Бұл нәзік, түкті гүл келтелері бар гүл алғашқы гүлденуінде жаушымылдық тәрізді, кейін пішіні раушангүлмен ұқсас келеді. Халық ішінде аютабан атанған бұл гүл классикалық гүлдерге бәсекелес бола алады.
Аютабанды кептірілген түйнектерден өсірген жөн. Сырт келбетімен күнге кептірілген сегізаяқ секілді. Суық кезеңде оларды ылғалды жоңқа жертөледе немесе тоңазытқышта сақтау керек.
Өсімдіктерді күнді жерге отырғызуға болғанымен, олар жеңіл көлеңкені де ұнатады. Сәуірдің соңында - мамырдың басында бір-бірінен 10-12 қашықтықта отырғызылады, тереңдігі 6-10 см болады.
Топырақты алдын ала дайындайды. Топырақ жеңіл болуы керек. Бірақ соған қарамастан қарашірік, гумус, ал түбіне дренаж қосады. Жарықшақталған тас, жұмыр тас, сынған кірпіш те жарайды. Отырғызар алдында материалды марганец не өсіру ынталандырушы ертініділеріне салған жөн.
Қызыл аютабан маусымнан қыркүйек айына дейін гүлдйді. Бұталары биік емес, қауыз диаметрлері 4-6 см жетеді. Басқа реңкті аютабандармен тамаша көрінеді.
Баданаларына тапсырысты Беккер интернет-дүкені арқылы бере аласыз - гүлдер сізді жаз бойы қуантады.
Здраствуйте ранункулюс каждый годнадо выкапать и.посадить или только один раз
Гульзада, добрый день. Ранункулюсы могут зимовать в открытом грунте в регионах, где температура зимой не опускается ниже -29С. На зиму укрывайте листвой или лапником.
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.