Бұл сорт мол өнім беретін және инесіздерге жатады.Жидектері дөңгелек пішінді,қара түсті,ұшталған,тығыз,қара бүлдіргенге тән хош иісті және дәмді,салмағы 5 грамм шамасында.Бұталары шағын,сабақтары қықа,инелері болмайды.Бұтасының биіктігі 1,5-1,8 метр.Лох-Несс қара бүлдіргенінің бұтасы бекімесіз өсе алады.Тамыз айының ортасынан өнім жинауға болады.
Сипаттамасы
Жоғары дәмдік және өсу қасиеттеріне байланысты Лох-Несс қара бүлдіргені Британ бағбан қоғамының марапатына ие.Сорт көптеген ауруларға төзімді.Өнім беруі өте жоғары,бір бұтадан 15 кг дейін өнім.
Сорт артықшылықтары
- Қара бүлдіргеннің құрамында көптеген пайдалы заттар мол-оны нағыз бақша емшісі деп те санауға болады.
- Жидектері кез-келген түрде жақсы-жаңа піскен күйінде,қайнатпада,шырында
- Мол өнімділігі-бір бұтадан бір шелектен артық жидек жинауға болады.