Баған пішінді, шағын алмұрт ағашының ерте пісетін сұрпы. Ағаш небәрі 40 сантиметр ауданды алады және өскен сайын оның бүкіл діңгегі шырынды, қызғылт жемістермен жабылады дерлік. Сұрып қылтималарда, террасаларда және лоджияларда, сондай-ақ, жеміс ағаштары үшін орны мүлдем аз учаскелерде өсіру үшін керемет түрде сай келеді.
Сипаттамасы
Биіктігін кеспей 2,5 метрге дейін жететін биік бойлы, шағын ағаш. Сұрыпта азықтық құндылығынан басқа, жоғары декоративтік құндылығы да бар, себебігүлдейтін және жеміс беретін өсімдік өте сәнді көрінеді және кез келген бақты немесе қылтиманы безендіре алады. Жемістері өте ірі, сарғыштау-қызыл. Мәйегі шырынды, нәзік, хош иісті. Анық білінетін шарап дәм татымы және тән алмұрт хош иісі бар.
Баған пішінді алмұрт ағашын өсіру
Баған пішінді ағаштар үшін тығыз отырғызу 1 Х 0,4 метр схемасы бойынша барынша оңтайлы. Мұндағы 1 метр – бұл қатарлар арасындағы, ал 0,4 көшеттердің өздері арасындағы қашықтық. Шұңқырлар, 0,8 метрден кем емес терең қылып қазылады және түбіне тең үлестермен құммен араластырылған борсып кеткен қи немесе қарашірік міндетті түрде салынады. Отырғызған соң бұтақтарды мол суару қажет және кейіннен бұны жүйелі түрде жасау керек. Кесуді бұтақтар өскен сайын жүзеге асырады. 5 – 6 ең күшті және мықты бұтақтарды қалдыруға болады, ал қалғандарынан аяусыз құтылуқажет. Бірінші түйіндер отырғызған соң келесі жылы шығады, бірақ ағаштың қалыпты дамуы үшін оларды алып тастау қажет. Қалыпты жеміс беру көшеттер тамыр жібергеннен кейін екінші жылы басталады.
Получил саженец, состояние отличное, надеюсь приживется хорошо, спасибо Вам
Павел, добрый день. Спасибо за сотрудничество и отзыв. Желаем богатого урожая!
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.