Альстромерия – көпжылдық шөпті өсімдік, тамырсабақты және түйнекті тұқымдасына жатады. Тегі Оңтүстік Америкадан. Бүгінгі таңда жаппай таралған.
Гүлдің мәні
Альстромерия гүлдері кішентай лалагүліне ұқсас. Сабағында диаметрі 5 см болатын 15-ке дейін қауызы пайда болады. Кесілген гүлдің 2 аптаға дейін тұра алатындығына байланысты, ол көбіне сол мақсаттарда өсіріледі, алайда бақшада сәндік өсімдік ретінде де жақсы келеді. Гүлдер тілінде альстромерия сыйлаушыдан жалықтырмайтын қошеметі дегенді білдіреді және достықтың гүлі болып табылады. Сонымен қатар, өркендеу мен сәттілікті білдіреді.
Альстромерияны отырғызу
Контейнерлік немесе жылыжайда өсіруде қыстық отырғызу рұқсат етіледі. Ашық топыраққа гүл көктемде немесе кеш күзде отырғызылады. Ескеріңіз, бақшы өсімдігі ретінде альстромерия тек жұмсақ климатта ғана өседі, ол топырақтың тек сәл ғана тоңазытуын жол береді.
Дақылды 30 см қашықтықта отырғызады. Отырғызу шұңқырының түбіне (тереңдігі 20-25 см) компост жіберуге болады. Құмды немесе дренажы бар сақ балшықты,реакциясы 5,5-7 рН болатын топырақты таңдаған жөн.
Гүл апта сайынғы суғаруды талап етеді. Дақылдарды кешенді минералды тыңайтқыштармен көктемде және жазда тыңайту керек.
Қайта отырғызғаннан кейін альстромерия, әдетте, гүлдемейді. Гүл жаңа түйнектерді өскін залалына қалыптастырған және топырақ қатты жылыған кезде гүлдену тоқтайды. Тиімді жағдайда гүлдену шілде мен қазан айларында болады. Гүлдену кезінде иісі болмайды. Өсімдікке жинақы келбет келтірң үшін гүлденгеннен соң өскіндерді қырқу керек.
Альстромерия сұрыптары
Бүгінгі таңда гүлдің 200-дей сұрыптары бар. Оның ішінде ең кең таралғандары:
1. Пассион Альстрометриясы. Ақ-ақшыл күлгін түсті гүлдері бар, биіктігі 30 см жететін бұтақ бүкіл жаз бойы гүлдейді. Күтімде күй талғамайды. Кесілу күйінде 2 аптаға дейін тұрады.
2. Алисия. Екі түсмті жапырақтарымен ерекшеленеді: алқызыл және ақ түсті.
3. Лемон. Өте тиімді сұрып, қанық лимон түсімен боялған, жасыл реңкі бар.
4. Перуан аруы. Суыққа, айтарлықтай, төзімді сұрып. Қыста ашық топырақта жабын астында өседі.
5. Гранада. Бұл сұрыпты алқызыл түсті ірі қауыздары ерекшелендіреді.
6. Тотықұс лалагүлі. Тез өсетін сұрыптарға жатады.
7. Космо. Ірі гүлділерге жатады, тек аппақ түсімен ерекшеленеді.
8. Оранж Куин. Нәзік өрік түсті, қара секпілді жапырақтары бар сұрыптардың ішіндегі ең әйгілісі.
Өзіндік, бірегей гүл шоғын «Беккер» дүкенімен бірге өсіріп, құрастырыңыз!