Күзгі дұрыс отырғызу – әсем көктемгі жүйек
Гүлдердің алуан түрінің ішінде отырғызу материалының арқасында баданалы өсімдіктердің төбесі бір бөлек. Гиацинттердің, крокустердің, қызғалдақтардың немесе ранункулюстердің ерекше күй таңдағыштығына қарамастан, гүлбаптардың көбі үшін бұлардан әсем гүл жоқ. Баданалы өсімдіктерді өсіру барысындағы ауыр еңбекті қалай жеңілдетсе болады? Ол үшін келесі бірнеше шартты орындаған жөн
- Сапалы отырғызу материалын сатып алыңыз;
- Қазақстанның ауа райына бейімделген өсімдіктердің таңдаулы сұрыптарын таңдаңыз.
«Беккер» Интернет-дүкені осы шарттардың барлығының орындалуын қамтамасыз етеді. Соңғысына тоқталсақ, дүкен еліміздің мың құбылған ауа райында өсіп, гүлдейтін тек таңдаулы сұрыптарды жеткізуге қызығушылық танытуда. Осылайша, 12 жыл бойы жиналған абырой, жемісті еңбек бұрынғыдан да берік болмақ.
Баданалы өсімдіктердің сапасын қарап бағалау
«Беккер» дүкенінде бүкіл отырғызу материалы тек ең жоғары сапалы. Өзіңіз көз жеткізіңіз. Жөнелтпені алғаннан кейін баданаларды бір қарап шығыңыз. Олар:
- тірі әрі шымыр, солу нышандарысыз;
- едәуір тығыз, жұмсарған немесе шіріген жерлері жоқ;
- түбі құрғақ әрі тығыз;
- көгереген иісі жоқ.
Осы белгілердің барлығы бадана сау және жақсы өсетіндігінің дәлелі болып табылады.
Ассортимент ерекшеліктері туралы бір ауыз сөз
Сізді сайтта ұсынылған дақылдардың сұрыптары мен түрлерінің кең талғамы қуантатыны сөзсіз. Ерекше назарды керемет ұсыныстарға бөліңіз. Жинақты сатып ала отырып, сіз гүлзарды бірден безендіріп, гүлдердің сұрыптары мен түстерінің тамаша үйлесімі оны теңдессіз етеді. Оған қоса, керемет ұсыныстар шығындарды 20% дейін қысқарту мүмкіндігін беретіндіктен, елеулі қаражатты да үнемдеп қаласыз!
Отырғызу мерзімдері
Баданалы өсімдіктердің гүлдерін көктемде де, күзде де отырғызуға болады. Бірақ қызғалдақтар, крокустар, фрезиялар мен анемоналарды күзде отырғызған дұрысырақ, сонда олар гүлдеу мезетіне дейін ылғалға молынан қалып, көктемде жылдам әрі жаппай бой көтереді.
Баданалы өсімдіктерді отырғызу ерекшеліктері
Баданалы өсімдіктер бір бірлеп немесе топтастырып, шашыраңқы немесе қатарлап отырғызылады. Оның барлығы қандай әсерге қол жеткізгіңіз келетіндігіне байланысты. Көгалдың жасыл желектеріне алқызыл немесе сары қызғалдақтардың шоқтары ерекше көрік береді, бірақ егер сіз оны мамырдан ерте қырықпасаңыз.
Топтық отырғызуларды әдетте ассиметриялы етеді. Қатарлап жол жиектерін көріктендіру үшін отырғызылады.
Ұсақ баданалы өсімдіктер, мысалы, крокустарды тас төмпешіктің өзіне отырғыза беруге болады.
Өсімдіктерді гүлі қайтқаннан кейін олардың көріксіз бөліктері көп жылдық немесе кешірек гүлдейтін бір жылдық өсімдіктердің тасасында қалатындай отырғызуға тырысыңыз.
«Беккер» дүкені ұсынған сапалы баданалы өсімдіктер
- «Беккер» гүлдердің баданаларын Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізіп береді.
- Дұрыс өсіріліп, тамаша гүлдеуі үшін сайтта әр гүл бойынша негізгі ақпарат берілген.
- Гүлдердің баданаларын сақтау әр өсімдіктің талаптарын қатаң орындай отырып жүзеге асырылады.
- Бүкіл отырғызу материалы мемлекеттік стандарттарға сәйкес.
- Баданалар тасымалдау барысында зақымданған жағдайда сіз кепілді түрде басқа тауар немесе ақшасын қайтарып аласыз.
- «Беккер» дүкенінен сатып алып, сіз өзіңізді кез келген қаржылық тәуекелдерден қорғайсыз, себебі төлем тауар поштаға жеткізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Баданалы өсімдіктердің гүлдерін «Беккер» дүкенінен сатып алуға асығыңыз, сонда гүлзарыңыз жаңа жарқын түстермен ажарлана түседі!