Алтын патшайым сорты.Бұтасы биік,ірі жидектерінің дәмі тілүйірер.Жемістері толық балға тамған тәрізді көрініп,шыныдай сәуленеді.Жеміс беру маусымында бұтасы жаңа жылдық шырша тәрізді болып көрінеді.Өнім беруі мол,дәмі керемет,хош иісі қайнатпалар мен джем жасауда да сақталып қалады.
Сорт сипаттамасы
Бойы екі метрдей болатын биік өсімдік.Бұтасы жайқалып,көпсабақты болып өседі.Жидектері ірі салмағы 6 грамға дейін.Түсі сары.Дәмі тәтті таңқурайлы.Сорттың қолданылуы кең-әмбебап,жидектері десерттік тағамдармен қатар,конфитюрлерге шикізат ретінде де қолданылады.
Сорт артықшылықтары
- Қауіпсіздігі-бұл сортты кішкентай балдармен қатар аллергиктерге де жеуге болады.
- Татымды дәмі.
- Мол өнім беруі-бір бұтадан 6 кг дейін өнім жинауға болады.