Сүмбіл - нәзіктіктің, махаббат пен оянатын табиғаттың гүлі. Ежелгі Грецияда ол жайлы түрлі аңыз айтылатын, ақындар өз өлеңдерін арнап, бұл гүлді әйел сұлулығына теңеген.
Сүмбілдер ландшафт дизайнында бүкіл әлем бойынша кең таралған. Алғашында нәзік, эстетикалы болып көрінетін сүмбілдің гүл қауызы әрбір адамның жүрегін бірден-ақ жаулап алады.
Сүмбілді отырғызу
- Отырғызу қыркүйектен қарашаға дейін ұсынылады. Алайда күздің бірінші бөлігінде-ақ отырғызған жөн.
- Отырғызар алдында топырақ алдын ала ылғалдандырылып, тыңайтылады.
- Егер топырақтың қышқылдығы жоғары болса, күл көмегімен нейтралдау қажет.
- Баданалар диаметрінің 2-3 еселенген тереңдіктегі қуысына отырғызылады.
- Қысқа жабындау қажет.
Сүмбіл жиынтығын сатып алудың артықшылықтары
«Беккер» интернет-дүкенінің мамандары 14 баданадан тұратын нәзік алқызыл және көгілдір түсті сүмбіл баданаларын жинақтап дайындаған, олар бір-бірінің арасында тамаша көрінеді. Біздің ұсыныс - ең ықтимлды таңдау мен тиімді баға кепілі.
- Баданалар топтап отырғызуға жарамды.
- Қаражат үнемділігі - баданаларды жекелеп сатып алудан жиынтықты алған әлдеқайда тиімді.
- Өсімдік мол гүлденуімен ерекшеленеді.
- Сүмбілді тек ашық топыраққа ғана емес, кашпо, үй қыш құмыраларына, қыста көктету үшін де отырғызады.