«Дюшес жазғы» алмұрты – жалпақ пирамидалы, қалың жапырақты сұлбасы болатын орташа бойлы ағаш. Сабағы мен қаңқалы бұтақтарының қабығы тегіс, түсі – сұр. Өркендері тік, доғал тәріздес, қалың, ашық сары бүрлері көп. Жемісі орташа немесе үлкен, салмағы 180 г дейін жетеді, пішін ұзынша алмұрт пішінді, үсті тегіс емес. Жемісінің қабығы жұқа, ашық жасыл түсті. «Дюшес жазғы» сұрыбының дәмінің сапасы тамаша, ең жақсы десерттік сұрыптардың бірі болып табылады. Жемісті жеуге де, одан компот қайнатуға да болады, консервацияларға, десерттерге де қосуға болады. Кептіріп қақ жасауға да болады. Бір ағаштан 230-250 кг жеміс жинауға болады.
Жарық түсу
Алмұрт ағашы жарықты ұнатады, сол себепті оны күн түсетін жерге отырғызу қажет. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда ағаштар дұрыс жетілмейді. Алмұрттың жарықты көбірек қажетсінуі сұлбасының алма ағашпен салыстырғанда сиректеу болуында, азырақ бұтақтануында және қабатталуының айқын көріністі болуында.
Суару
Алмұрт ылғалды талап етеді. Мұндай талап әсіресе, тамыр жүйесі әлі дұрыс қалыптаспаған жас кезінде болады. егер алмұрт ағашы суарылмай нашар дайындалған топыраққа отырғызылса, алғашқы 2÷3 жылда ол нашар дамып, алғашқы жылдары бойы алма ағаштармен салыстырғанда біршама аласа болады. Тек уақыт өте келе ғана алмұрт топыраққа тереңделіп, тиісті ылғалды төменгі қабаттардан алып отыру мүмкіндігіне ие болады. Сол үшін де ол топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғал тапшылығын оңайлау еңсереді. Алайда егер вегетация басталған кезде ылғал жеткіліксіз болса, ағаштың өсуі күрт тоқтап, түйіндердің бәрі құлап қалады. Вегетациялау кезеңінің екінші жартысында жемістер майдаланып, уақытынан бұрын пісе бастайды.
Топырақ.
Тамыр жүйесінің жоғары бейімділігінің арқасында алмұрт әртүрлі топырықтарда өсе береді. Бастысы, тамыр тереңге таралу үшін топырақтың өткізгіштігі айтарлықтай жақсы болу керек. Мұнымен қоса, алмұрт топырақ сапасына да талаптар қояды. Алмұрт кейбір топырақта (қара топырақ, талшын аллювиальді) жақсы өссе, кейбірінде нашар (құмды, шағылтас және мүлдем жеңіл топырақ, әсіресе егер дымқыл және суық болса) өседі. Сор, тұзды, батпақты топырақ жарамсыз болып келеді. Механикалық құрамы жағынан топырақтың асты жеңіл саздақ болғаны жақсы. Алмұрт жақсы өсу үшін лайықты климаттық және топырақ жағдайлар қажет.
Күтім.
Алмұрт отырғызу және оған күтім жасау ұстанымдары алма ағашты отырғызу және күту ұстанымдарынан өзгешеленбейді. Жер жеткіліксіз болған жағдайда ішіне органика мен күл төгілген бір шұңқырға екі ағаш отырғызуға болады. Алайда мұндай кезде екі ағаштың да ішкі бұтақтарын жақсылап кесу керек, яғни ортақ сұлба жасау қажет. Жартылай себінділер сияқты биік сүңгек жасау қарсы көрсетілген. Астыңғы қаңқалы бұталарды кеспей, тек қысқартып отыру қажет. Ағаштың қабығы пен қаңқалы бұталар күймеу үшін күздің аяғында әктеп қойған жөн. Ал оның борсуымен күресу үшін сүңгектегі қарды таптап тастау немесе ерте көктемде ағаштан жұлып тастап, рубероидтан немесе металдан сүңгектің айналасына қуыс құбыр жасау (қар жоқ) кеңес беріледі. Топырақ қату үшін және жердің үстіңгі қабаты борсымау үшін металл құбырды 10÷15см тереңдікке бастырған жөн. Бұған қоса, көшетті үрленетін жерлер мен қолдан жасалған үйінділерге отырғызу да өзін ақтады.
Алмұрттың барлық сұрыптары дерлік өздігінен тозаңданбайды. Сол үшін қалыпты тозаңдану үшін бақшада алмұрттың кем деген екі сұрыбы болу тиіс. Бірнеше сұрыптардың сұлбасына екпе егу де жақсы нәтиже көрсетті. Діңгектердің қалыңдығы әртүрлі болғандықтан 3÷5 жылдан соң сұлба сынып түсіп қалатындықтан ирга және арония алмұрттарына салынатын екпелердің күші ұзаққа сақталмайды.
Здравствуйте, ответьте, пожалуйста для опыления этой груши Голден Делишес подойдёт?
Добрый день.
Оптимальными опылителями будет: Груша Августинка и Груша Чижовская.
Получила саженец.Очень хороший ,я в восторге,упакован аккуратно,все замечательно.Спасибо Беккер!!! А теперь вопрос: надо подрезать саженец при посадке осенней , на одну треть??? Я 11 сентября высадила???
Елена, добрый день. Спасибо, что выбрали наш магазин. Да, нужно, первая обрезка груши делается сразу после посадки саженца (двухгодичного). Желаем отличной зимовки!
Если сажать несколько деревьев груши дюшес, есть ли необходимость в посадки других сортов для опыления
Жанат, добрый день. Груша Дюшес летний самобесплодная, не опыляется своей пыльцой. Поэтому для опыления нужен другой сорт с таким же периодом цветения. Подойдет, например, груша Скороспелка.
Я не первый год заказываю семена и саженцы. Очень нравится сайт - все подробно написано, когда сажать, как ухаживать, что очень удобно. Саженцы груши дюшес посадила в этом году, пришли быстро (5 дней). Упаковано аккуратно, все в целости. Нареканий нет
Пожалуйста, учитывайте, что при наложенном платеже к сумме заказа прибавится почтовый сбор и комиссия за пересылку наложенного платежа в адрес нашей компании.