Шабдалы – ерекше, қызылқай-ал қызыл реңге боялған. Қошқыл-қызыл, қоңыр қызыл реңге жемістің барқытты қабығы ғана емес, ішіндегі мәйегі де боялған. Түсінің қанық болғаны соншалық қараңғыда Рубино жемісі қара түс тартып тұрады. Ал күндіз шабдалының ал қызыл дақтары жасыл жапырақтардың арасында сәнді және ерекше тартымды болып көрінеді. Жемістерінің дәмі мінсіз теңгерілген және оны кез келген тағамдық мақсаттарда пайдалануға болады.
Сұрыптың сипаты
Жемісі орташа ерте мерзімде пісетін сұрып. Алғашқы жемістер маусымның аяғында тәтті шырынға толып, кейін ағын-ағынымен піседі. Шабдалының салмағы – орта есеппен 150-180 грамм. Пішіні шар тәріздес, дөп-дөңгелек десе де болады, жемістің ортасынан жемісті тура ортасынан бөліп тұратын ұзыннан сызық өтеді. Сүйегі кедір-бұдыр, ұзынша, егер пісіп тұрса мәйегінен оңай ажырайды. Ересек ағаш 4 метр биіктікке дейін өсуі мүмкін.
Сұрыптың артықшылықтары
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.