Прием заказов
8 (800) 080-23-33
Отдел консультации
8 (800) 080-43-33
0

Қыста терезе алдында өсірілетін ТОП-7 өсімдік

Жаз бен күзде көкөніс пен көкшөп тола болады. Ал қыс келгенде ше, не істесе болады? Балғын өнімді жегің келеді емес пе. Сөзсіз, дүкенде оларды сатып алуға болады, бірақ олардың қалай өсіп шыққанына күмәнмен қарайсыз. Өсімдікті өсіру үшін қаншама химикаттар қолданғанын, қандай жағдайда өскенін білмейсіз ғой. Сол себепті ең жақсы амал  - терезе алдында өз бақшаңызды жасау! Ол үшін керек-жарақтың көп түрі қажет емес, ал тәжірибе уақыт келе өзі ақ келеді.

Өсіру үшін не қажет болады

Ыдыс. Кез келген сәйкес келетін ыдысты: қыш құмыраны, жәшікті, контейнерлерді қолданыңыз. Оларда ылғал айналатын саңылау болуы тиіс. Сонымен қатар, су ағып кетпес үшін түпқоймалар қажет болады.

Аралас топырақ. Оны дүкенде сатып алуға болады, не өз қолыңызбен жасауға болады. Бұл жағдайда шым, компост пен шымтезек қабаты туралы ұмытпаңыз.

Орын. Өсімдік салынған ыдысты терезе алдында да, егер жан-жағы әйнектелген болса, балконға да орналастыруға болады. Міндетті түрде күн көзі түсетін жақты таңдаңыз немесе жасанды жарықтандыруды жасаңыз.

Тұқым. Барлық өсімдікті бөлме жағдайында өсіруге болмайды. Бұл деректі ескеріңіз. Осыған лайық болатын өсімдік сұрыптарын таңдап, танысып шығыңыз.

Назарыңызға шағын бақшаға арналған 7 ең жақсы деген өсімдікті ұсынып отырмыз.

№1. Қияр

огурцы на подоконнике

Өз терезеңіздің алдынан қытырлап тұрған қиярды жұлып алып, витаминнен дәм алған қандай керемет десеңізші. Немесе өз қолыңызбен өсірілген көкөністен мерекелі дастарханға салат жасап беріңіз. Өсімдікті өсіруде ерекше қиын нәрсе жоқ, егер келесі ережелерді ұстанатын болсаңыз.

  • Ыдысы шамамен 6 литрлік үлкен болуы тиіс.
  • Жері шымтезекпен немесе компостпен араластырылады
  • Тұқымдарды отырғызбас бұрын марганецтің аз ерітіндісіне салып қояды.
  • Қияр  - ылғалды ұнататын өсімдік, сол себепті оны тұрақты, әрі сапалы етіп суарыңыз.
  • Өсімдікті калий селитрамен қоректендірген дұрыс.
  • Шырмауық пайда болғаннан кейін одан бетер сапалы шырмалу үшін сүйеуіш қойыңыз.

Қиын емес ұсыныстарды жасай отырып, екі айдан кейін алғашқы өнімді жинай беруге болады.

Ең жақсы сұрыптар

Бөлмеде өсіру үшін келесі сұрыптар жақсы келеді:

Қияр Патио F1

Қияр Балконды Керемет F1

 

№2. Бұрыш

перец на подоконнике

Бұрыш құрамында пайдалы заттарымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, сонымен қатар өсіруде күй талғамайды. Тіпті суық күндерде ақ, жақындарыңызды ашық түсті әрі хош иісті тағаммен қуантуға болады. Бөлме жағдайында тәтті де, ащы да бұрыш өсіруге болады.

  • Бұрыш жарықты қатты жақсы көреді. Сол себепті күннің сәулесі көп түсетін жерді таңдап беріңіз немесе жасанды жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз.
  • Өсімдік топырақ қопсытуға қарсы емес.
  • Өсімдігі бар жайда өтпе жел болмауы тиіс.
  • Зиянкестерден құтылудың алдын ала жолдарын тұрақты түрде жүргізіп тұрыңыз.
  • Топырақ қатты кеуіп қалмауы тиіс.
  • Жеміс берген кезде ерекше қоректендіріңіз.

Ащы бұрыш өнімін екі айдан кейін –ақ жинай беруге болады. Ал тәтті бұрышқа келетін болсақ, ұзақ уақыт - шамамен 6 ай күтетін боласыз.

Ең жақсы сұрыптар

Тәтті бұрыш Бон Аппетит F1

Декоративті ащы бұрыш

Ағаш бұрыш Спрут Жаңа жылдық F1

Маңызды! Ащы мен тәтті бұрышты жақын отырғызбаңыз!

№3. Баялды

баклажан на подоконнике

Таң қалмаңыз, көк түсті өсімдікті терезе алдында да өсіруге болады! Бұл өсімдіктен өте дәмді тағам дайындауға болады. Ал оларға күтім жасау аса қиындық келтірмейді.

  • Өсімдік жылуды жақсы көреді, сондықтан осындай жағдайды жасап беріңіз. Ең жақсы температура ол 22-25 градус болады.
  • Баялды азотпен қаныққан жерді қалайды, қоректендірген кезде осы деректі ескеріңіз.
  • Суаратын су жылылау болуы тиіс.
  • Өрмекті кене көк түсті өсімдікті бұзуға бейім. Онымен күресу үшін у сарымсақ сіріндісін қолдануға болады.
  • Тұқымдары 1,5 см артық тереңдікте терең салынбауы тиіс.
  • Шоқ бұтаны дер кезінде түптеп, қопсытыңыз  - бұл өнім беруіне жақсы әсер етеді.

 

Ең жақсы сұрыптар

Баялды Патио Трио F1 аралас қоспа

Баялды Патио Блу F1

 

№4. Кәді

кабачки на подоконнике

Кәді ағзаға өте пайдалы. Бұл тамаша диеталық көкөніс. Оларды өсіру оңай шаруа емес, дегенмен өсіріп көріңіз. Қыс мезгілінде таныстарыңызды осы керемет көкөніспен қуантыңыз.

  • Өсіретін ыдыс сыйымды, ал терезе алды кеңістігі - кең (10 см аз емес) болуы тиіс.
  • Кәді органикалық тыңайтқыш жақсы келеді, сол себепті жерді дайындағанда оны органикамен байытыңыз.
  • Бұл өсімдік жақсы жарық беруді қажетсінеді. Егер күн сәулесін түсіру мүмкін болмаса, онда күндізгі шам жарығын қолданыңыз.
  • Жайдағы температура кем дегенде 24 градус болуы тиіс.
  • Шоқ бұтақтарын суару, түптеу және қопсыту тұрақты түрде жүргізілуі тиіс.
  • Құнарлы және орташа саздақты топырақ кәдіге таптырмас топырақ болып келеді.

Ең жақсы сұрып

Кәді Патио Стар F1

№5. Бұршақ тұқымдастар

бобовые на подоконнике

Бұл керемет өсімдік жасұнық пен өсімдік майына өте бай. Сондықтан терезе алдында бұршақты өсіру  - жақсы шешім. Оған қоса, бұл өсімдік күй талғамайды және ерекше күтімді қажетсінбейді.

  • Жері құнарлы, әрі жеңіл, құрылымы жақсы болуы тиіс.
  • Тұқымды отырғызбас бұрын оларды суға салып қою арқылы өсіру қажет.
  • Өсімдік салынған қыш құмыраларды оңтүстік жаққа орналастырған дұрыс болады.
  • Екі аптада бір рет өсімдікті қопсыту қажет.
  • Суперфосфатпен немесе хлорлы калиймен қоректендірген жақсы болады  - бұл өнім беруіне жақсы әсер етеді.
  • Топырағы кеуіп қалған кезде ғана суару қажет.

Ең жақсы сұрыптар

Патио аршығыш асбұршағы

Патио шағын бұршағы

Маңызды! Бұршақты аса көп етіп суару қажет емес! Ішінде су тұрып қалу, өсімдікке зиян келтіреді. Осы шарттарды сақтаған кезде екі-үш айдан кейін нәтижеге қол жеткізесіз.

№6. Көк шөп

зелень на подоконнике

Терезе алдындағы тақтайда өсетін көк шөп  - бұл тек әдемі көрініп қоймай, сонымен қатар пайдалы болып келеді. Үйден шықпай-ақ, кез келген тағамға балғын хош иісті қосқан қандай жақсы десеңізші. Ұнататын шөптеріңіздің таңдаулы хош иісі кез келген тағам түрін тіптен түрлендіріп, оны қайталанбас, әрі бірегей тағамға айналдырады. Көк шөпті, егер оны өсіру және оған күтім жасаудың қарапайым кеңестеріне құлақ салатын болсаңыз, өздігінен өсіру қиындық тудырмайды.

  1. Аскөк

Бұл өсімдік жарықты ұнатады. Аскөк молынан суарғанды және таза ауаны жақсы көреді. Ылғалдың қажетті мөлшері жетіспегенде аскөк жапырақтары қатқыл болып кетуі мүмкін. Тұқымын отырғызбас бұрын оны бір-екі күнге суға салып қойыңыз. Бұндай процедура өнгіштік қасиетін одан бетер жақсартады. Суға салынған тұқымдардың суын бірнеше рет ауыстыру ұсынылады. Топырақ құнарлы болуы тиіс, сонда оны отырғызғаннан соң бір айдан кейін балғын көк шөпті ала алатын боласыз.

  1. Насыбайгүл

Осы керемет өсімдікті өсіре отырып, ол температуралық айырмаға аса сезімтал екендігін ескеріп жүріңіз. Сондықтан насыбайгүлі бар бөлмеде салқын болмауы тиіс. Өтпе желден де аулақ болыңыз. Алғашқы бүршіктер шыққан кезде бір айды санап болғаннан кейін алғашқы өнімді жинай беруге болады.

  1. Акжелкен

Ақжелкен аса күй талғамайтын өсімдіктің бірі болып саналады. Ол төмен температураны қорықпайды, ол балконда да, лоджияда да өсе береді. Ақжелкенге жасаған күтім аскөкке жасаған күтімнен еш айырмашылығы жоқ. Тұқымды отырғызбас бұрын суға салып қою қажет.

  1. Кресс-салат

Егер көкшөпті тезірек алғыңыз келсе, онда таңдауыңызды кресс-салатқа жасаңыз. Оны өсіретін барлық ережелерді ескеретін болса, онда алғашқы рет өнген уақыттан бастап, екі апта өтер өтпес хош иісті көк шөпті алатын боласыз. Бұл өсімдіктер тұрақты, мол суаруды қажетсінеді. Оны күннің астында ұзақ уақыт қалдырып қоймаңыз, әйтпесе кресс-салат өсуін тоқтатады. Тұқымдарына ылғалды топырақ қажет болады.

№7. Микрокөкшөп

микрозелень на подоконнике

Микрокөкшөп елімізде жаңа түр болып табылады. Батыста оның пайдасы бұрыннан бері мәлім. Тіптен осы өсімдікті өсіретін бірқатар кәсіпорындар да бар. Микрокөкшөпті насыбайгүл, брокколи, бұршақ немесе шалғам сияқты өсімдіктердің тұқымдарынан өсіруге болады.

Екі алғашқы жапырағы шыққан өсімдіктің өскіндері өте көп мөлшерде пайдалы элементтерден тұрады. Бұл нағыз байытылған витаминдік кешен. Бізде бұл өнімді сатып алу қиынға келтіреді, сондықтан оны өздігінен өсірген дұрыс болады.

Микрокөкшөпті өсіру аса қиын шаруа емес! Ешбір қиындықсыз өсіруге мүмкіндік беретін арнайы өсіргіш құралдарын сатып алуға болады жылдың кез келген маусымында тұқымдарын отырғызуға болады, оған деген топырақ қажет болмайды. Алынған өнім пайдалы болып қана қойма, сонымен қатар экологиялық таза болады.

Өсірушіні және микрокөк шөп тұқымын мына сілтеме бойынша сатып алуға болады.

Қорытынды жасай отырып, шағын бақша күнделікті учаскеге керемет балама бола алатынын байқауға болады. Пәтеріңізде отырып-ақ, жаздың бір көрінісін жыл бойы тамашалай алатын боласыз!

Эксперимент жасаңыз, талпыныңыз, сіздің қолыңыздан барлығы келеді!

Опубликовано: 14 окт 2020
Просмотров: 5099
(Голосов: 2014, Рейтинг: 4.7)
Оставить отзыв
Оценка
Добавить один или несколько файлов
    Рекомендованные товары
    по популярности
    • по цене: по убыванию
    • по цене: по возрастанию
    • по популярности
    • по новизне
    • по названию
    Все серии
    • Все серии
    • Жеміс-жидек тұқымы
    • Микрозелень
    • Распродажа семян
    • Семена пряных культур
    • Терезе алдынан өнім және тұқым
    • Тұқымдар 2021
    Акция
    Базилик Гвоздичный Гавриш изображение 1
    0 отзывов
    Базилик Гвоздичный Гавриш
    Кол-во в упаковке: 0.1 г
    150 тг 250 тг
    Купить