    Купить
    Акция
    Үздік сату
    Мини-киви (актинидия) Иссаи изображение 2
    2 отзыва
    Мини-киви (актинидия) Иссаи
    Кол-во в упаковке: 1 саж
    2 490 тг 3 790 тг
    Купить
    Акция
    Мини-киви (актинидия) Кенс Ред изображение 3
    0 отзывов
    Мини-киви (актинидия) Кенс Ред
    Кол-во в упаковке: 1 саж
    2 490 тг 3 790 тг
    Купить