Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Картоп өсірудің 5 ережесі

Картоп өсірудің 5 ережесі

Картоп  - Қазақстанда, тіптен барлық жер шарында ең бағалы және танымал ауыл шаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Отаны деп Оңтүстік Африка саналады, бірақ бұл өнім барлық қатынаста пайдалы болғаны соншалық, қазіргі уақытта ол көптеген халықтың негізгі азық түлігінің бірі болып табылады. Оны «екінші нан» деп бекер айтпайды ғой!

Тамаша дәмдік және қоректік сапасы осы тамыр жемісін көптеген тағамның ұлы құрам бөлікті ретінде қалыптастырды, ал калийдің, фосфордың жоғарғы құрамы және көптеген өзге емдік заттары денсаулыққа пайдасы мол екенін көрсетуде.

Қазақстанның үй жанындағы жерлер мен учаскелерде осы керемет өнім жан-жақтан өсіріледі. Құндылығының өзге түрлерінен басқа бұл дақыл аса төзімді және өсіру шарттарына күй талғамайды.

Өкінішке орай, көптеген бастауыш бақшашылар отырғызып, түптеп, отап алсаң болғаны дайын болады деген ұстаныммен, шараларды білмей, осы күй талғамаушылықты қолданады. Оған таңданатын ештеме жоқ, өнімді осылайша отырғызу барысында өзін және отбасын кейде балғын тамыр жемістің дәмін татып қоюға ғана болады ма?

Өсірудің агротехникасын қатаң ұстаныңыз және осы дақылды өсірудің негізгі ережелерін есте ұстаңыз, тіптен шағын учаскенің өзінде шынымен таңқаларлық өнімді ала алатын боласыз!

№1 ереже. Отырғызу материалын ұқыптап таңдаңыз

Барлық кәсіпорын сәттілігінің кепілі  - сауатты таңдалған сапалы тұқымдық материал болып келеді. Халықта сөз бар «тұқымы қандай болса, ұрпағы да сондай болады» . Сапасыз түйнектен әлдебір жақсы нәрсені өсіруге талпынбай ақ қойыңыз  - бәрібір қолыңыздан келмейді. Тұрақты қоректендіріп, жақсы күтім жасағанның өзінде де жүзеге аспайды.

Қолдануға болмайды: түсіне немесе иісіне сәйкес емес кішкентай, ауруға шалдыққан, шіріген түйнектерді.

Қолдану қажет: өскіні өсе бастаған орташа тауық жұмыртқасындай көлемдегі сау түйнектерді (бірақ олардың ұзындықтары 2 сантиметрден аспауы тиіс, әйтпесе отырғызған кезде олар сынып қалуы мүмкін). Егер тұқымдық түйнектерді сатып алатын болсаңыз, нақты Сіздің климаттық жағдайыңызға аса сәйкес болатын қанай сұрыптар бар екенін анықтап алыңыз.

№2 ереже. Ауыспалы егіс жөнінде ұмытпаңыз

Картопты бір жерде қатарынан үш маусымнан артық отырғызуға болмайды. Өнеркәсіптік масштабтарда жұмыс істейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындар бұл мәселені аса оңай шешеді  - картопты бұрын дәнді дақылдар өсірілген жерлерге өсіреді. Үй жанындағы шағын учаске жағдайында толыққанды ауыспалы егісті қамтамасыз ету әрине қиынға соқтырады. Сонда да ауыспалы егіске қолайлы дақыл тізімін келтіру қажет:

  • бұршақ;
  • қияр;
  • сәбіз;
  • бұршақты.

Егер Сізде картопты осы дақыл орнына отырғызудың аз да болса мүмкіндігі болатын болса, сіздің талпыныстарыңыз босқа қалмайды  - өнім таң қалатындай болып шығады!

№3 ереже. Учаскені отырғызуға дайындаңыз

Бұл дайындықты күздің басында ақ бастау қажет. Бұл кезеңде ол тыңайтқышты енгізу мен келесі жер айдаудан тұрады. Егер Сіз осы жөнінде білмеген болсаңыз немесе осы күзде қамдануға үлгере алмасаңыз, қамықпаңыз! Қоректендіруді тікелей шұңқырға енгізу арқылы әрдайым жасауға болады (бір шұңқырға шамамен 5 грамм түйіршіктелген нитроаммофосканы қолданыңыз). Айтпақшы, бұл жағдайда оны бір шұңқырға сеппеңіз  - түйнектің өзін өңдеңіз.

посадка картофеля

Бұталарды не тауық саңғырығы, күл мен құмнан жасалған қоспамен, немесе әдеттегі шірінді көңмен қоректендіру ұсынылады.

№4 ереже. Отырғызу агротехникасын ұстаныңыз

Ең басты «екінші нанды» отырғызу жөнінде игеріп алатын ережесі  - жиілетпеу қажет. Егер Сіз шоғырлы түрде отырғызатын болсаңыз, осындай түрде мол өнім алу ол екіталай болады, бұған сеніңіз. Өсімдік бір-біріне кедергі жасап тұрады. Сонымен қатар, мынаны есте ұстаңыз:

  • түйнектерді бітеу қажет болатын тереңдік  - 6 бастап, 8 сантиметрге дейін болады;
  • қатар арасындағы қашықтық шамамен 65 сантиметрді құрайды;
  • ал шұңқырлар арасындағы қашықтық - шамамен 10 сантиметр болады.

Осындай қашықтықта өсімдік айтарлықтай жайлы дамиды да, Сізге болса күтім жасауға ыңғайлы болады. Отырғызу уақыты көптеген факторлар әсерінде жекеше болады, бірақ оны түйнек болып өскен өскіндер қатып қалмай, көктемдегі еріген сумен дамитындай таңдау қажет.

№5 ереже. Отырғызғаннан кейін өсімдікке күтім жасауға ерінбеңіз

Дақылға күтім жасаудың келесі жұмыстарын бар ынтамен жасайтын болсаңыз, картоп Сізді мол өніммен міндетті түрде қуантады:

  1. Тұрақты суарып тұрыңыз, әсіресе, гүлдеген және бүрленген кезде суарған дұрыс. Қазақстанның жылы климаттық жағдайларында гүл түйіндері пайда болғаннан кейін учаскені ылғалдандыру қажет.
  2. Жүйектерді мерзімді түрде түптеп, борпылдату (немесе қазіргі тілмен айтқанда, аэрацияны жүргізу) қажет. Бұл түйнек өсуін жылдамдатуға және ұяшықтардың пайда болуын жақсартуға септігін тигізеді.
  3. Қатар арасын жабындаңыз. Бұл мақсатта кесілген сабанды қолданыңыз. Осы процедураның арқасында жер ылғалды жақсы ұстап тұрады, сондай-ақ, арамшөп өсу деңгейін айтарлықтай төмендетеді.
  4. Профилактика ретінде учаскені интексицидпен өңдеп тұруды ұмытпаңыз, әсіресе, егер Сіз күйе көбелектің немесе картоп бітенің бір белгісін байқаған болсаңыз.
  5. Өсімдіктің түрлі ауруларының дамуына қарсы кез келген фунгицидтерді де қолданған тиімді болады.

Ұмытпаңыз: картопты кез келген «химиямен» өңдегеннен кейін өнімді кем дегенде екі аптада жинауға болмайды, сондықтан осы ерекшелікті ескере отырып жұмыс істеу кестеңізді жоспарлап алыңыз.

2017-04-08
Пікірлер

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!