Little Girl (кішкентай қыз, англ.) атауы өзі-ақ айтып тұр - бұл өте нәзік және көркем қызғалдақ. Балғын және әсем көрінеді, айналадағылардың көзін бірден жаулап алады. Сұрып қолайсыз жағдайларға тұрақты, күтімді қажет етпейді. Ақсары-алқызыл гүлденуі гүлбақ пен шоқгүлдерін қосымша әшекейлеуде қолданылады. Қыш құмыра мен контейнерлерде өсіруге келеді.
Өсу жылдамдығы орташа, биіктігі 18-20 см жетеді. Дұрыс пішінді қауыздары 6-8 см болады, сәуір айында гүлдейді.
Өсімдік өзін жақсы жарықтанған және жартылай көлеңкеде жақсы сезінеді. Басыт ерекшелігі - көпгүлділігі мен мамықтай жарқын гүлдеуі.
Отырғызу үшін күздің кез келген айы келеді. Бадананы оның үш еселенген тереңдігіне отырғызады, бадана арсындағы қашықтық 10-20 см болуы керек. Отырғызу жерін 4-5 жылда бір рет ауыстырады. Сонымен қатар баданаларды жыл сайын қарау, жарамсызын шығару және бөлу үшін қазып алып отырады.
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.