Достарыңыз бен таныстарыңызды таңғалдырғыңыз келсе - үйіңіздің немесе саяжайыңыздың айналасына Дабл Ред аязшөбін отырғызыңыз. Оның қошқыл қызыл гүлдері крокустардан бұрын ерте көктемде қар астынан гүлдей бастайды. Аязшөптің жарқын қанық түстері өмірге деген құлшынысымен таң қалдырады - жігерлі сабақтары қар жабынынан күнге қарай нәзік гүлшанақтарымен жарып өседі. Аязшөптің гүлдеген гүлшанақтары еріп жатқан қар бетіндегі көзтартарлық, әдемі және ерекше отты дақтарға ұқсайды.
Сипаттамасы
Дабл Ред аязшөбі желектерінің отты реңкімен ғана ерекшеленбейді - оның гүлдері аязшөптерде сирек кездесетін гүлдері түкті көпқатпарлы болып келеді.
Қылқан жапырақты өсімдіктер панасы аязшөпи үшін ең қолайлы жер болып табылады. Көлеңкелі жерлерде өте жақсы өседі, сол себепті қарағайлар мен шыршалар астында отырғызғанда өте жақсы өсіп гүлдейді. Аязшөпті жапырақты ағаштар астына отырғызған тиімсіз, себебі гүлдеріне күзде түскен қалың жапырақ қабатын жарып шығу өте қыин.
Аязшөп топырағы шымтезек немесе гумус қосылған сазды болу керек. Аязшөптердің әр түрлі сұрыптарын ерте шығатын баданалы гүлдермен(крокустар, эрантистар) араластырп шалғындарға көптеп отырғызу өте әдемі көрінеді. Сонда түрлі гүлдер бірін бірі ауыстырып отырады.
Артықшылықтары
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.