Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Ашық жер бетінде қиярды өсіру ерекшеліктері

Ашық жер бетінде қиярды өсіру ерекшеліктері

Қияр  - бұл көп ғасырлар бойы адам белсенді түрде өсіретін бағалы ауыл шаруашылық дақылы. Қиярдың отаны –Үндістан мен Қытайдың тропикалық аудандары, бірақ, бүгінгі таңда дақыл барлық жерде, соның ішінде Қазақстанда да өсіріледі.

 Бұл шырынды қытырлақ жемісті кейде «көк-жасыл көкөніс» деп те атайды. Көкөністің бұндай әдемі атауы және барлық жер шарында танылуы керемет тағамдық сапаның және денсаулыққа пайда беретін қасиетінің арқасында ие болды.

Ашық жер бетінде өсірілетін көкөністердің құрамында пайдалы заттардың аса көп мөлшері бар екенін ғалымдар дәлелдеген. Міне сондықтан, бүгін ашық жер бетінде қиярды өсіру ерекшеліктері жөнінде сөз қозғайтын боламыз.

Жерді дайындау және егетін орынды таңдау

Егуге учаскені дайындамас бұрын дақылды отырғызатын оңтайлы орынды таңдап алу қажет. Бұрындары ақбас орамжапырақ, кеш сұрыпты тамыр жемістері, сондай-ақ, асқабақ тұқымдастар  - қауын, самсар, асқабақ, кәді немесе қарбыз өскен учаскелерге қиярды өсіру ұсынылмайды, соны ескеріңіз. Егер басқа амал болмаған жағдайда, жоғарыда аталған дақылдарды жинағаннан кейін кем дегенде 2-3 жыл күте тұруға тура келеді.

Ең жақсы нұсқа болып бұрындары қызанақ, бұрыш, ерте сұрыптағы орамжапырақ, ерте пісетін картоп, асбұршақ, сондай-ақ, түрлі көкөніс дақылдары өскен жерге қиярды өсіру табылады.

Оңтайлы орын таңдалғаннан кейін оны ұқыптап дайындап алған дұрыс. Учаскені дайындау жұмысының толық нұсқасын береміз:

  • Дайындықты күзде ақ бастап кету қажет (бұған ең қолайлы уақыт  - қыркүйек): барлық өсімдік қалдықтарын жинап алып, барлығын өртеп шығыңыз.
  • Бір гектарға 40-60 тонна есебінен органикалық тыңайтқышты салыңыз. Маңыздылығы учаскеңізде жер қаншалықты жеміс беретініне байланысты түрленіп тұрады.
  • Жерді жақсылап қайта жыртып алыңыз (қайта қазып алыңыз)  - шамамен күрек ұшы тереңдігінде.
  • Көктем келгенде жерді тегістеп алып, арамшөптерден құтыла отырып, отап шығыңыз.
  • Бір шаршы метрге 30 грамм фосфор, калий және азот тыңайтқышы есебімен минералды қоректі салыңыз.
  • Учаскені тағы бір рет жақсылап қазып алыңыз.

огурцы

 

Егу

Қазақстанда қияр тұқымын егудің ең қолайлы уақыты  - мамыр айы. Міне осы уақытта жер айтарлықтай жылып қалады, өйткені қияр жылуды қатты жақсы көреді. Біздің «көк-жасыл көкөнісіміз» тек жылуды ғана жақсы көріп қана қоймай, сонымен қатар, күн сәулесін де ұнататынын ұмытпаңыз. Тұқымдары 15 градуста ақ өсе бастайды, бірақ осы процесс үшін ең жақсы температура –27 бастап, 30 градусқа дейін болады. Осы температурада гүл бүршіктері қалыптаса бастайды.

Жер температурасы күндіз 20 градустан төмен, ал түнде 12 градустан төмен түспеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, ең жақсы дегеннің өзінде өсімдігіңіз ауырып қалады да, ал жаман деген жағдайда дамуын мүлдем тоқтатып, ешбір өнім бермейтін болады. Жоғарғы температураға келетін болсақ, олар да жақсылыққа әкелмейді, 35 градустан жоғары болатын температура жеміс беруге қабілетсіз болады.

Тұқымдардың өнгіштігін арттырамыз

Сіздің өскіндеріңіз аса мол болу үшін:

Сапалы салмақты тұқымдарды қолдану қажет

Мың тұқымның салмағы кем дегенде 25 грамм болуы тиіс. Егер ол одан аз болатын болса, тұқымдарын тастамаңыз  - жай ғана сұрыптап алыңыз. Сұрыптаудың толық процесі мына түрде болады:

  • Бір литр суға 50 грамм тұз есебімен әдеттегі ас тұздың шамалы ерітіндісі жасалады.
  • Тұқымдар ерітіндіге салынады.
  • Салмақты тұқымдар ыдыс түбіне түсіп қалады да, ал сапасыз тұқымдар бетіне қалқып шығады.
  • Салмақты тұқымдар бөлек алынады да, таза ағып тұрған сумен шайылады.

Сулап қою қажет

  • Тұқымға көлемінің үштен бір бөлігіне (немесе жартысына) дейін дайындалған суды құйыңыз. Су таза, бөлме температурасында (шамамен 20 градуста) болуы тиіс.
  • Шамамен 12 сағат бойы  - толық ісінгенге дейін ұстап тұрасыз.
  • Ісінген тұқымдарды айтарлықтай жылы жерге жұқалап етіп шашып қойыңыз  - өну үшін. Олардың үстін қап тәрізді матамен жауып қойыңыз.
  • Тұқымның 3 % көбі өне бастағанда, өну процесін аяқтауға болады.

Суланған тұқымдарды міндетті түрде құрғақ емес, тек ылғалды жерге ғана егу қажет.

Огурец на грядке

Шынықтыру қажет

Шынықтыру - өсімдіктің жеміс беруін жылдамдатуға, өнімділігін арттыруға және суыққа төзімді болуға мүмкіндік беретін процедура. Бірнеше шынықтыру әдістері бар:

  • Өнген тұқымдарды +1 бастап -2 градусқа дейінгі температурада екі күн бойы ұстап тұру қажет.
  • Ең кең қолданылатын әдіс мына әдіс. Ол бірде төменгі (-2 градусқа дейінгі) температурамен, бірде жоғарғы (+20 градусқа дейінгі) температурамен өнген тұқымдарға алма-кезек (12 сағаттан) әсер етуден тұрады. Бұл процедураны бір апта бойы жасайды. Тұқымның ылғалдылығын да тексеріп тұруды ұмытпаңыз  - ешбір жағдайда олар құрғап кетпеуі тиіс.
  • Ісінген тұқымдарды 2,5 градустағы температурада үш тәулік бойы ұстап тұрады.

Микроэлементтермен өңдеу қажет

Бұл процедура өсімдіктің өсу мен қалыпты дамуын ынталандырады, өнгіштігін жақсартады және қоршаған ортаның түрлі қолайсыз жағдайларына иммунитетін көтереді. Осындай өңдеу жұмысты жүргізу үшін алдымен бір шелек су (10 литр) алыңыз да, оған гумат натрийінің 2 граммын қосып араластырыңыз. Бастапқы ерітіндіні жасағаннан кейін оған келесі микроэлементтердің кез келгенін қосуға болады:

  • 3 г бор қышқылын;
  • 40 г соданы (әдеттегі ас содасын);
  • 10 г калий перманганатын (марганец ерітіндісін);
  • 10 г молибден қышқылды аммонийді;
  • 5 г метиленді көкті;
  • 0,5 г көк дәріні.

Осыдан кейін жасалған ерітіндіге тұқымдарымызды 12 сағат бойы салып қоямыз. Элементтер ерігеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей қолданыңыз.

Аурулармен күресу қажет

Қиярдың бактериялық және зеңдік ауруларын алдын алу ретінде тұқымдарды бір килограмға 3 грамм есебімен фентиураммен дәрілеу қажет. Сонымен қатар, ТМТД (Тирам молекуласының үш өлшемді моделі) препараттарын қолдануға болады.

Егу сызбасы

Бүгінгі таңда еңбек ету механизациясының ғаламдық дамуымен аса маңызды болып арнайы техниканы қолдану мүмкін болатындай айтарлықтай кең қатар арасы бар екі жолақты ленталы егу есептелінеді.

  • Тұқымды егетін оңтайлы тереңдік - 3 бастап, 4 сантиметрге дейін болады (ылғалды, ауыр жерде өсіргенде тереңдігі одан да аз болуы тиіс).
  • Өсімдікті отырғызу жиілігі  - бір гектарға 120 000 бастап, 140 000 данаға дейін.
  • Егу нормасы (тұқымның сапасына және қолданылатын егу сызбасына байланысты болады)  - бір гектарға 6 бастап, 10 килограммға дейін.
  • Қатардың бағыты  - ең қолайлысы  - оңтүстіктен солтүстікке қарай.

Онша үлкен емес алаңдарда өсірген жағдайда жерді мөлдір емес үлдірмен немесе шымтезекпен жабындап қою ұсынылады. Бұл ерте кезеңде егуді бастауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жер қабығының пайда болуына кедергі болады. Одан басқа, жабындауды жүргізгенде өскіндер аса жақсы бірқалыпты түрде шығады.

полив огурца

Плантацияға күтім жасау

Сау өсімдікті және мол өнімді алу үшін жақсылап еңбектеніп, келесі шараларды ешбір жалықпастан жасау қажет:

  • отау;
  • сиректеу;
  • борпылдату;
  • аурумен және зиянкестермен күресу;
  • қопсыту;
  • суару;
  • қоректендіру.

Алғашқы сиректеу мен отау жұмыстарын өсімдікте алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанда ғана жасайды: бір метрге (қума метр) шамамен 7 өсімдік қалдырады. Соңғы сиректеу жұмысын 4 жапырақ фазасында бірақ жүргізеді. Вегетация кезеңі басталған кезде отау жұмысын оның өсу барысында кем дегенде 4 рет жасау қажет болады.

Гүлдеп бастау алдында түптеу жұмысын жүргізу қажет. Бұл өсімдікке қосымша тамырлануға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде өнімділіктің артуына әкеледі.

Қоректендіру және суару

Қияр  - су мен ауаның жеткілікті түрде болуын аса талап ететін дақыл. Егер ауа қажеттілігін қияр «өзі шешетін» болса, онда тұрақты суару толықтай Сіздің мойныңызға жүктеледі. Қияр жеміс бере бастау алдында жерді жеткілікті түрде ылғалды күйде ұстап тұру қажет. Қазақстан шарттарында суару молынан, бірақ жиі емес түрде болуы тиіс. Ал жеміс беретін кез басталғанда өсімдікті жауын-шашынды есептемегенде кем дегенде 5 рет суару қажет.

Осы дақылды өсіргенде аса маңыздысы қоректі пайдалану болып табылады. Көптеген өсімдіктерге сияқты қиярға да өскен кезде азот қажет болады, ал калий мен фосфор тыңайтқыштары жеміс беруді ұлғайтып, жылдамдатады.

Микроэлементтер де «көк-жасыл көкөніске» қажет болады. Бір он литрлік шелек суға төмендегіні қосып, араластырыңыз:

  • күкірт қышқылды мырышты  - шамамен 4 г;
  • бор қышқылын  - 0,5 бастап, 5 г дейін;
  • күкірт қышқылды марганец  - 5 бастап, 10 г дейін;
  • йодты калийді  - 2 г;
  • никотин қышқылын  - грамм;
  • екі көмір қышқылды соданы  - 50 г;
  • күкірт қышқылды мысты  - 0,1 бастап, 0,5 г дейін;
  • молибден қышқылды аммонийді  - 5 бастап,10 г дейін.

Тамырлық қоректендіруді 1-2 аптада бір рет жасаңыз, ал солардың кейпінде тамыр сыртына жасаңыз. Сонымен қатар, өздерін жақсы жақтан көрсеткен келесі тыңайтқыштарды да қолдануға болады:

  • кристаллин;
  • фоксамид;
  • стимул.

урожай огурцов

Қолдану саны мен әдістері жөніндегі ақпаратты осы тыңайтқыштың қаптамасында таба аласыз. «Табиғи» тыңайтқышты ұнататындар үшін 5-ке 1 қатынаста су қосылған аюқұлақты ұсынуға болады.

Суық түндер басталған кезде тамыз айының соңында қиярды лутрасилмен, агроспанмен және өзге де жабынды тоқылмаған материалдармен жабу ұсынылады.

Өнімді жинау

Міне, ең қызық жерге де келіп қалдық  - Сіздің талпынысыңыздың жемістерін жинап, бағалайтын кез де келіп қалды! Нақтырақ айтқанда бұл кез шілде айына келеді. Өнімді күн ара жинау қажет  - өйткені бұл дақылда жемісті жиі жинаған сайын, өнімді де соншалық көп алатын қасиеті бар. Жинау процесіне қатысты бірнеше кеңесіміз бар:

  • «Көк-жасыл көкөністі» ерте теңертеңгі уақытта жинаңыз  - нақты осы уақытта жиналған қияр жақсы сақталады.
  • Жемісті алудың ең жақсы әдісі  - кесіп алу. Жақсы қайралған және таза пышақты қолданыңыз.
  • Қияр ілмектерін ешуақытта аудармай, көтеруші болмаңыз! Оларды сындырып алу оңай, олар өте сынғыш болып келеді.

Жемісті жинаудың ең соңғы жинау кезі қыркүйек айының соңы  - алғашқы тоңазыған кез болып келеді.

2017-06-16
Пікірлер

 

Только на первый взгляд кажется, что выращивать огурцы так просто, но эта техника требует много терпения и знания всех нюансов по правильным посадке, уходу и борьбе с болезнями огурцов. Да еще и сорта нужно правильно подбирать, чтобы они подходили для того региона, где я живу. Поэтому информация для меня оказалась важной.
Элиза, добрый день. Мы рады, что оказались вам полезны! Желаем богатого урожая огурцов!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-14

Уход за огурцами в открытом грунте очень трудоемкий процесс. В первую очередь нужно помнить, что огурцы это теплолюбивые создания и высеивать их нужно на ту грядку, которая ежедневно прогревается лучами солнца. Но нужно помнить, что слишком высокие температуры это не есть хорошо. Огурцы любят структурированную почву или хороший доступ к корням кислорода, также им важна достаточная влажность. Могу сказать по своему опыту, что выращивала огурцы в ленинградской области на открытом грунте. А климат там очень и очень влажный, да огурцы их любят, но там было чрезмерное количество влаги. Также важен и сорт огурцов, нужно просто более внимательно относится к тому, что выращиваете.
Евгения, добрый день. Спасибо за отзыв! Сразу видно знающего человека!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-14

Правильно выращивать огурцы меня научил отец, а его научил дедушка, поэтому у нас свои секреты имеются. Ну, во-первых, Вы правильно сказали про почву - очень важно садить огурцы там, где раньше росли помидоры или картошка. Во-вторых, нужно серьёзно отнестись к выбору семян и грамотно ухаживать за огурцами. Странно, но вот удобрять не пробовал. В слд. году обязательно поэксперементирую с этим. В этом году собрали неплохой урожай - жена 7 банок закатала. Летом свежие огурцы полезно поесть, а зимой я отдаю предпочтение малосоленым огурчикам. Для меня огурцы - это второй хлеб. Ни одно застолье без них не обходится.
Вадим, добрый день. Спасибо за отзыв и ценные советы!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-20

У меня посадка огурцов в открытый грунт всегда была несколько затруднительной. Сейчас вот практически все вопросы отпали. Жду прихода весны, чтобы начать работы на любимой даче.
Марина, добрый день. Спасибо за отзыв. Мы стараемся публиковать нужные статьи вам в помощь!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-20

Не первый уже у меня спрашивает как вырастить хороший урожай огурцов. Все соседи интересуются, так как у меня всегда они получаются большие и раньше всех кстати) Конечно нужно много сил и терпения, но оно того стоит. В этой статье практически все расписано, что вам могу сказать и я, почти все эти советы и рекомендации я знаю. Главное, что я делаю, это держать их, когда они маленькие в тепле - ну лично я кладу сверху клумб небольшие стеклянные рамы и они там отлично себя чувствуют и даже быстрее входят. И обязательно поливайте. Ну еще не пускайте на огород детей, иначе плети затопчут и будет очень плохо. Всем удачи!)
Илья, спасибо за то, что поделились своим опытом. Желаем вам богатых огуречных урожаев!

Оксана

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-26

Такой вопрос, как сажать огурцы в грунт обычно стоит у каждого огородника и мы делаем это так. Сразу высаживаем на место постоянной дислокации огурцов в одну лунку по три семечка. Далее все места посадки накрываем микропарничками. После всходов и укоренения, уже когда вместе с семидолинками появились листики, из трех огурчиков оставляем только один, самый хороший.
Спасибо за то, что поделились опытом!

Оксана

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-27

Есть такое мнение, что все знают как вырастить огурцы но на практике все совсем не так. Я вот например до прочтения этой статьи их немного по-другому выращивала, но тем не менее урожай меня и моих близких всегда радовал. Теперь учту вышеприведенные советы и рекомендации и в этом году все сделаю как написано и посмотрим, что из этого у меня выйдет. Пожелайте мне удачи!
Оксана, добрый день. Желаем Вам удачи!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-28

Думала что знаю, как выращивать огурцы. Ошибалась. Весной посажу на место, где росла до этого капуста.
Виктория, добрый день. Напротив - не рекомендуется сажать огурцы на участках, на которых раньше произрастала капуста и тыквенные растения.Лучше посадите на участке, на котором раньше рос томат, перец, капуста ранних сортов, ранний картофель, горох, а также различные зеленые культуры. Желаем получить богатый урожай огурцов!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-12-06

Как мне кажется, для выращивания огурцов открытый грунт не везде подходит. У нас на Урале (Свердловская Область) огурцы в открытом грунте однозначно помёрзнут, хоть как их удобряй. :-)
Ирина, добрый день. Если вы проведете закалку саженцев, то сможете получить урожай огурчиков и в вашем регионе!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-12-10

Бәрін көрсету Жабу

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
Қаптама саны: 0,5 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Қант нәрестесі қияр, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,2 г
429 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,2 г
489 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Зозуля қияры  F1, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,2 г
199 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Бұталы қияр, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,5 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,2 г
449 тг
уже куплен
Сатып алу
Қаптама саны: 0,3 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
Үздік сату
Қияр сүйікті балақай, тұқым -Goods from the article
Қаптама саны: 0,3 г
189 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!