Помощь
Беккер использует cookie-файлы, чтобы улучшить ваше впечатление от покупок на нашем сайте. Если вы продолжите пользоваться нашими услугами, мы будем считать, что вы согласны с использованием cookie-файлов.
қабылдау

Тапсырыстарды қабылдау

8 (800) 080-23-33

Консалтинг бөлімі

8 (800) 080-43-33

Шампиньондарды үй жағдайларында өсіру

Шампиньондарды үй жағдайларында өсіру

Үйінде саңырауқұлақтарды өсіру жайында ойланғандардың барлығы бір дилеммаға тап болған - таңдауын қандай нақты саңырауқұлаққа тоқтатса болады? Әрине, қазіргі таңда олардың түрлері өте көп және таңдауға тұрарлық. Үйінде шампиньон сияқты саңырауқұлақты өсіру  - оңай іңс емес және көп еңбекті қажет етеді, оны өсірген, мысалы вешенкадан қиынырақ, бірақ еңбегіңіздің жемісі де сәйкес болмақ. 

Шампиньондарды өсіру үшін субстратты дайындау

Осы саңырауқұлақтарды қарқынды әдіспен өсіруге арналған жайдағы ауаның ылғалдылығы қажетті деңгейде болып, өзі бірталай салқын болу қажеттігін бірден айтып кету қажет. Шампиньондарды өсіру үшін ең тамаша шешім болып жертөле, немесе ұра табылады. Тұрақты микроклиматты қамтамасыз ету - негізгі шарт және бұл талапты орындамау түзетілмес нәтижеге әкеп соғып, барлық еңбегіңізді зая етуі мүмкін.

Шампиньондарды үйде өсірудің ең қиын және еңбекті көп қажет ететін кезеңі болып субстратты дайындау саналады. Шампиньондарды Қазақстанда өсірудің сәттілігі қоректік ортаның қаншалықты сапалы таңдалғандығына байланысты болатындықтан, бұл істе қолданыстағы ұсыныстар мен нұсқауларды орындауға барынша қатаң қарау қажет.шампиньоны

Осы мақсаттарда пайдаланылатын субстраттың негізгі құрам бөлігі болып қысқы қарабидайдың немесе бидайдың сабанынан және әдеттегі жылқы көңінен тұратын компост табылады. Бұл жағдайда қатынас 20-25% сабанды және 75-80% көңді құрайтын болады. Жылқы көңі болмаған жағдайда оны сиырдың көңіне алмастыруға болады, құс саңғырығы да жарайды, дегенмен, ол алынатын өнімді елеулі түрде азайтуы мүмкін.

Ең дұрысы, сондай субстратты жұмыс орнын жұмыс барысында тікелей күн көздерінен және жаңбырдан қорғайтын шатыр жауып, таза ауада дайындаған жөн. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда субстратты бір жайдың ішінде де дайындауға болады, ең бастысы, жақсы желдетуді қамтамасыз ету қажет, себебі компостта қолданылатын құрам бөліктер ашу барысында елеулі көлемді ылғал, аммиак және көмір қышқылды газ бөліп шығарады.

Жылқының немесе сиырдың көңін пайдалану жағдайында, құрам бөліктерінің мөлшерінің есебі келесідей болады:

  • 100 кг сабан;
  • 2 кг суперфосфат;
  • 2 кг несепнәр;
  • 5 кг бор;
  • 7 кг гипс.

Ал егер көңнің орнына құс саңғырығын пайдалануды жоспарлап отырсаңыз, 100 кг сабанға 100 кг құс саңғырығын, гипс және шамамен 250 литр су алу қажет, ал бор мен суперфосфатты бұл жағдайда алебастрмен алмастыру қажет.

Барлық қажетті құрам бөліктер дайын болып, жақсылап араластырылып, нәтижесінде үйінді ішіндегі субстрат температурасы шашамен үшінші тәулікте 70° дейін жететін ферментация басталады. Ферментацияға барынша қолайлы жағдай туу үшін құралған үйінді биіктігі кем дегенде бір жарым метр және ені шамаммен бір - бір жарым метр болуы тиіс. Ең көп дегенде 22 күннен кейін компост толықтай дайын болады.

Субстратты шампиньон мицелийімен инокуляциялау

Бұл істегі ең маңызды мәселелердің бірі болып шампиньон тұқымдарын (мицелийін) алатын жер табылады. Шампиньонды өз күшіңізбен үйде өсіру үшін тек өте сапалы және толықтай залалсыздандырылған мицелий, яғни соған маманданатын зертханаларда өсірілген саңырауқұлақ жіпшумағы қажет етіледі. Қазіргі таңда мицелий компост және дән түрінде шығарылады. Алматы мен Астанада шампиньон тұқымдарына пошта арқылы тапсырыс беруге болады.

Инокуляция процессінің алдында қолда бар субстраттың пастеризациясын немесе термоөңдеуін орындау қажет. Субстрат дұрыс дайындалған жағдайда ол қолмен аздап басқанда серпімді болып тұрады. Өңдегеннен кейін субстратты 25°С температурасына дейін суытып, соған арналған жәшіктерге салу қажет. 1 м² ауданға шамаммен 500 грамм компостты мицелий және 100 кг субстрат қажет етіледі.

Инокуляцияның өзі өте оңай - субстратты қазықпен көтеріп, пайда болған шағын ойыққа бір уыс дәнді мицелий, немесе, ол компостты болған жағдайда - оның шамамен бір жұмыртқадай бөлігін салып қою қажет. Оңайлық үшін ойықтарды шахматты тәртіпте жасаған жөн, мицелийді компостқа шамамен 5 сантиметр тереңдікке салу қажет.

выращивание шампиньонов

Инкубация кезеңі барысында жай ішіндегі ауаның ылғалдылық деңгейі 70% төмен түспеуі өте маңызды. Субстарттың ішіндегі ылғалдылықты сақтау үшін жәшіктердің өздерін субстратқа немесе мицелийге тимейтіндей абайлап кендір матамен жауып, оған су бүркіп қоюға болады. субстраттың бұл кезеңдегі температурасы 20-27°С деңгейінде болуы тиіс.

Саңырауқұлақ жіпшумағы өсе бастағаннан кейін шамаммен 10-12 күн өткенде субстрат бетіне біркелкі етіп үш-төрт сантиметр қалыңдықта жабын топырақпен жабу қажет, бұл жағдайда топырақтың өзі бор, шымтезек, әк және бақша топырағынан тұруы тиіс. Құрамындағы бөліктер мөлшері өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ шымтезек мөлшері барлығынан көп болуы тиіс, себебі ол жабын топырақтың негізгі элементі болып табылады.

Шампиньондарды жинау

Шампиньондарды үй жағдайында өсіру процессі компостты дайындау мезетінен бастап, алынған өнімді жинау мезетіне дейін ең көп дегенде төрт ай уақытты алады. Шампиньондарды әдетте қиып алмай, ақырындап бұрап алады, саңырауқұлақтың орнында қалған ойықты жабын топырақпен көміп, ұқыптап суарып қою қажет. Саңырауқұлақтарды басы мен сабағын біріктіріп тұратын тартылып тұрған үлдірі жыртылмай тұрған кезде жинайды.

Жеміс беруі 14 аптадан аспайтын мерзімге созылады, кейбір жағдайларда - 8-9. Осы кезең барысында шампиньондардың өнімінің 7 дейін толқынын жинап алуға болады. өнімді килограммға шағып санасақ, бір шаршы метрден алты килограммнан он екі  - он бес килограмм саңырауқұлақты жинап алуға болады, бұл жағдайда бүкіл өнімнің шамамен 70-80% алғашқы үш толқын барысында жиналады.

Беккер интернет дүкені - Қазақстандағы түрлі селекциялық жаңалықтарға ең оңтайлы бағалары және элиталық дақылдардың көшеттері мен баданаларына қатысты ең тиімді акциялық ұсыныстар жасайды. Оған қоса, бүкіл ұсынылған тауарға қатысты кепілдік беріліп, ыңғайлы жеткізу арқасында барлық қалағаныңызды ең қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі бар.

2016-12-20
Пікірлер

 

Давно хочу попробовать вырастить шампиньоны дома. Но до этого был только опыт с вешенкой, точнее, наблюдала, как это делает моя тётя. Как я понимаю, проблема с субстратом, это основа всего. Думаю вот рискнуть, этой зимой попробовать, может и приживутся, весной урожай. Место для тепличных условий уже есть. Осталось заказать мицелий и начать подготовку
Алина, добрый день. Спасибо за отзыв. Будем рады вашему отзыву о результатах. Богатого урожая!

Мария

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-18

Грибы шампиньоны выращивание в домашних условиях совсем не сложное дело и по силам новичкам в этом виде агробизнеса. Однако есть подводные камни, если выращивать шампиньоны дома не только для себя, но и на продажу в массовом масштабе, а не только продавать по знакомым. Ведь там, куда вы захотите сдать на реализацию урожай, с вас потребуют некоторый комплект документов, справок, сертификатов. Еще, скорее всего, понадобится организация юридического лица, со всеми вытекающими последствиями. Так что для себя и родных выращивайте смело, а вот на продажу сто раз подсчитайте, выгодно ли это именно вам будет?
Благодарим вас за полезный комментарий. А вы уже пробовали вырастить шампиньоны дома?

Оксана

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-27

В принципе выращивание грибов дома, это не слишком тяжёлое занятие, здесь конечно больше зависит от подхода к делу, ответственности,и соблюдения всех правил выращивания. Компост конечно должен быть сделан правильно, чтобы грибница могла распространяться.
Галина, спасибо за ваше мнение. Освоить выращивание грибов может каждый - нужно просто неукоснительно соблюдать технологию, тогда и урожай будет хорошим. Надеемся, что у вас все получилось - вы уже посадили мицелий?

Оксана

Компания менеджері «Беккер», 2017-11-30

Сіздің Пікіріңіз үшін рахмет!

Мақалалардан тауар
акция
Хан қозықұйрығы -Goods from the article
Қаптама саны: 60 мл
990 тг
849 тг
уже куплен
Сатып алу
ДРУГИЕ СТАТЬИ

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз!

Маған қоңырау соғыңыз

Өз нөмірізді жазыңыз,
сізбен жақын арада хабарласамыз

Сайтта тіркелу

Тіркеле отырып, Сіз құпиялылық саясатымен және өзіңіздің дербес деректеріңізді өңделуіне келісіміңізді бересіз Бұл туралы толғырақ

Әлеуметтік желілерді қолдана отырып тіркелу

Бұрын тіркелгенсізбе? Жеке кабинетке кіру осында

Жеке кабинетке кіру

Әлеуметтік желі қолданушысы ретінде кіру

Сізде әлі өзіңіздің профильіңіз жоқпа?
Қазір тіркелу

Парольді ұмыттыңыз ба?

Электрондық пошта мекен-жайы
енгізіңіз және біз кіру үшін сізге уақытша құпия сөз жібереміз

Электрондық поштаңызға жіберіледі Пароль

Болуын тексеруге

Өкінішке орай бұл өнім сатылды немесе қазіргі уақытта жоқ.
Сіз электрондық поштаны қалдырсаныз, оның сатылымда пайда болғаның хабарлаймыз.

Сіздің тапсырыс қосылды!

Вы уже купили акционный товар

Вы успешно подписались

Спасибо, вы уже подписаны на нашу рассылку

В корзине нет добавленных товаров

Жоқ қосылды тауарлар "bekker"

Только зарегистрированные пользователи могут добавлять товары в "bekker"

Товар добавлен в "Ваш сад"

Нет добавленных статей

Статья успешно добавлена!