Тәтті, еліктіретін хош иісі болатындықтан, гүлдеу уақыты кезінде гүлбақты баурап әкететіндіктен көбі фрезияны кап інжугүлі деп атайды. Қауыз жара отырып, нәзік, әдемі, ашық түсті гүлдер баршаның көңілін өзіне тартады және оған қайта –қайта қарай бергің келіп тұрады. Бұл өсімдік біздің ендіктердегі гүлбақша мен гүлбақтарда енді ғана қоныстана бастады, бірақ бір кездерде осы өсімдікті отырғызған адам, оны мәңгі бақи жақсы көріп кетеді.
Сипаттамасы
Ұзын,белдік пішінді жапырақтары бар аласа (50 см дейін) бұталар. Қауыздар ұзартылған гүлсидамда түзіледі, тіптен бір сабақта бірден 8-10 гүлден бола алады. Күлтелер бояуы әр түрлі және көк, қызыл, көкшіл, қызғылт және сары түстерден ала-құла қоспа аса әсерлі көрінеді. Күлтелері нәзік, күлдері түтік тәрізді, Қиюға және әдемі гүл шоғын жасауға жарамды.
Күтім жасау және өсіру
Бадананы өсіру кезеңі наурыз-сәуір айларында, шым тезекті топырағы бар стақанда болады. Ауа-райы жылынғаннан кейін көшеттерді салқын, жақсы құрғатылған жердегі топыраққа отырғызады. Мүмкіндігінше шыжып тұрған күннің көзі күйдірмейтін жерде шамалы көлеңкесі бар учаскені таңдау қажет. Гүлдеуі тамыз айында басталады және қазан айына дейін жалғаса алады. Қыста түйнек қазылып алынады да, кептіріліп, құрғақ, салқын жерлерде картон қораптарда сақталады.
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.