Рози Клауд Нәркесі - Narcissus тұқымдасының ең жарқын өкілдерінің бірі болып табылады. Алқызыл бұлт - сұрып дәл осылай аударылады. Оның гүлдерін түктілерге бекерден жатқызбаған. Тәжі көптеген толқын тәрізді гүл келтелерінен тұрады.
Рози Клауд гүлденуімен сәуірдің соңында-ақ қуантады. Бұл сирек өсімдікке көңіл аудармау мүмкін емес, себебі ол бірегей.
Рози Клауд Нәркесін отырғызу мен күтімі
- Баданаларын тамыздың соңынан (солтүстік аймақтарда) қарашаның ортасына дейін (оңтүстік аймақтарда) отырғызады.
- Отырғызар алдын екі ай бұрын жерді 30 см тереңдікте қазады.
- Қуысына дренаж салады - ол баданаларды тым қатты ылғалдылықтан сақтайды.
- Қуыс арасындағы қашықтық 12 см болу керек.
- Нәркеске орташа суғару қажет, артық ылғалдылықтың қажеті жоқ.
- Өсімдікті органикамен, көктем уақытында, бір рет қана тыңайтады.
Рози Клауд Нәркесінің артықшылықтары
- Гүл шоқ үшін кесуге жарамды - гүл өзінің алғашқы түрін жоғалтпай вазада жеті күнге дейін тұрады.
- Ерекше, әдемі сыртқы сипаты.
- Сұрып бастаушы бақшыларға жақсы келеді, себебі аса ерекше күтімді қажет етпейді.
«Беккер» онлайн-дүкені Рози Клауд Нәркесінің баданаларын сатып алуды ұсынады - бақшаңызға ғажайып гүлді сыйлаңыз. Баданалардың жақсы жерсінуіне біз кепілдік береміз.